«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу


Қазақ тілі пәні бойынша түсінік хат



бет29/101
Дата10.11.2023
өлшемі1 Mb.
#190924
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101
Байланысты:
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары-1

Қазақ тілі пәні бойынша түсінік хат

«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.


Қазақ тілі пәніндеқазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.
Пәнді оқытудың мақсатыоқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Әдістемелік ұсыныс 2-4сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша бақылау жұмыстарын, шығарма, мазмұндама жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Көмекші құралдағы тапсырмалар оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыруға жетілдіреді.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері:


-дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
-тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
-сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
-алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
-тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық -ойлауы мен тілін дамыту;
-оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
-диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
-өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;
-оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;
-қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет