-септік түрлерін сұрақтарын, жалғауларын анықтай біледі;
1
Диктант № 6 Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.
Кішкентай жігіт Кішкентай Жәнібек үлкендерге еліктеп сөйлегенді қызық көретін. Бірде ауылдан бейтаныс ағай бұлардың үйіне қыдырып келе қалды. Жәнібектің әке-шешесі жік-жапар. Ағайдың көзі томпиған Жәнібекке түсті. Оның басынан сипап, қораптағы кәмпитті қолына ұстатты да, төрге өтті. Жәнібектің шкафта сақтап жүретін фотосурет альбомы бар еді. Ол тезірек шкафтан соны алды да, ағайдың жанына келді. Қонақ та оған көңіл бөліп, сөзге тартты. Жәнібек ағайға өзінің жаттаған өлеңі мен ертегісін айтып, екеуі мәре-сәре болды.
(69 сөз)
Грамматикалық тапсырма
Тапсырмалар
Дескрипторлар
Балл
1.Мәтіндегі соңғы сөйлемнен бірыңғай мүшені тауып, астын сыз.
- сөйлем мүшелеріне талдай отырып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады;
-бірыңғай мүшелерді біледі, ажырата алады, сөйлемнен таба алады;
1
2.Күрделі сөздерді теріп жаз.
-күрделі сөздердің қалай жасалатынын біледі.
1
3.Мәтіндегі бірінші сөйлемнен сөз тіркестерін теріп жаз.
-сөз бен сөйлемді ажырата алады, сөз тіркестерін біледі;