«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет52/93
Дата20.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#192380
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   93
Байланысты:
f60a3fc44a6907

Грамматикалық тапсырма

Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

1.Мәтіндегі соңғы сөйлемнен бірыңғай мүшені тауып, астын сыз.



- сөйлем мүшелеріне талдай отырып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады;
-бірыңғай мүшелерді біледі, ажырата алады, сөйлемнен таба алады;

1

2.Күрделі сөздерді теріп жаз.

-күрделі сөздердің қалай жасалатынын біледі.

1

3.Мәтіндегі бірінші сөйлемнен сөз тіркестерін теріп жаз.

-сөз бен сөйлемді ажырата алады, сөз тіркестерін біледі;

1



Диктант № 7
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.
Қаңтар айында көптеген аң ұзақ ұйқыға беріледі. Ағаштың қуысына кіріп алып, жарғанат та ұйықтайды. Сарышұнақ, атжалман,суыр,қосаяқ сияқтылар өздерінің інін паналайды.Қар үстінде көзге түсе қоймайтын ақ тышқандар жорғалайды.Оларды аңдып жүрген сасықкүзен жем етеді. Балықтар да бұл кезде ұйықтап тұрады. Көксерке балық ұйықтаған күйінде судың ішінде тұрады. Құстар күздігүні жылы жаққа ұшып кеткендіктен,аз болады. Олар қар қалыңдаған кезде жемді ауыл маңынан іздейді.
Ал кейбір аңдар, мысалы, борсық, қоңыр аю, қыстың жылы кезеңдерінде анда-санда ұйқыдан тұрады. 
(78 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет