-септік түрлерін сұрақтарын, жалғауларын анықтай біледі;
1
3.Қарсы мәндес сөздерді тап.
-мәтіннен қарсы мәндес сөздерді таба алады;
1
4.Мәтінге жоспар құр.
-мәтіннің мазмұнын жүйелі түсініп, жоспар құра алады;
1
Диктант № 3 Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.
Бөдене Қыс суық. Ініміз екеуіміз жол жағалап келеміз. Кенет шиқ-шиқ еткен дыбыс естілді. Біз дыбыс шыққан жерге жақындадық. Бұл қанатымен қар сабалаған бөдене екен. Мен оны аяп кеттім. Қойныма тығып,үйге әкелдім. Оң қанаты сыныпты. Оны таңып қойдық. Бөдене күннен-күнге оңала бастады.
Көктемге дейін үйде асырадық. Терезеден сыртқа қыт-қыттап қарай береді. Күн әбден жылынған соң, оны ұшырып жібердік. Бөдене қуанып, бізге алғыс айтып бара жатқандай болды
(68 сөз)