Диктант №4 Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.
Күй атасы Күй атасы – Құрманғазы кедей шаруаның баласы. Ол жасынан ән-күйге әуес болған. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алған еді. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдап отырды. Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.
Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Сан рет түрмеде отырды. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды. Ол азаматшыл оймен күрестен бір сәт бас тартпай өнер күші – домбырасын қару етті.
(67 сөз)