Диктант № 12 Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары
Отан сүйер ұлан бол! Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балғындардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыс азабын мейлінше көрген адаммын.
Қырық жыл қырғында тірі қалған адамдардың бірімін. Мен әскери адаммын. Біздің айбынды әскеріміздің торқалы тойы – мен үшін үлкен де ерекше қуаныш. Бұл әскер Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды.
Балаларыма, немере-шөберелеріме айтатын жалғыз тілегім бар. Отанын сүйетін ұлан болыңдар! Өз Отанына лайықты азамат болып өсіңдер!
(72 сөз)
Грамматикалық тапсырмалар: