«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет59/93
Дата20.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#192380
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   93
Байланысты:
f60a3fc44a6907

Мазмұндама жоспары:
1.Шәріп атайдың балы.
2.Сарайдағы құмырсқаның илеуі.
3.Атайдың айласы.
4.Бір құмырсқаның әрекеті.
5.Шәріп атайдың білместігі.
Қазақ тілі. 4 сынып.
3 Мазмұндама.
Мақсаты: мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын, сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.


Түнгі шайқас
Түн. Қараңғылық қоюлана түскен шақ. Жапалақтап қар жауып тұр. Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан. Жылқылар кенет үріккендей болды. Қасен сескеніп қалды. Мылтығын оқтай салып, жылқының үріккен шетіне қарай шапты. Жеті қасқыр жылысып келе жатыр. Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты. Жағдай қиын, өйткені, қасқыр жетеу, ал Қасеннің оғы үшеу-ақ. Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек? Қасен не де болса бар қаруымен, бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді. Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды. Қалған бесеуі бөлтіріктер екен. Олар қашып кетті. Жылқыларды аман алып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қоюлана түсу, жапалақтап, үйірлі жылқы, түнгі тебінге, арлан бөрі, қалпақтай ұшты.
Мазмұндама жоспары:
1.Қасен қарттың үйірлі жылқыны түнгі тебінге алып шығуы.
2.Жылқының қасқырмен бетпе-бет кездесуі.
3.Қасқырды айламен атуы.
4.Қасқырдың бөлтіріктерінің қашуы.
5.Қасеннің сыйлық алуы.
Қазақ тілі. 4 сынып.
4 Мазмұндама
Мақсаты: мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.


Жолда
Бұзауымды өріске айдап тастап, үйге қайтып келе жаттым. Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көріп, тұра алмадым. Ол жан сауғалап шөптің арасына кіріп кетті. Аяғымды дыбыссыз басып барып қарасам, жапырақтың арасында бұғып, көзін жылтитып, бүрісіп жатыр. Бұл – менен жасырынған түрі. Шыбын жанын қоярға жер таба алмай, дір-дір етіп, ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті. Таптап тастамақ болып кете берген аяғымды тартып алдым да, бұрылып жүре бердім. Кетіп бара жатып артыма қарасам, тышқанның баласы да жасырынған жерден шығып, әрі қарай жорғалап барады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет