Грамматикалық тапсырма:
Диктант №11
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары
Шахтада
Менің шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Көкем сыйлаған фонарымды алдым да, шахтаға тарттым. Өйткені шахта жер астында. Ал жер астында күн болмайтынын көкем айтқан. Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай жүгіріп барды да, тордың есігін жапты. Міне, қызық! Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті.
(78 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
Достарыңызбен бөлісу: |