Грамматикалық тапсырма:
Тапсырмалар
|
Дескрипторлар
|
Балл
|
2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда
|
- сөйлем мүшелеріне талдай отырып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады;
-бірыңғай мүшелерді біледі, ажырата алады, сөйлемнен таба алады;
|
1
|
5-ші сөйлемді сызбамен байланыстырып көрсет.
|
- сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысын біледі;
|
1
|
«Табиғат» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
|
-дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата алады, жасалу жолдарын біледі;
|
1
|
Диктант № 9
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары
Құрманғазы Сағырбаев
Құрманғазы Сағырбаев – қазақтың күйші композиторы, халық сазының алыбы. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күреске арналады. Құрманғазы «Алатау», «Сарыарқа», «Адай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Балбырауын», «Кісен ашқан», «Серпер», тағы басқа көптеген күйлер шығарған.
Бұл күйлерінде күйші халықтың арманын, өршіл ойын, қажымас қайрат жігерін, үстемдікке деген ыза-кегін суреттеп берді. Хамит Ерғалиев «Құрманғазы» атты поэма жазды. М.Кенбаев Құрманғазының портреттік бейнесін жасады. Алматыдағы қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі, консерватория, көше, музыка мектебі Құрманғазы есімімен аталады.
(77 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |