І нұсқа
|
ІІ нұсқа
|
ұпай
|
І. Есепті шығар:
Айғаным сіңлісінің туған күнінде оның шашын 32 бұрым, содан соң тағы 24 бұрым етіп өрді. Ол 28 бұрымды гүлдермен, қалғандарын ленталармен әсемдеді. Айғаным неше бұрымды ленталармен әсемдеді?
|
І. Есепті шығар:
Тарақ жасау цехында 56 сопақ пішінді тарақ және 19 тік тарақ жасалды. 42 тарақ дүкендерге сатуға жіберілді. Цехта неше тарақ қалды?
|
2
|
ІІ. Есепті шығар:
Айдана сіңлісінің туған туған күнінде 5 досының әрқайсысымен 3 биден биледі.Айдана достарымен барлығы неше би биледі?
|
ІІ. Есепті шығар:
Нәзира әрқайсысына 5 тастан 15 тасты сандықшаларға салды. Назира тастарды неше сандықшаға салды?
|
3
|
ІІІ. Өрнектердің мәнін тап:
(46+28)-35 4*8+29 6*318:2 9:9 65+17-26 80-4*9
2*10 14:2 15*1
|
ІІІ. Өрнектердің мәндерін тап:
56+18-14 26*6+28 3*8 83-(17+16) 25-3*6 2*4 27:3 4*0 24:3 6:1
|
3
|
ІV. Теңдеулерді шеш:
42-х=6*3 6*х=24
|
ІV. Теңдеулерді шеш:
64 - х=8*4 х:3=10
|
4
|
V.Әрқайсысының ұзындығы 3 см-ден 4 буыны бар сынық сызық сыз. Сынық сызықтың ұзындығын тап.
|
V.Әрқайсысының ұзындығы 4 см-ден 3 буыны бар сынық сызық сыз. Сынық сызықтың ұзындығын тап.
|
4
|
VІ. Ойлан, тап:
Айша, Әсем, Жамал үшеуінің әкелері дәрігер, мұғалім және ұшқыш болып жұмыс істейді. Айша мен Әсем ұшқыштың қыздары емес және Әсем мен мұғалімнің қызы екеуі көрші тұратыны белгілі болса, қыздардың әкелері кім?
|
VІ. Ойлан, тап:
Айша, Әсем, Жамал үшеуінің әкелері дәрігер, мұғалім және ұшқыш болып жұмыс істейді. Айша мен Жамал ұшқыштың қыздары емес және Жамал мен мұғалімнің қызы екеуі көрші тұратыны белгілі болса, қыздардың әкелері кім?
|
5
|