Тіл татулық тірегі Ана тілім,дана тілім,бақ тілім, Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?



Дата06.10.2024
өлшемі18,37 Kb.
#205713
Байланысты:
газетке


Тіл - татулық тірегі
Ана тілім,дана тілім ,бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі,тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге,ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап ,жауапкершілікті сезінеді. Университетімізде Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі күніне арналған мерекелік концерт өткіздік. Мерекелік концертке қазақ, орыс топтарында оқитын бірінші курс студенттері қатысты. Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, алғашқы құттықтау сөзін алған университетіміздің Президенті Омаров Амангелді Жұмағалиұлы Қазақстан халқы тілдерінің мерекесімен құттықтады. Университетімізде жылда өтетін Қазақстан халқы тілдерінің мерекелік күніне арналған мерекелік концерт - әр жыл сайын 1 курс студенттерінің өнерлі екенін көрсете отырып, 1- курс студенттерінің таланттарын ашып, ынталарын оятады. Білім алумен қатар шығармалық өнерге деген, өз бойларындағы дарынды бірге шыңдай түседі. Биыл да өнерлі студенттер тобы аз болмады. Жүргізуші болуға бірнеше студенттің ішінен екі студентті алдық. Бұл университетімізде көшбасшы болуға лайық студенттеріміздің аз емес екендігін көрсетеді. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз. Кезекті жатқа мәнерлеп өлең оқу кезеңі бойынша бірнеше студенттің арасынан орыс тобының студенті Григорьев Алексей ана тілі туралы өлең шумақтарын қазақша жаңылмай жатқа айтып, дүйім жұртты таңғалдырды. Осындай қошеметті көрген студенттердің жанарларынан от жанып, жүздерінен жүрек тебіреністерін байқадық. Жатқа мәнерлеп оқығандар студенттер:
1. Григорьев Алексей - МС- 24р.
2. Ниязбекова Улжан - МО- 24к.
3. Құрман Жұлдыз – МО – 24к.
4. Қасымжомарт Самат – ТД -24к.
Сонымен қатар қазақ, орыс, ағылшын тілінде де тіл туралы баяндамалар оқылды. Қазақ тілінде – Сағатова Алтынай, ағылшын тілінде - Аучанова Медина, орыс тілінде - Закирова Самира, ағылшын тілінде ........ Богдан ТТ-24р тобының студенті оқыды.
Мерекелік концерт барысында студенттеріміз тек білім алу ғана емес, музыкаға , өнерге деген қабілеттерін танытып ән мен жырдан шашу шашып, қыздарымыз мың бұралып қазақ биін шабыттана билесе, ұлдарымыз қазақ күйлерін қазақтың қара домбырасымен жүрек тебіренте күмбірлетіп кеш қонақтарын таң қалдырды.
Әнші қызымыз Оспанова Аяулым мен өзінің қоңыр даусымен Серікұлы Айбек ән айтып, көрермен қауымын тамсандырса, биші қыздарымыз: Шотбай Мөлдір, Тілеулес Жанна, Оспанова Аяулым, Аскарова Дильназ үнді биін шабыттана орындады.
"Қазақ нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра демекші", күмбірлеген күйімен құлақ құрышын қандырып, бойға шабыт сыйлаған Серікұлы Айбектің орындауындағы күйіне тебіренбеген жан қалмады.
Тілсіз бидің құдіреті - шексіз. Би өнері де атадан-балаға жалғасқан ұлт қазынасы. Закирова Самира мен Абдуллаев Камиль ұйғыр биін биледі және де көрермендер 1- курс студенттері «Жастар» тобының хор өнерін тамашалап, актерлік шеберліктерін айтып, алғыстарын жаудырды. Орындаған студенттер: Құсайын Азамат, Серікұлы Айбек, Айнабек Ерасыл, Кошкеев Алихан, Ниязбекова Ұлжан, Құрман Жұлдыз, Жақсыбек Бекжан. Мерекелік концертті Ильяс Рамадан, Нурсултан Мадина жүргізді.
Еліміздің көпұлтты болуына байланысты, бұл мерекені Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері мен ұлыстар атап өтеді. Қазір елімізде жүргізіліп отырған салиқалы тіл саясаты толеранттық тілдік орта қалыптастырудағы маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі болып саналады. Қазақстанда 100-ден асатын ұлтқа Ассамблея жанында тілдерін дамытуға мүмкіндік жасалған. Қорыта келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет