Лекция «Адам қаңқасы»



бет1/3
Дата19.02.2017
өлшемі358,71 Kb.
#10874
түріЛекция
  1   2   3
Модуль №1

Тәнтану 8-сынып

Тірек-қимыл жүйесі (7 сағат)

«Қаңқа» «Бұлшықет»







Сағат саны

Сабақ мазмұны мен түрі

Уақыты

Кіріспе бөлім

1 сабақ

1. модульдің құрылысымен таныстыру.

2. Лекция 1. «Адам қаңқасы»

а) көрнекілік арқылы оқыту

б) тірек сызбаларымен жұмыс

в) негізгі түсінігін ажырату

г) үйге тапсырма беру.



5 мин

35 мин


4 мин

1 мин


Сөйлесу бөлімі

2 сабақ


1. «Бірін-бірі оқыту» рольдік ойыны

2. «Түсінік, терминдер» эстафетасы

3. Қорытындылау



25 мин

17 мин


3 мин


3 сабақ

1. Рольдік ойын сабағы.

2. Қорытындылау.



42 мин

3 мин


Кіріспе бөлім



4 сабақ


Лекция 2. «Бұлшықет».

а) тірек-сызбалар арқылы түсіндіру.

б) қысқаша конспект жазу.

в) негізгі түсінігін ажырату.

г) үйге тапсырма

30 мин


9 мин

5 мин


1 мин


Сөйлесу бөлімі


5 сабақ



1. Бірін-бірі оқыту сабағы (Брейн-ринг)

2. Қорытындылау




42 мин

3 мин



6 сабақ



Сұрақ –жауап ойыны.

Бағалау



42 мин.

3 мин



Қорытындылау бөлімі

7 сабақ

1. Релелік тапсырмалар

2. Тест жұмысы.

3. Қорытындылау


20 мин

20 мин


5 мин

Девиз: «Білім еске сақтау арқылы емес, тек өзіңнің ойлау қабілетіңнің күшімен меңгерілгенде ғана білім бола алады»

Л.Н.Толстой

Оқушылар меңгеруі тиіс:


  1. Тірек-қимыл жүйесінің қызметі.

  2. Адам мен қаңқасының ерекшеліктері

  3. Сүйектің байланысу түрлері.

  4. Адам қаңқасы бөліктері.

  5. Сүйектің құрылысы мен құрамы.

  6. Сүйектің өсуі.

  7. Қаңқа зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем түрлері.

  8. Сүйек аурулары.

  9. Бұлшықеттің қажуы.

  10. Сымбаттың бұзылуы, жалпақтабандылықтың даму себебін айқындау

  11. Бұлшықетті жаттықтыруда дене шынықтырудың маңызы



Мақсаты:
Білімділік:

Тірек-қимыл жүйесінің қызметі, құрылысы, топтары, бөліктерімен таныстыру, түсінігін қалыптастыру.


Дамытушылық:

Оқушылардың ізденушілігін қалыптастыру. Тірек-қимыл жүйесі туралы ой-өрісін кеңейту.


Тәрбиелік:

Білімділікке, алғашқы нәрделі түрлерін көрсете білуге, сымбаттылықты қалыптастыруға, дене еңбегімен шұғылдануға тәрбиелеу.




Қаңқа (220 сүйектен)




Бас сүйегі

Иық белдеуі

Жамбас белдеуі

Тұлға қаңқасы


Ми сауыты

бет сүйегі

бұғана+жауырын

жамбас сүйегі

омыртқа жотасы

(33-34)


төс

Қабырға (24)

Төбе

Самай


Шүйде

маңдай


жақ

танау


таңдай

көз ұясы

кеңсірік алақан толарсақ 5 сегізкөз

тіл асты


тоқпан жілік

кәрі жілік

шынтақ, шыбық

білезік


Алақан

саусақ


ортан жілік

тізе


тобық

асықты жілік

Толарсақ

табан башпай сүйектері садақ сүйек





7 мойын омыртқа

12 арқа


5 бел

5 сегізкөз

4-5 құйымшақ





4 аралық

6 жалған


14 негізгі


Сүйектің химиялық құрамы

Бейорганикалық заттар су органикалық заттар

60% 10% 30%

Мықтылық қасиет иілгіштік, серпімділік



Сүйектің құрылысы:


  1. сүйек қабығы 3. өзекшелер 5. жүйкелер

  2. сүйек жасушасы 4. қан тамыры


Сүйектің өсуі – шеміршек ұлпасы жасушасының бөлінуі арқылы жүреді.

Өсуге әсер етеді:

Гипофиз дәрумендер А, Д

Қалқаншабез кальций, фосфор
Алғашқы көмектер

Сіңірдің созылуы – сүйектерді жалғастырып тұрған буындағы байланыстың зақымдануы. (қар, суық су, мұз басу)
Буынның шығуы – оқыс қимылдан буын сүйектерінің орнынан таюы.

(қозғалмайтын жағдай жасау, шендеуіш салу, орамалмен таңу, суық су, мұз басу, дәрігер)


Сынық

Ашық жабық

(қан тоқтату, шендеуіш салу, емханаға жеткізу)

Буын аурулары – қоректік заттардың алмасуының бұзылуы. (Дене еңбегі, уқалау, ыстық басу, шипалы балшық, сүт, көкөніс тағамдары)



Тірек-қимыл жүйесі


Қаңқа бұлшықет

Атқаратын қызметі: тірек, қорғаныш, қозғалыс.


Сүйек түрлері


Ұзын қысқа жалпақ

Жілік омыртқа бас сүйек

Іші қуыс табан жамбас

қол сүйек қабырға

жауырын

жақ, самай, бет

Сүйек байланысу түрлері





Қозғалмалы қозғалмайтын аз қозғалатын

Қол, аяқ, иық бас, жамбас омыртқа

Кеуде сүйек


Жалғасу
-сүйектің дәнекер және шеміршек арқылы байланысуы;

-сүйектің қозғалмалы байланысы-





Буын қалтасы шеміршекті бөлік сұйықтық қуысы май ұлпасы
Сыртқы ішкі буын
Талшықты сұйықтығы
(дәнекер ұ.) (эпителий ұ.)
2-сабақ

2.1. «Бірін-бірі оқыту» рольдік ойыны

Мақсаты: оқу материалын тиянақты меңгеру, негізгі ұғымдарды ажырата білу. Бірін-бірі тыңдау, бағалау дағдысын қалыптастыру.

Ойын шарты: (түсіндіруге 2 мин)

Әрбір отырған оқушысабақта оқытушы, оқушы ролін кезектесіп орындайды. Ойын 3 кезеңнен тұрады барлық жұп бір мезгілде жұмыс жасайды.



I кезең 5мин.

Оқытушының берген жоспары бойынша дайындалуға 5 мин. Уақыт беріледі

Оқушы §16-18 сүйек сынғанда сіңір созылғанда сіңір созылғанда буын шыққанда көрсетілетін жәрдем.

Оқытушы §17-18 сүйек аурулары



II кезең 9 мин

Оқушылар оқытушыға түсінігін айтады. Жарты оқушы- жауап беруші, жарты оқушы- тыңдаушы ролін орындайды.



III кезең 9 мин

Оқытушылар ролдерін алмастырады. Тыңдаған оқушылар түсінігін айтады, яғни оқушы ролінде ойнайды. Ал оқушылар оқытушы болады.



Қорытынды кезеңі

Оқушылар жауап бағаларына тиісті бағаларын қояды




2.2. «Түсінік, терминдер» эстафетасы.
Мақсаты: «Бірін-бірі оқыту» рольдік ойынындағы меңгерген білімдерін айқындау, логикалық ойлауын қалыптастыру.

Шарты: Оқушыларға 1,2-нұсқада 10 сұрақтан жазылған парақтар үлестіріледі.

17 минутта жауабын жазып болуы тиісті. Оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы жауап парағына бағалайды.

9-10 ұпай – «5»

7-8 ұпай – «4».

5-6 ұпай – «3»

4-3 ұпай – «2»

1-2 ұпай – «1»

Қорытынды бағаны оқытушы қояды. Сабақ соңында оқушылардың бағалары айтылып сабаққа ерекше дайындықпен келіп, жақсы араласқан оқушылар аталады.



сұрақ

Аты-жөні


№1

№2

Қорытынды баға

1













2












1 нұсқа




  1. Тұлға қаңқасының сүйектері

  2. Омыртқаның құрылысы

  3. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы

  4. Сүйек байланысының түрлері

  5. Сәйкес жауабын тап:

А. Сүйектің бір-бірімен дәнекер, шеміршекпен байланысуы.

Б. Сүйектің қозғалмалы байланысы

В. Сүйекті жалғастырып тұрған буындағы байланыстың зақымдануы

Г. Буын сүйектерінің орнынан тайып кетуі

Д. Сүйектің шеміршек ұлпаларының бөлінуі, сүйек ұлпасына айналуы
Жауаптары:


  1. сіңірдің созылуы

  2. буынның шығуы

  3. буын

  4. сүйектің өсуі

  5. жалғасу

6. Сүйектің химиялық құрамы

7. Иық белдеуінің сүйектері

8. Қысқа сүйектер

9. Буын шыққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

10. Сүйек құрылысы

2 нұсқа

1. Жамбас белдеуіне кіретін сүйектер

2. Сүйектің құрылысы

3. Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдемнің түрлері

4. Буын неден тұрады?

5. Сәйкес жауабын тап:

А. Буын сүйектерінің орнынан тайып кетуі

Б. Сүйектің қозғалмалы байланысы

В. Сүйектің шеміршек ұлпаларының бөлінуі, сүйек ұлпасына айналуы

Г. Сүйекті жалғастырып тұрған буындағы байланыстың зақымдануы

Д. Сүйектің бір-бірімен дәнекер, шеміршекпен байланысуы
Жауаптары:

1. буын


2. сүйектің өсуі

3. буынның шығуы

4. жалғасу

5. сіңірдің созылуы

6. Жалпақ сүйектер

7. Бас сүйегінің бөліктері

8. Сүйектің химиялық құрамы

9. Адам қаңқасының жануар қаңқасынан ерекшелігі

10. Жіліктің түрлері

«Түсінік терминдер» эстафетасының жауаптары


1 нұсқа

1.Омыртқа жотасы (33-34)

Мойын омыртқа 7, арқа 12, бел 5, сегіз көз 5, құйымшақ 4-5 омыртқадан тұрады, төс, қабырға (24) аралық қабырға 4, жалған 6, негізгі 14 қабырға.

2. Омыртқа денесі, доғасы, өсінділері, омыртқа өзегі.

3. Тірек, қозғалыс, қорғаныш.

4. Қозғалмалы (қол, аяқ, иық, кеуде)

Қозғалмайтын (бас жамбас)

Аз қозғалатын (омыртқа)

5. А5, Б3, В1, Г2, Д4

6. Бейорганикалық заттар 60%, су 10%, органикалық заттар 30%

7. Бұғана, жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ, шыбық сүйек, білезік, алақан, саусақ.

8. Омыртқа, табан, қол сүйектері

9. Қозғалмайтын жағдай жасау, шендеуіш салу, орамалмен таңу, суық су, мұз басу, дәрігерге көрсету.

10. Сүйек қабығы, сүйек жасушасы, өзекшелер, қан тамырын, жүйкелер.

2 нұсқа
1.Жамбас сүйегі, ортан жілік, тізе, асықты жілік, садақ сүйек, тобық, толарсақ, табан, башпай сүйектері

2. Сүйек қабығы, сүйек жасушасы, өзекшелер, қан тамыры, жүйкелер

3. Қан тоқтату, шендеуіш салу, емханаға жеткізу.

4. Буын қалтасы, шеміршекті бөлік, сұйықтық қуысы, май ұлпасы.

5, А3, Б1, В2, Г5, Д4

6. Бас сүйегі, жамбас, қабырға, жауырын, жақ, самай, бет сүйегі

7. Ми сауыты (төбе, самай, шүйде, маңдай)

Бет сүйегі (жақ, танау, таңдай, көз ұясы, кеңсірік, тіл асты)

8. Органикалық заттар 30%, су 10%, бейорганикалық заттар 60%.

9. Аяқ сүйектері жуан, мықты. Қол сүйегі еңбекке бейімделген. Кеуде қуысы жалпақ. Ми сауыты мықты. Омыртқасы иілімді

10. Ортан жілік, асықты жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік

3-сабақ
«Рольдік ойын сабағы».
Мақсаты: Оқыған материалды қорытындылау, оқушының ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін, теориялық білімін практикада қолдана білуге тәрбиелеу, дені сау ұрпақты қалыптастыру.

Ойынның шарты:

Оқушыларға қысқаша түсіндіру, оқушылар арасынан эксперттер мен дәрігерлер тағайындау, фирмаларға атау беру. Фирма берілген тапсырманы түгел орындап, дәрігерлік тілмен түсіндіре білуі тиіс қосымша материалдан қарауға рұқсат беріледі.

Жүргізілу барысы:



  1. Фирма атауы, девизі, эмблемасы.

  2. Фирмалардың тапсырмалар алуы.

  3. Дайындалу, жұмыс жасау.

  4. Қорғау

  5. Эксперт тобының жұмысы

  6. Ойынның аяқталуы

  7. Ойынды қорытындылау, талдау.

  8. Кеңес беру

Рольдік ойынға қатысушылардың қызметі.

  1. Оқытушы

Методикалық материалды дайындайды, рольдік ойынды басқарады, команданы бағалауда эксперттерге бағыт береді, тақтаға ұпайды жазады, ойынды қорытындылайды.

  1. Эксперт кеңесі (2-3 оқушы)

Фирмаларға тапсырма береді, жауап алады, сараптайды, әрбір эксперт өз фирмасымен жұмыс істейді, қиындық болса басқа эксперттен көмек алады.

  1. Бас дәрігер

Өз фирмасының жұмысын басқарады, жауап іздеуге топтастырады, жауапты экспертке тапсырады.

Ойын барысында ұзақ үзіліс жасауға болмайды. Фирма жауап алып келгенде жедел түрде басқа сұрақ берілуі тиіс. Егер фирма басқа фирмалардан бұрын жауап берсе қосымша сұрақ беріледі.

Әрбір турдан соң оқытушы сұрақтың дұрыс жауабын оқиды.

Ойынға қажет құралдар:



  1. Тапсырмалар

  2. Қосымша әдебиеттер.

  3. Құм сағат

  4. Гонг

  5. Бор

Әр турға 10 минут уақыт беріледі. Әрбір толық, дәл жауап 10 ұпаймен есептеледі. Барлық фирма бірдей тапсырма алады, сондықтан дайындалғанда тыныштық қажет.

Гонг соғылғанда жауап бағалануға эксперитке берілуі тиіс.

I тур. Жақыннан көргіш адамдардың дене бітімі неліктен алға қарай бүкірейеді? (жақыннан көргіш адамдар көзәйнек кимесе, оқығанда, жазғанда үнемі төмен еңкейгеннен денесі бүкірейеді. Бүкірлікті әртүрлі арқа бұлшықетін қатайтатын дене жаттығуларын жасау арқылы емдейді).

2. Ауыр атлетикамен айналысу баланың өсуін тоқтатады дегенге қосыласыз ба? (сүйекке қай бағытта көп күш түссе, сүйек сол бағытта тез өседі, ал ауыр атлетикамен айналысу өсуді тездетеді. Сүйек, бұлшықет қатаяды. Ауырлық күші жасына сай болуы керек).

3. Сүйек ұзынынан, көлденеңінен қалай өседі? (сүйектің жуандап өсуі, сүйек қабығының ішкі беті жасушаларының жедел бөлініп, сүйек жасушаларының жаңа қабаттары сүйек бетіне жинала береді. Осы жасуша айналасында жасуша аралық заттар пайда болады. Ұзарып өсуі сүйек ұшындағы шеміршек ұлпасы жасушаларының бөлінуі есебінен және өсу гармоны соматотрофты гармон әсерінен жүреді).


II тур


  1. Қабырғасы сынған адамға қандай алғашқы көмек жасауға болады? (жарақаттанушы терең тыныс шығаруы керек және тыныс алуды тоқтата тұруы тиіс сол кезде тұлғаны қатты орап тастау керек, ол жай тыныс алуға мүмкіндік береді. Қабырға қозғалысы азаяды, сүйек жасушаларының бөлінуінен сынған қабырға бітіседі, болмаса басқа мүшелердің зақымдануынан орама қорғап тұрады.)

  2. Көп күндік туристтік саяхатта саяхатшы тобығын қайырып алды. Тобық буыны тез ісіп, ауырғанан аяғын баса алмай қалды. Алғашқы көмек түрін қалай көрсетесіз, содан кейінгі күні не істеу керек? (ауруын басу үшін салқын су қажет. Ол үшін өзен, теңіз суына аяғын батыруға болады немесе салқын су құйылған пакетті басу қажет. Тобық буынын қатты қысып байлап, ісіктің алдын-алу керек. Азғантай уақыт балдақпен жүргізіп немесе мүлдем жүргізбеу керек. Жарақатқа инфекция түсуден сақтандыру қажет)

  3. Қажет жеріне белгі қойып кестені толтырыңдар



Қаңқа сүектері

Бас сүйектері

Иық белдеуі

Жамбас белдеуі

Тұлға сүйектері

Кеңсірік













Кәрі жілік













Жауырын













Ортан жілік













Құйымшақ













Қабырға













Толарсақ













Шыбық сүйек













Шүйде













Самай















Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет