Тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы


C Көңіл-күй екпіні деген не



бет2/3
Дата11.02.2018
өлшемі0,61 Mb.
#37533
1   2   3

75. C

Көңіл-күй екпіні деген не:


A) Көңіл-күй екпіні деп дауыс ырғағымен байланысты екпінді айтамыз.

B) Көңіл-күй екпіні деп сөз тіркесі немесе сөз шумағы бір ғана екпінге ие болуын айтамыз.

C) Көңіл-күй екпіні деп сөйлеушінің көтеріңкі көңіл-күйін, абыржыған ішкі сезімін тыңдаушыға созылыңқы дыбыстар арқылы жеткізу тәсілін айтамыз.

D) Түбірдің соңғы буынына түсетін екпінді көңіл-күй екпіні дейді.

E) Көңіл-күй екпіні деп көп буынды, ешқандай екпін түспейтін сөздерді айтады.

76 B


Екпіннің жылжымалы болуы қай тілге тән:

A) Агглютинативті.

B) Орыс тілі.

C) Түркі тілдері.

D) Француз тілі.

E) Қазақ тілі.

77 A

Тіл-тілде екпін мынадай болып келеді:



A) Тоникалық, лебізді, сандық.

B) Көңіл-күй, логикалық, сандық.

C) Эмфазалық, тоникалық, лебізді.

D) Фразалық, логикалық, тоникалық.

E) Тоникалық, лебізді, фразалық.

78 C


Интонация деген не:

A) Сөйлеу мен ойлауды құрайтын синтаксистік бірлік.

B) Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы.

C) Сөйлеуші ойының қандай мағынада жұмсалғанын көрсететін құбылмалы дауыс ырғағы.

D) Сөйлеу толқынына түскен жеке дыбыстардың тізбегі.

E) Фонациялық ауаның қарқынымен пайда болған буын жігі.

79 Д

Сөйлемде синтаксистік білдіруші және сөйлемге эмоционалды-экспрессивті реңк беруші құралдың бірі:



A) Фраза.

B) Ырғақ.

C) Темп.

D) Интонация.

E) Синтагма.

80 С


Сингармонизм заңы дегеніміз не:

A) Дыбыстардың өзара тіркесуінде қалыптасқан заңдылық.

B) Түбір мен қосымшаның арасында дауыссыз дыбыстардың үндестігі.

C) Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруы.

D) Алдыңғы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысты игеруі.

E) Тіліміздегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін білдіретін заңдылық.

81 Д

Дыбыстардың бір-біріне етер ықпалы мынадай түрде болады:



A) Ілгерінді және кейінді.

B) Ілгерінді және тоғыспалы.

C) Кейінді және тоғыспалы.

D) Дауыс (салдыр) қатысына қарай және айтылу орнына (артикуляциясына) қарай.

E) Жуан және жіңішкелігіне қарай.

82 Е


Сөз ішіндегі дауыстылардың қысаңданып көмескіленуі қалай аталады:
            1. A) Элизия.

B) Фонетикалық вариант.

C) Фонетикалық вариация.

D) Сингармонизм.

E) Редукция.

83 А

Ерін үндестігі бар сөзді көрсетіңіз:



A) Түркістан.

B) Тәжікстан.

C) Қырғызстан.

D) Қазақстан.

E) Татарстан.

84 В


Фонема туралы ілім қалай аталады:

A) Фонетика.

B) Фонология.

C) Лексикология.

D) Ассимиляция.

E) Диссимиляция.

85 Е

Фонема деген не:



A) Дыбыстардың таңбалануы.

B) Сөйлеу дыбыстарының естілуі.

C) Тілдің ішкі дыбыстық жүйесі.

D) Тілдік қатынастардың ауызша және жазбаша түрі фонема делінеді.

E) Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажырататын ең кішкене дыбыстық бірлік.

86 В


Бір сөздің түрліше дыбысталуы қалай аталады:
            1. A) Элизия.

B) Фонетикалық вариант.

C) Фонетикалық вариация.

D) Сингармонизм.

E) Редукция.

87 В

Тілдегі фонемалардың қызметі:


          1. A) Коммуникативті.

                1. B) Дейктивті.

C) Номинативті.

D) Сигнификативті.

E) Эмотивті.

88 В


Тілдегі фонемалардың қызметі:

A) Коммуникативті.

B) Дейктивті.

С) Номинативті

Д) Сигнификативті.

E) Эмотивті.

89 С

Сингармонизм заңы дегеніміз не:



A) Дыбыстардың өзара тіркесуінде қалыптасқан заңдылық.

B) Түбір мен қосымшаның арасында дауыссыз дыбыстардың үндестігі.

C) Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруы.

D) Алдыңғы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысты игеруі.

E) Тіліміздегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін білдіретін заңдылық.

90 В


Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?

А) жақты-жақсыз

В) ашық-қысаң

С) еріндік-езулік

Д) жуан-жіңішке

Е) тұйық-бітеу

91 С

Қай дыбыс жуан әрі еріндік дыбыс?



А) Ы

В) Ө


С) Ұ

Д) Ү


Е) А

92 Е


Қате жазылған сөзді табыңыз

А) әнші

В) ләззат

С) жаннат

Д) сый

Е) сыйыр


93 В

Белгілі бір тілдің даму тарихының әртүрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат ететін фонетиканың түрі:

А) Салғастырмалы фонетика

В) Тарихи фонетика

С) Сипаттамалы фонетика

Д) Жалпы фонетика

Е) Жеке фонетика

94 А


Тіл, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды, тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы:

А) Фонетика

В) Лексика

С) Морфология

Д) Синтаксис

Е) Лексикология

95 Е

Белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейтін фонетиканың түрі:



А) Жалпы фонетика

В) Салыстырмалы фонетика

С) Салғастырмалы фонетика

Д) Сипаттамалы фонетика

Е) Жеке фонетика

96 С


Дауыстыларға тән акустикалық ерекшелік:

А) Иектің төмен түсуі

В) Жақтың кең ашылуы

С) Музыкальды тонның болуы

Д) Жақтың болар-болмас ашылуы

Е) Еріннің сүйірленуі

97 С

Дыбыс толқынын тудыратын жіне дірілдің қозғалысы күрделі болатын дыбыс түрі:



А) Дыбыс күші

В) Дыбыс созылыңқылығы

С) Дыбыс әуені

Д) Дыбыс қалпы

Е) Дыбыс ырғағы

98 Е


Жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайтын, тіл дыбыстары классификациясының принциптерін белгілейтін фонетика:

А) Тарихи фонетикалық

Б) Салғастырмалы фонетика

С) Салыстырмалы фонетика

Д) Жеке фонетика

Е) Жалпы фонетика

99 В

Дауыс шымылдығы жиырылып, қысылмай және дауыстың қатысы болмай жасалатын дауыссыз дыбысты көрсет:



А) Шұғыл

В) Қатаң


С) Ызың

Д) Көмей


Е) Ұяң

100 Д


Тіл-тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтитын дауыссыз дыбыстарды тап:

А) Фрикатиф

В) Эксплозив

С) Ұяң


Д) Аффрикат

Е) Қатаң


101 А

Тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы

А) Фонетика

В) Лексика

С) Морфология

Д) Синтаксис

Е) Фонема

102 С


Фонетиканы дыбыс жүйесі деп атаған қазақ тіл білімінің атасы

А) А. Құнанбаев

В) Ы.Алтынсарин

С) А.Байтұрсынұлы

Д) С.Кеңесбаев

Е) Ш.Құдайбердиев

103 В

Зерттеу мақсатына қарай фонетика нешеге бөлінеді?



А) 5

В) 4


С) 6

Д) 2


Е) 3

104 Д


1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінің авторы:

А) А. Құнанбаев

В) Ы.Алтынсарин

С)А.Байтұрсынұлы

Д) С.Кеңесбаев

Е) Ш.Құдайбердиев

105 В

Тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастыратын фонетика түрі



А) Салыстырмалы

В) Сипаттамалы

С) Тарихи

Д) Салғастырмалы

Е) Дыбыстық

106 С


Тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан зерттейтін фонетика түрі

А) Салыстырмалы

В) Сипаттамалы

С) Тарихи

Д) Салғастырмалы

Е) Дыбыстық

107 А

Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстары зерттеп, олардың ұқсақтықтары мен айырым белгілерін айқындайтын фонетика түрі А) Салыстырмалы



В) Сипаттамалы

С) Тарихи

Д) Салғастырмалы

Е) Дыбыстық

108 Д

Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттейтін фонетика түрі



А) Салыстырмалы

В) Сипаттамалы

С) Тарихи

Д) Салғастырмалы

Е) Дыбыстық

109 А


Қазақ сөздерін алғаш орыс графикасымен жазған миссионер

А) Н.И.Ильминский

В) А.С.Пушкин

С) Ф. Достаевский

Д) Тянь-Шаньский

Е) А.Чехов

110 В

Жасалым фонетикасына жатады



А) Жаңғыртқы жүйе, айтылым күші

В) Жасалу орны, жасалу тәсілі, дауыс қатысы

С) Түйсінім түрі, естілім қарқыны

Д) Әуез жүйесі, жасалым белгісі, айтылым белгісі, естілім белгісі

Е) Жаңғыртқы жүйе, жасалым белгісі

111 Е


Дифтонг дыбысытарды көрсетіңіз?
А) а,о,ы.

В) ү,ұ,у

С) ы,и,й

Д) ъ,ь,й


Е) я,ю,ё

112 С


Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?

А) 36


В) 35

С) 37


Д) 38
Е) 25

113 Е


Қазақ тіліне тән дыбыстар жасалған қатарды табыңыз.

А) ұ,ү,у.

В) ғ,қ,щ

С) ф,х,һ

Д) ы,і,и

Е) ө,і,ү

114 А

Жұп болып келетін қатаң,ұяң дауыссыздарды табыңыз?


А) п-б

В) д-т


С) қ-к

Д) ф-в


Е) х-һ

115 В


Буын талғайтын дыбыстарды атаңыз.

А) о, ө, ұ, ү, ә

В) э-е

С) қ-к


Д) ф-в

Е) х-һ


116 Е

Дыбыс және әріп санында айырмашылық бар сөзді табыңыз?


А) орман

В) бояушы

С) кемеңгер

Д) ерекшелік

Е) қарауыл

117 А


Қате сөзді табыңыз?
А) хайуанат

В) диана


С) сыйымды

Д) тыйылу

Е) қыйылысу

118. А


Сөз басында келмейтін әріптер.

А) ң, һ


В) ң, і

С) ә, і

Д) ц, щ

Е) ғ, ө


119 А

Дұрыс сөзді табыңыз?

А) байыды

В) естійді

С) тоқыйды

Д) іриді

Е) ысыйды

120 Е


Сөз ішіндегі дауыстылардың қысаңданып көмескіленуі қалай аталады:

A) Элизия.

B) Фонетикалық вариант.

C) Фонетикалық вариация.

D) Сингармонизм.

E) Редукция.

121 Д

Бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты болатын дыбыстың физикалық қасиетін көрсет:



А) Дыбыс күші

В) Дыбыс созылыңқылығы

С) Дыбыс әуені

Д) Дыбыс ырғағы

Е) Барлығы дұрыс

122 Е


Дыбыстау мүшелерінің иынтығы қалай аталады?

А) Обертон

В) Әуен(тембр)

С) Парциалды тон

Д) Дыбыс әуені

Е) Сөйлеу аппараты

123 С

Резонаторлық қызмет атқаратын тамақ,ауыз қуыстарында пайда болатын тон:



А) Тіл дыбысындағы тон

В) Парциалды тон

С) Көмекші тон

Д) Обертон

Е) Дұрыс жауап жоқ

124 А


Дірілдің санымен қоса дыбыстың созылу уақытына (ұзақ немесе қысқа) байланысты болатын дыбыс түрін көрсет:

А) Дыбыс созылыңқылығы

В) Дыбыс әуені

С) Дыбыс күші

Д) Дыбыс ырғағы

Е) Дыбыс қалпы

125 В

Дауыс шымылдығының дірілінен пайда болатын тонды көрсет:



А) Көмекші тон

В) Тіл дыбысындағы тон

С) Парциалды тон

Д) Обертон

Е) Дыбыстық тон

126 Д


Дыбыстарды айтуда ........айрықша қызмет атқарады:

А) Тамақ-ауыз-мұрын қуысы

В) Өкпе-тамақ

С) Кішкентай тіл,тіс,ерін

Д) Дауыс шымылдығы мен тіл

Е) Сөйлеу аппараты

127 А

Жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен жасалатын дауысты дыбыстар түрін тап:



А) Ашық дауыстылар

В) Еріндік дауыстылар

С) Қысаң дауыстылар

Д) Езулік дауыстылар

Е) Барлығының жасалуы бірдей

128 С


Дыбыс толқынын тудыратын жіне дірілдің қозғалысы күрделі болатын дыбыс түрі:

А) Дыбыс күші

В) Дыбыс созылыңқылығы

С) Дыбыс әуені

Д) Дыбыс қалпы

Е) Дыбыс ырғағы

129 В

Тілдің дыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уақыт тұрғысынан қарастыратын фонетика:



А) Салғастырмалы фонетика

В) Сипаттамалы фонетика

С) Тарихи фонетика

Д) Жалпы фонетика

Е) Жеке фонетика

130 Е


Тілдің дыбыстық жүйесін туыс тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттеп, олардың айырмашылығы мен ұқсастығын қарастыратын фонетика түрі:

А) Жалпы фонетика

В) Сипаттамалы фонетика

С) Салғастырмалы фонетика

Д) Жеке фонетика

Е) Салыстырмалы фонетика

131 Д

Тілдің дыбыстық жүйесінің туыстығы жоқ, құрылымы әртүрлі басқа да тілдермен салыстыра зерттейтін фонетика түрі:



А) Жалпы фонетика

В) Салыстырмалы фонетика

С) Тарихи фонетика

Д) Салғастырмалы фонетика

Е) Жеке фонетика

132 С


Тілдің даму тарихының әртүрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат еткен ғалым:

А) Мырзабеков

В) Жүнісбеков

С) Томанов

Д) Аханов

Е) Хасенов

133 А

Дыбыстарды дұрыс айту:



А) Орфоэпия

В) Орфография

С) Сингармонизм

Д) Синтаксис

Е) Фонетика

134 Д


Сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі

А) Орфоэпия

В) Орфография

С) Фонетика

Д) Сингармонизм

Е) Синтаксис

135 Е

Фонеманы зерттейтін тіл білімінің



А) Семасиология

В) Лексикология

С) Фонема

Д) Фонетика

Е) Фонология

136 В


Сөздің дыбыстық бірлігі

А) Идеома

В) Фонема

С) Фонология

Д) Полисемия

Е) Морфема

137 А

Сөздің мағынасына қатысы жоқ терминді тап



А) Фонема

В) Лексика

С) Полисемия

Д) Тура мағына

Е) Ауыспалы мағына

138 Е


Дауыссыз дыбыстар түрін анықтаңыз.
Р, л, й, м, н, ң, у.

А) Қатаң дауыссыз ыбыстар.

В) Ұяң дауыссыз дыбыстар.

С) Жуан дыбыстар.

Д) Жіңішке дыбыстар

Е) Үнді дауыссыз дыбыстар.

139 А

Сөз соңы үнді дауыссыз дыбысқа аяқталса жалғанатын қосымша қандай дыбыстан болу керектігін көрсетіңіз.



А) Үнді немесе ұяң дауыссыз дыбыстан болуы керек.

В) Қатаң дауыссыз дыбыстан болуы керек.

С) Тек үнді дауыссыздан болуы керек.

Д) Тек ұяң дауыссыз дыбыстан болуы керек.

Е) Қатаң немесе ұяң дауыссыз дыбыстан болуы керек.
140 Д

Буын түрін анықтаңыз.


Ат, ас, ақ, от

А) Ашық буын.

В) Бітеу буын.

С) Бітеу және тұйық буын

D) Тұйық буын.

Е) Ашық және тұйық буын.

141 D Тура мағыналы сөзді табыңыз. 

А) Құлақ салды. 

B) Құлақ етін жеді. 

C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі. 

D) Құлағым ауырып жүр. 

E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.


142 C

Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз. 


А) Күн сәулесі нұрын шашады. 
B) Терезеден күн түсіп тұр. 
C) Күнсіздерге күн болған. 
D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды. 
E) Күн ыстық екен.
143 B

Тура мағыналы сөзді табыңыз. 


А) Бұл іс менің қолым екен. 
B) Өз қолымен берді. 
C) Әділ, Шалабайлар – байдың қол шоқпары. 
D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады. 
E) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?
144 A

Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз. 


А) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де... 
B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ. 
C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес. 
D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты. 
E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.
145 B

Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз. 


Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен. 
А) Жүзіктің. 
B) Көзінен. 
C) Өткендей. 
D) Пысық. 
E) Жігіт.
146 C

Көп мағыналы сөзді табыңыз. 


Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр. 
А) Жақындаса. 
B) Обаның. 
C) Басында. 
D) Жалпиған. 
Е) Адам.
147 A

Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз. 


А) Еңбек - өмір ажары. 
B) Жақсы ұл – елдің туы. 
C) Айна - айна емес, халық- айна. 
D) Көпке күл шашпа. 
E) Мал сақтама, ар сақта.
148 D

Синоним болатын қатарды табыңыз. 


А) Еріншек, сараң. 
B) Ауыл-аймақ, ағайын. 
C) Күйзелу, сүйсіну. 
D) Келемеждеу, мазақтау. 
E) Тоңу, шаршау. 

149 B


Омоним болатын қатарды көрсетіңіз. 
А) Жігер, күш. 
B) Сыр, шық. 
C) Терезе, есік. 
D) Оқтау, тұтқа. 
E) Түбір, түн.
150 C

Омоним сөзді көрсетіңіз. 


А) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді. 
B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ. 
С) Мөңкенің үйі таң атқанша кісіден құр болмады. 
D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ. 
E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.
151 E

Антонимдері бар қатарды белгілеңіз. 


А) Ар жазасы бар жазадан ауыр. 
B) Малсыз болсаң да, арсыз болма. 
C) Шеберден - олжа, шешеннен - сауға. 
D) Еңбек – дәулет, бедел – сәулет. 
E) Ағайын бір өліде, бір тіріде. 

152 A


Антонимді бар қатарды белгілеңіз. 
А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ. 
B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады. 
С) Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты. 
D) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр. 
E) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті. 

153 B


Тұрақты тіркесті анықтаңыз. 
А) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ. 
B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр. 
C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады. 
D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз. 
E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады. 

154 E


Мақалды табыңыз. 
А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды. 
B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой. 
C) Өңім екенін, түсім екенін білмедім. 
D) Ғылым таппай мақтанба. 
E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 

155 B


Тұрақты тіркесті анықтаңыз. 
А) Немересі алдындағы асын тауысып ішті. 
B) Таяуда әкемізге ас береміз. 
C) Ас дайындау – сенің міндетің. 
D) Ас алдында жеңіл сусын пайдалы. 
E) Бұл дәмханада ыстық ас берілмейді екен. 

156 D


Диалект сөзді табыңыз. 
А) Қуырдақ. 
B) Қамыр. 
С) Табақ. 
D) Кәсе. 
E) Қазан. 

157 B


Кәсіби сөзді табыңыз. 
А) Жапырақ, гүлдесте. 
B) Қоза, терімші. 
C) Өсімдік, жеміс-жидек. 
D) Жүзім, құлпынай. 
E) Сәбіз, қарбыз.
158 B

Диалект сөзді табыңыз. 


А) Нағашы. 
B) Құдағай. 
C) Бөле. 
D) Абысын. 
E) Құдаша.
158 E

Кәсіби сөзді қатарды табыңыз. 


А) Қауын, қала. 
B) Есік, қақпа. 
C) Көзілдірік, дәрі-дәрмек. 
D) Компьютер, монитор. 
E) Әңгелек, торлама.
159 C

Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз. 


А) Оңтүстікте қыс тез өтеді. 
B) Кәрі тарих – кәрі шежіре. 
C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады. 
D) Үйдің іші ала-көлеңке. 
E) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды. 

160 A


Көнерген сөзге жатпайтын қатарды анықтаңыз. 
А) Жарық жұлдыз, қызыл қайың. 
B) Ханша, ханшайым. 
С) Қызыл отау, кебеже. 
D) Дойыр қамшы, қалқан. 
E) Мауыты, батсайы. 

161 E


Көнерген сөздің қанша топқа бөлінетінін анықтаңыз. 
А) 5. 
В) 6. 
C) 4. 
D) 3. 
E) 2. 

162 E


Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз. 
А) Төр бөлмеде шам жағылды. 
B) Кәдуілгі, ағаш арасына ықтай қыстаған ауыл. 
C) Қайсар Күреңтөбелді ерттей бастады. 
D) Күреңтөбел мен Көкдауылдан қасқыр құтылған емес. 
Е)Қасындағы бар жолдасына қоржын тола манат, мақпал, сәлемдеме берілді. 

163 C


Көнерген сөзді қатарды анықтаңыз. 
А) Ұл-қызыңның игілігін көр, жақсы ана. 
B) Қолымнан домбырамды қалды тартып. 
С) Жанбота, өзің болыс, әкең Қарпық. 
D) Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше. 
E) Аттар ерттелгелі де бірталай уақыт болған еді.
164 B

Кірме сөздердің қай тілден енгенін анықтаңыз. 


Мектеп, тәрбие. 
А) Орыс. 
В) Араб. 
C) Парсы. 
D) Моңғол. 
E) Түрік. 

165 D


Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы анықтаңыз. 
А) Қолөнершілік, зергерлік. 
B) Мақташылық, диқаншылық. 
C) Диқаншылық, ұсталық. 
D) Ағашшылық, суретшілік. 
E) Тоқымашылық, малшылық. 

167 A


Қазақ тіліндегі терминдердің жасалу жолын анықтаңыз. 
А) 2. 
B) 3. 
C) 4. 
D) 5. 
Е) 6. 

168 B


«Комплекс» сөзінің қазақша баламасын табыңыз. 
А) Құрылым. 
B) Кешен. 
C) Мекеме. 
D) Кеден. 
E) Құрылыс. 

169 B


Термин сөзді қатарды табыңыз. 
А) Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жинады. 
B) Төртінші баптың бірінші тармағында қаралады. 
C) Ініміздің пәтері төртінші қабатта. 
D) Сұрапыл дауылға төтеп беру қиын-ақ. 
E) Қарағым, қолыңнан келеді, зерттеушілікпен айналысқаның жөн. 

170 E


Кәсіби сөзді анықтаңыз. 
А) Нарық. 
B) Әуежай. 
C) Кеден. 
D) Мамандық. 
E) Торлама. 

171 A


Қазақша баламасы жоқ интернационалдық терминді көрсетіңіз. 
А) Глобус. 
B) Космос. 
C) Ракета. 
D) Комплекс. 
Е) Музей. 

172 B


Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз. 
Аммиак, азон. 
А) Физика. 
B) Химия. 
C) Математика. 
D) География. 
E) Биология. 

173 D


Термин сөзді табыңыз. 
А) Қарлығаш. 
B) Бұлақ. 
C) Аспан. 
D) Жер серігі. 
E) Болашақ. 

174 C


Әріптің анықтамасын көрсетіңіз. 
A) Үннен ғана тұратын дыбыстар. 
B) Дыбыстық жақты зерттейтін. 
C) Дыбыстың жазудағы таңбасы. 
D) Алиф пен би атауларының бірігуі. 
E) Кедергісіз шығатын дыбыстар. 

175 B


Әліпбидегі әріптердің түрін анықтаңыз. 
A) Жазба, ашық түрі. 
B) Жазба, баспа түрі. 
C) Ашық, тұйық түрі. 
D) Баспа, ұяң түрі. 
E) Қатаң, ұяң түрі. 

176 B


1929 жылы қай әліпбиге көшкенімізді табыңыз. 
A) Орыс әліпбиі

B) Латын әліпбиі. 


C) Араб әліпбиі. 
D) Түрік әліпбиі. 
E) Қазақ әліпбиі. 

177 E


Қазақ тіліне тән дыбыстардың санын анықтаңыз. 
А) 5. 
B) 6. 
C) 7. 
D) 8. 
E) 9. 

178 A


«Қоян» сөзінің құрамында қанша дыбыс, қанша әріп барын анықтаңыз. 
А) 5 дыбыс, 4 әріп. 
B) 5 дыбыс, 5 әріп. 
C) 4 дыбыс, 4 әріп. 
D) 4 дыбыс, 5 әріп. 
E) 6 дыбыс, 4 әріп. 

179 A


Орыс әліпбиіне көшкен жылды көрсетіңіз. 
А) 1940. 
B) 1929. 
C) 1924. 
D) 1939. 
E) 1941. 

180 C



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет