«Тілді жоғары оқу орнында оқыту мәселелері»



бет5/9
Дата08.06.2018
өлшемі183,64 Kb.
#41705
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдерін анықтау, ол туралы мәлімет беру мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесінде тіл үйренушілерге тек қана тіл үйретіліп қана қоймай, сол тілді тұтынушы халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихы, географиялық жағдайы, саяси-экономикалық даму бағыты, өнері, ғылым-білімі және қоғамдық ой-пікірлері мен рухани құндылықтары жайлы мәлімет бере отырып, сол халықты таныту болып табылады.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдерін анықтау

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2000. 


2. Лапатухин М.С. Очерки по методике казахского языка в русской школе. Алматы, 1940. 
3. Шонанов Т. Самоучитель киргизского языка для русских. 4-ое перераб.изд. Кызылорда, Каз.гос.изд., 1927 – 122с. 
4. Сарыбаев Ш. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен. Алматы,1940 
5. Сарыбаев Ш. Методика преподавания казахского языка в русской школе. Алматы, 1943 – 125б. 
6. Орынбаев А.Ә. Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасы.алматы, 1995. 
7. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. Алматы, Мектеп, 1987 – 75б. 
8. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі оқыту әдістемесі. Алматы. Ана тілі, 1996 – 20б. 
9. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т.Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1999. 
10. БектуровШ. БектуровА. Казахский яык. Алматы, Рауан.1994 -240б. 
11. Аяпова Т. Қазақ тілі. Алматы, 1998. 
12. Байсақалова Ұ. Қазақ тілі. Астана.Фолиант, 2007.

13 Дәріс: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы.



Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы туралы мағлұмат беру

Жоспар:

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы.

2. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы.
Біздің аяқ басқан ХХI ғасырымыз өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуы кезеңі. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үрдісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеті адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылатындықтан, қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Осындай мәселелердің бірі – әсіресе жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – студентті келешек мамандығына жақындату, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер маман дайындау. Сондықтан оқыту мен білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр.

Осы мәселерге байланысты бірнеше мемлекеттік құжаттар да бекітілді. Қазақстан Республикасының “Жоғары білім беру туралы” Заңының 9-бабында: “Оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, білімді, ғылым мен өндірісті ұштастыру, оқытуды белсенді әдістер, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып, студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін таныту, қалыптастыру, дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асыру керек” делінген [1,2].

Бұл жерде педагогикалық технология жеке пән әдістемесі, яғни қазақ тілін оқыту әдістемесі ретінде қолданылады. Ол оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығынан тұрады.

Оқыту технологиясы әдістеме ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы “нені оқыту?”, “не үшін оқыту?”, “қалай оқыту керек?” деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы “қалай нәтижелі оқытуға болады? ” деген мәселенің шешімін іздейді.

Оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Әдістеме ғылымы теорияның қосымшасы, оны іске асырудың амалы болса, оқыту технологиясы – дидактикалық мақсатқа жетудің жолын көрсететін үлгі, схема.

Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – “берілген үлгі бойынша өнім алу” (Саранцев Т.В), оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру, оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер мен ұстанымдардың жүйесі ретінде, нақты оқыту үрдісі ретінде сипатталады.

Оқыту технологиясы мен әдістеменің бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ, екеуі бір нәрсе деген көзқарастар бар. Бірақ ол – жаңсақ пікір. Өйткені оқыту технологиясы мен әдістемесінің мақсаты бір болғанымен, олардың өзіндік айырмашылықтары да бар.

В. Гузеев “технология” ұғымының “әдістеме” ұғымынан әлдеқайда кең мағынада қолданылатынын айтады. Ол: “әдістеме” дегеніміз белгілі бір пәнді оқыту тәсілдерінің жиынтығы”, ал ”оқыту технологиясы” ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызметін оңтайландыру, нәтижелі білім беру дегенге саяды”,-деген қорытынды жасайды [73,85].

Ал белгілі орыс ғалымы В.Юдин әдістеме мен технологияның айырмашылығын былай деп көрсетеді: “Технология – это каркас, методика–оболочка, форма деятельности педагога. Технология обозначает суть действий, ведущих к формированию результата, методика характеризует внешнее оформление этих результатов. Методика описывает эмпрический опыт, мастерство педагога, она ближе к артистизму, исскуству” [74,35].

Ғалым А.Кушнир: “Технология отличается от методик своей воспроизводимостью, устойчивостью результатов, отсутсвием многих “если”, если талантливый учитель,талантливые дети, богатая школа.Уже давно стало привычным, что методика возникает в результате обобщения опыта или изобретения нового способа представления знаний. Технология же проектируется, исходя из конкретных условий и ориентируясь на заданный, а не предполагаемый результат”,-деп әдістеме мен технологияның ара жігін нақты ашып береді [75,22].

Оқыту технологиясы мен әдістеменің айырмашылығын ашу үшін ғалым С.Смирнов екі кезеңнен тұратын ғылыми тәжірибе жүргізеді. Ол бойынша: ”Нами была осуществлена попытка подобного исследования. Она провадилась в два этапа: на первом этапе (1997 -1998) мы убедились, что технологию обучения нельзя отождествлять с методикой. Одним из ключевых являлся вопрос о сути различия между методикой и технологией. Оказывается, как бы диагностично ни была поставлена цель, все равно это не установливает различие между методикой и технологией. В ходе дальнейших исследований было выявлено, что технология- это все таки способ достижения цели, и он не определяется степенью полноты описание самой цели, которая может способствовать достижению результата данной технологий” дей келе, одан әрі ойын былай деп қорытындылайды: ”По видимому, различие между технологией и методикой в сфере образование состоит в том же, в чем заключается, различие между технологией и ремесленничеством в производственной сфере. Это различие между высокопроизводительным машинным производством и ручным трудом. Методика и технология выступают как две принципиально различных способа обучения” [76,113-120].

Соңғы кездерде оқыту технологиясы мәселелерін қарастырып жүрген ғалым Д.В.Чернилевский ”әдістеме мен технология” ұғымдарының айырмашылығын былай деп көрсетеді: понятие ”технология обучения” шире, чем понятие ”методика обучения”. Технология отвечает на вопрос, как наилучшем образом достичь целей обучения, при котором достижения этих целей обусловлено этим управлением” [14,51].



Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:



    1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы.

    2. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы.

Әдебиеттер:

1. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998.

2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998.

32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001.

3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000

4. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989.

5.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989.

14 Дәріс: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер.



Мақсаты: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары және оқытудың жаңа технология түрлері туралы түсінік беру

Жоспар:

1. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері

2. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер.


Біздің аяқ басқан ХХI ғасырымыз өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуы кезеңі. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үрдісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеті адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылатындықтан, қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Осындай мәселелердің бірі – әсіресе жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – студентті келешек мамандығына жақындату, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер маман дайындау. Сондықтан оқыту мен білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр.

“Педагогикалық технология” туралы айтылған жүздеген пікір- көзқарастарды талдай келіп, П.Д.Митчелл мынандай анықтама береді: “Педагогическая технология – есть область исследований и практики (в рамках системы образования), имеющая связи со всеми аспектами организаций педагогических результатов” [7,128]. Бұл анықтаманы сәтті берілген анықтама деп есептеуге болады. Себебі, ол оқу үрдісінде педагогикалық технологияны пайдаланудың негізгі міндеттерін ашып көрсетуге ықпал жасады.

Педагогикалық технология мәселесі одан басқа П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Б.Т.Лихачев, В.П.Беспалько, М.Чошанов, В.М.Шепель, В.М.Монахов, М.Кларин, Н.А.Менчинская және қазақстандық Ж.А.Қараев, Т.Т.Галиев, Қ.Қадашева, Р.Ә.Шаханова, Ф.Ш.Оразбаева, Г.М.Құсайынов, Г.К.Нұртаева, К.К.Кабдыкаримова сияқты көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Бұл ғалымдардың барлығы технологияның шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту деген мән-мазмұнын дамыта отырып, оны оқыту, білім беру үрдісіне қатысты педагогикалық аспектіде қарастырып, әр түрлі анықтамалар берді. Мысалы, В.П.Беспальконың тұжырымы бойынша, педагогикалық технология төмендегiдей шарттарды iске асыруы тиiс: а) педагогикалық технология оқытудағы дайындықсыз әрекеттердi болдырмауы тиiс; ә) оқушының оқу-танымдық қызметiнiң құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдiсiнiң жобасына негiзделуi керек; б) оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерiлу сапасын дәл тексерiп бағалауы қажет [10,5].

Белгiлi ғалым-әдiскер В.М. Монахов та осындай көзқараста болды [11]. Ол “педагогикалық технология – оқушы мен мұғалімнің оқу үрдісін жобалап және ұйымдастыруда бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі” деп есептесе, М.В.Кларин “Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім-амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйесі, жиынтығы және жұмыс істеу реті” деген пікірде болды [12,10].

Ғалым Р.Ә.Шаханова жаңа педагогикалық технология мәселесін жан-жақты зерттей келе, ол жөнінде: “1) оқыту технологиясы деген – оқытуда берілетін мағұлматты жинақтау, реттеу, өзгертудің тәсілдері, 2) оқытушының оқыту кезінде студентке ықпал, әсер етуде қолданылатын техникалық және мәліметтік тәсілдері”,- деген ой түйіндейді. Сонымен бірге ғалым оқыту технологиясын белгілеуде алдымен оқытылуға тиісті мазмұнды таңдап алып, оны оқытуды ұйымдастырудың түрлерін анықтау қажет және оқыту әдіс-тәсілдерін белгілеу керек деп есептейді [16,79].

Бұл ғалымдардың берген анықтамалары бойынша, олардың “педагогикалық технология – алға қойған мақсатқа жетуге кепілдік беретін оқу үрдісі” деген тұжырымды қолдайтындықтарын көруге болады.

Г. Нұртаева өз зерттеуін жоғары білім беру жүйесінде химиялық білім берудің жаңа технологиясын жасау мен енгізуге арнаған [17]. Ол өз зерттеуінде компьютерлік технологияны қолдана отырып, білімді бағалаудың рейтінгiлік ұстанымы және білімді меңгеру деңгейін бақылаудың объективтік әдістерінің модульдік жүйесіне негізделген жоғары білім берудің жаңа технологиясын жасауды теориялық тұрғыдан дәлелдеген.

Оның ойынша, оқыту технологиясы – оқу-тәрбие үрдісін құрылымдық түрде ұйымдастыруды шешу мәселесіне қажетті деректердің, процестің өзін және оның қазіргі техникалық жабдықталуын қамтитын бүтін бір комплекс.

Жоғарыда берілген ғалымдардың пікірлері мен көзқарастарын талдай келе, педагогикалық технология туралы бір жүйеге түскен нақты анықтаманың жоқ екендігіне көз жеткізуге болады. Сол сияқты педагогикалық технологияның негізгі белгілерін анықтау мәселесін де, әлі өз шешімін таппаған даулы мәселелердің біріне жатқызуға болады. Педагогикалық технологияның өзіне тән белгілерін анықтау мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде әр түрлі қарастырылған. Мәселен, Г.К.Селевко педагогикалық технологияның бес түрлі белгісін көрсетіп, оған жүйелілікті, басқармалықты, нәтижелілікті, тұжырымдылықты, қабылдауды жатқызады [18,17].

Ал Ж.А.Қараев педагогикалық технологияның төрт түрлі негізгі белгісі бар деп есептейді: мемлекеттік стандарт деңгейіндегі оқыту нәтижесіне 100 % кепілдік, оқу нәтижесін әділ бағалау, дидактикалық үрдістің тұтастығы, оқушының оқу-танымдық әрекетінің құрылысы мен мәнін анықтайтын оқу үрдісінің жобасы [19,4].

Н.Д.Хмель педагогикалық технологияның негізгі белгілеріне мыналарды жатқызады: нақты педагогикалық құбылыстарға жүйелі қарау, технологияда педагогикалық үрдістің екі жақты көрінісінің болуы, субъектілердің орнын және олардың педагогикалық үрдістегі іс-әрекеттерін, алынатын нәтижелерді анықтау [20,19].

М.А.Чошанов нәтижелілікті, үнемділікті, тұтастықты, басқармалықты, түзетуді педагогикалық технологияның белгілеріне жатқызады [21,4].

Ғалымдардың жоғарыда көрсеткен педагогикалық технологияның негізгі белгілері туралы тұжырымдарын талдай отырып, олардың барлығына тән ортақ ерекшеліктің бар екендігіне көз жеткізуге болады. Оған: жүйелілік, басқармалық, нәтижелілік жатады. Қарқынды оқыту технологиясы бойынша педагогикалық технологияның негізгі белгілеріне жаңашылдық, қарқындылық, ғылымилық жатқызылды. Себебі, қарқынды оқыту технологиясы – жаңа педагогикалық технология ретінде, біріншіден, оқу үрдісін ғылыми негізделген бірізділікпен, жүйелілікпен шешуді, яғни ғылымилықты, екіншіден, жаңа, ұтымды әдіс-тәсілдер пайдалану арқылы оқу үрдісін қарқындатуды, үшіншіден, қарқынды оқыту технологиясы жаңа педагогикалық ойлаумен, оқу үрдісін мүлдем жаңа тұрғыда дамытумен байланысты студенттер мен студенттердің, студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеттері арқылы әр қатынасушы қандай да бір жаңалық тудырып, оқу нәтижесіне өз үлесін қосуын, яғни жаңашылдықты көздейді

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


    1. Педагогикалық технология дегеніміз не және оған қандай анықтамалар берілген.

    2. Оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу тиімділігі

Әдебиеттер:

1. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998.

2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998.

32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001.

3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000

4. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989.

5.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989.

15 Дәріс: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің мәселелері



Мақсаты Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы туралы мағлұмат беру

Жоспар:

1. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы

2. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы.

3. Дамыта оқыту технологиясы.

4. Ұжымдық оқыту технологиясы т
Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғары білікті маман даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім беру үлкен маңызға ие.

Қазіргі қоғамның педагогика ғылымының алдына қойып отырған талаптары оқу үрдісіне үлкен өзгерістер енгізуді, оқытуды қарқындатуды көздейді. Сондықтан орыс топтарында қазақ тілін қарқынды оқыту – заман талабына, уақыт ағымына қарай туындап отырған әдістемелік жүйе.

Жалпы оқу үрдісін қарқындату мәселесі және кез келген оқу іс-әрекетінде мүмкін болатын нұсқалардың ішінен ең жақсысын іздестіруге байланысты идеялар бойынша көптеген

Оқу үрдiсін қарқындату мәселесін жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдардың бірі – Ю. К. Бабанский [32]. Ол өзінің “Интенсификация учебного процесса” деген еңбегінде мектепте жаңадан “Отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы”, “Информатика және есептеу техникасы негіздері”, “Қоршаған ортамен танысу”, “Өндіріс негіздері” т.б пәндердің көптеп кіруі, уақыттың жетіспеушілігі сияқты оқушылардың оқу үлгерімінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептерді көрсетеді. Мұндай пәндердің көптігі оқу үрдісін қиындатады, барлық пәндерді толық игеріп шығуға мүмкіндік аз. Осындай себептерді ескере отырып, ғалым Ю.К. Бабанский ұқсас пәндерді, мысалы, қоғамтану мен астрономияны, математика мен сызуды, қоғамтану мен мемлекет және құқық негіздері пәндерін бір-біріне кіріктіре отырып, оқыту үрдісін қарқындатуды көздейді. Ол мұғалім мен оқушы еңбегінің кез келген жағдайда тиісті деңгейде болып, олардың денсаулықтарына кері әсерін тигізбейтін, шамадан тыс күш түсірмейтіндей дәрежеде сабақты ұйымдастыру, сондай-ақ жасаған еңбектері әр кезде де нәтижелі болуы үшін ұтымды оқыту әдістерін таңдау қажет деп есептейді [32,6].

Ал ғалым В.М. Монахов оқытуды қарқындатудың негізі бағыттарын былай анықтайды:

1) жоспарланған оқу циклында берілген мамандыққа қатысты пәндерді ұтымды орналастыру ;

2) оқу үрдісін жобалағанда әр студенттің бастапқы мүмкіндігі мен қабілетін ескеру (оқытудың жаңа технологиясы) ;

3) дидактикалық модульдің әр кезеңіндегі студенттің мүмкіндігі мен қабілетін ескеру;

4) оқу қызметін қарқындату және “неге оқытамыз? ”, “қалай оқытамыз?”, “немен оқытамыз? ” деген мақсаттарды айқындап алу. Ғалымның пікірінше, осы талаптар орындалғанда оқытуды қарқындатуға мүмкіндік туады [11].

Ал қазақ тілін қарқынды оқыту – әлі зерттелмеген тың мәселелердің бірі. Өйткені бүгінгі таңда студенттер алатын ақпарат жан-жақты дамып кетті. Интернет жүйесінің, электронды поштаның өсуі, олардың күнделікті тұрмысқа енуі студенттердің ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Ал берілген уақыт ішінде мол ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік аз. Сондай-ақ, орыс топтарында қазақ тілін үйретуде қазақ тілі тек қарым-қатынас құралы болып қана қоймай, ол студенттің шығармашылық қабілетін, пәндік және жалпы мәдениеттен хабардарлығын жеткізе алатын құрал да болуы тиіс. Осыдан келіп қазақ тілін қарқынды оқытудың себебі туындап отыр.

Қарқынды оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған технология. Бұл оқыту технологиясы тілдерді үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейді. Яғни, қарқынды оқыту технологиясы– берілген уақыт мөлшерінде үлкен табыстарға қол жеткізе отырып, студенттердің шығармашылық қабілетін жетілдіруге, кәсіби шеберлігін шыңдауға негізделген оқыту технологиясының бірі.

Қарқынды оқыту (ҚО) технологиясы – белгілі бір психологиялық, педагогикалық және әдістемелік ұстанымдарға негізделген дидактикалық жүйе.

ҚО технологиясы төмендегідей 4 түрлі ерекшеліктермен ерекшеленеді. Олар:

1) меңгерілетін материалдың көлемі;



  1. 2) қолданылатын әдіс-тәсілдердің әр түрлілігі;

3) үйретілетін тілде тілдік қатынастың үнемі жүргізілуі;

4) жеке тұлғаның психологиялық резервтерінің белсендірілуі.

Осы жерде ҚО технологиясының өзге оқыту технологияларынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерін де атап өткен дұрыс. Бірінші белгісі – студенттер мүмкіндіктері мен мамандықтарын ескеру белгісі. Осыған сәйкес оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлері де, өткізу тәсілдері де өзгереді. Екінші белгісі оның мерзімімен байланысты. Бұл жерде қарқынды оқыту технологиясын қысқа мерзімді жеделдетіп оқытумен шатастырмау керек. Екеуінің айырмашылықтарын ажырата білу өте маңызды. “Интенсивность обучения определяется по формуле: Int= М

N

- где М – количество единиц обучения, а N – количество единиц времени обучения (занятий). Интенсификация учебного процесса – увеличение объема работ в фиксированные промежутки времени или наоборот, уменьшение временных интервалов при фиксированном объеме работ.



Таким образом, интенсификация – это деятельность, направленная на повышение уровня интенсивности. Поэтому различать интенсивность и интенсификацию принципиально важно”,-деп В.С.Страхова [31,18] жеделдетіп оқыту мен қарқынды оқытудың ара жігін ашып береді. Сондай ақ, Қ.Қадашева жеделдете оқыту жөнінде, қазақ тілін оқыту әдістемесінде интенсивті оқыту 1987 жылдан бастап пайда болды. Көптеген әдістемешілер қазақ тілін 3 ай немесе 6 ай ішінде толық үйретіп шығаратын жеделдете оқыту курстарын ашу жеткілікті деп есептеді. Сөйтіп, интенсивті оқыту “қысқа мерзімділік”, “тездету”, “жеделдету” дегендермен синонимдес болып шықты. Көптеген әдістемешілер “интенсивті оқыту” дегенді лексикалық-грамматикалық минимумды лингвоелтану материалдарын барынша мол етіп беру арқылы оқытып, қазақ тілін үйретуге болады деп есептеді. Нақтылы айтқанда, Қазақстанның қазіргі жағдайында жеделдете оқыту әдістемесі және практикасы бар болғанымен, бір жүйелі сипатта емес деген ой қорытындылайды [22,86]. Яғни, қысқа мерзімді жеделдетіп оқытуда көбіне сандық көрсеткіш беріледі. Ал қарқынды оқыту технологиясында сандық көрсеткішпен бірге сапа, мазмұн сияқты көрсеткіштер қатар жүреді. Бұл жерде, негізгі көзделетін мақсат – берілген уақыт көлемінде игеруге тиісті материалды сапалы меңгерумен ғана шектелмей, пәндік білімін тереңдету, белсендіру, жан-жақты білім беру көзделеді. Ал ол үшін қосымша уақыт берілмейді.

Қарқынды оқыту технологиясының негізін ашу үшін “оқуды белсендіру” ұғымын енгізуге тура келеді. Педагогиканың маңызды мәселелерінің бірі – студенттердің оқу іс-әрекетін белсендіру және оқу үрдісін белсендіретін әдістерді қолдану болса, “оқуды белсендіру” ұғымы осы мәселелерді шешудің негізі болып табылады. Бұл ұғым қарқынды оқыту технологиясын, біріншіден, белгілі бір бағыт ретінде көрсетсе, екіншіден, ол оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің көзі болып табылады. Қарқынды оқыту технологиясының өзіне тән әдістерінің бірі – студент пен ұжымның резервті мүмкіншіліктерін белсендіру әдісі. Белсендіру әдісі, ең алдымен, үйренетін тілде еркін тілдік қарым-қатынас жасау міндетін іске асырады. Сондай- ақ, тілдік іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыны қалыптастырып, дамуын қамтамасыз етеді. Жеке тұлға мен ұжымның мүмкіншіліктерін белсендіру әдісінің ерекшелігі – жұмысты бірігіп атқаратын оқу тобын уақытша ұжым ретінде құру арқылы студенттердің резервті мүмкіндіктерін ояту. Сол арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Бұл әдістің оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері тыңдалым, айтылым немесе оқылым ғана емес, керісінше, оқытушы мен студенттің, студент пен студенттің өзара белсенді тілдік қатынасы. Ал студенттердің белсенді тілдік қатынасын қалыптастыру үшін сабақты ұжымдық үлгіде ұйымдастыру қолайлы. Ұжымдық жұмыс ауыспалы жұптық жұмыс, жұптық жұмыс, үштік жұмыс түрінде болуы мүмкін. Сонымен бірге белсенділікті арттыруда рөлдік ойындардың, жағдаяттық тапсырмалардың алатын орны ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет