«Тілді жоғары оқу орнында оқыту мәселелері»



бет3/9
Дата08.06.2018
өлшемі183,64 Kb.
#41705
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдебиеттер:

1.. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956

2. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы
8 Дәріс: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі 
Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері

Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі.



Мақсаты: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесімен танысу
Ғали Бегалиевтіңтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Иманбек Ұйықбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Жоспар:

  1. Ғали Бегалиев - әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі

  2. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары

  3. И.Ұйықбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі

  4. 2. И.Ұйықбаев құрастырған «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі

Әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі – Ғали Бегалиев.

Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары 1930 жылдары жарық көреді де, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың қыр сырын ашуға талаптанады. Ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестер жазады. Әдіскер-ғалымның «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы»(1940), «Әріп, дыбыс, буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау», «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектерінің өз кезеңінде қазақ тілін оқыту жүйесі үшін маңызы зор болғанын атап өту қажет.

Өзге де замандас қаламдастары сияқты Ғ.Бегалиев қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту мәселесіне, алфавиттік жүйе мен байланысты өз пікірін білдіріп отырған. Әдіскер ғалымның «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасының мәселелері» мен «Бастауыш мектепте бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы» деген еңбектері 1950 жылы жарық көреді. Бастауыш мектеп пен орта мектептерде қазақ тілі сабағын оқытудың тиімді жолдарын ұсынып, құнды ойлар айтады. Бастауыш мектептерде қазақ тілі бойынша өтілетін әр сабақтың әдістемесін жасап, әрбір тақырыпты қалай оқыту, әдіс тәсілді қалай дұрыс қолданудың өзі дұрыс деп таныған жолдары мен тәсілдерін ұсынады. Сабақтың өту процесін терең меңгерген ғалым тақырыпты оқыту барысында мұғалімнің алдынан шығатын қиындықтарды алдын-ала шамалап, одан шығудың жолдарын да көрсетіп береді.

Әдістемелік еңбектерінде бастауыш сыныпта өтілетін негізгі тақырыптарды қарапайым да тетең талдай отырып, мұғалім ұстануға тиісті негізгі тәсілдерді белгілеп береді. Грамматикалық жеке тақырыптарды оқытудың әдістемесін жасайды. Әрбір жеке тақырыптың әдістемесін жазудағы мақсатын ғылымның өзі былайша түсіндіреді: «Бұлайша жазуымыздың себебі мектеп мұғалімдері тілден өткізетін сабақтарға оқулық бойынша әзірленгенде, сол сабақты оқыту методикасына да қоса әзірленсін дегендік. Тіл мұғалімі әрі грамматиаклық тақырыпты, әрі оны оқытудың методикасын бір уақытта әзірлесе, оқыту жұмысы сапалы болып шықпақ» (Бегалиев Ғ. «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы, Алматы 1940, 57 –бет.»)

Ғ. Бегалиев есімі қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің дамуына, әсіресе бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың сапалы өтуіне өз үлесін қосқан әдіскер ғалым ретінде танылады.



Ғ. Бегалиевтің негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері:

Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы. Алматы, 1940.

Құрмалас сөйлем. Алматы, 1941.

Қазақ тілінің грамматикасы. Педучилище оқушылары мен бастауыш мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы. Алматы, 1944.

Әріп, дыбыс, буын.Алматы, 1935.

Қазақ тілі граматикасы . ІІ бөлім. Синтаксис. Орта мектептің 6-7 кластарына арналған оқу құралы. Алматы, 1948.

Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері. Алматы,1950.

Қазақ тілі. Орыс мектептерінің 5-7 кластарында оқитын қазақ оқушыларына арналған оқулық. Алматы, 1957.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының әдістемесі ғылымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы, С.Жиенбаев, Ш.Х Сарыбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымовтардың ізімен оқыту ісінің қыр – сырын терең меңгеріп, енді оның тек жалпы бағыттарын ғана емес, тіл білімінің белгілі саласы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыны беру мақсатында зерттеулерін жазған ғалымдар легі жалғасын тапты. Әдістеме ғылымының пән ретінде дамуына үлес қосқвн И.Ұйықбаев, Х.Арғынов, Ы.Маманов, Ж.Шакенов, Б.Кәтембаева т.б. сынды ғылымдар әдістеме ғылымын теориялық тұрғыдан байытты.

Ұйықбаев Иманбай Қабышұлы 1922 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданында туған. 1948 жылы КазПИ – ді бітіріп, 1952 жылы аспирантураны тәмамдайды. 1952-1954 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 1954 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің көріністері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Автордың «Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілі методикасының очерктері» әдістемелік еңбектері мен орта мектептің 8,9 сыныптарына арналған оқулықтары бар.

Грамматикалық талдау грамматика мен емлені меңгеруге көмекші құрал болатындықтан, оны өтілген тақырыпқа сәйкес үнемі жүргізіп отыру қажет. Грамматикалық талдау үшін алынған сөйлемдер жеңіл, түсінікті болуы керек деп жазады.

Лексика саласын оқыту да оқушылардың тілін дамытуға мол мүмкіндік барын айта келіп, автор синоним, антоним, омоним, термин сөзде, көнерген сөздерді т.б. оқытуда иек артуға болатын негізгі тәсілдер мен жолдарды көрсетіп береді.

И.Ұйықбаев диктанттың түсіндірмелі, терме, өздік, шығармашылық, сөздік және бақылау сияқты түрлерін ұсынған.

И.Ұйықбаев құрастырған « Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбектің де әдістеме ғылымы үшін берері мол. Құрастырушы бұл шағын кітапшада Қ.Басымов, С.Жиенбаев, Ш:Х.Сарыбаевтардың өмірі мен шығармашылық жолы туралы құнды деректер бере отырып, олардың шығарған, жазған зерттеу жұмыстарының тізбесін берген. Автордың көрсетілген үш ғалым жөнінде айтқан пікірлері аса құнды.

Мұның өзінің кейінгі ғылыми ізденіспен жүрген ізденушілерге тигізер пайдасы орасан.

Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихында И.Ұйықбаев есімінің де өзіндік орны бар. Автордың қаламынан шыққан қазақ тілін оқыту жүйесіне байланысты еңбектердің маңызы күні бүгін де жойылған жоқ.

И.Ұйықбаевтың негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері:

Категория глагольного вида в современном казахском языке. АКД,Алматы, 1954.

Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері.Алматы, 1958.

Қазақ тілі методикасының очерктері.Алматы, 1962.

Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. Алматы,1969.

Қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттарының проблемасы.Алматы, 1976.

Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші. Алматы, 1961.

Қазақ тілі.8 сыныпқа арналған оқулық.1997.

Қазақ тілі, 9-сыныпқа арналған оқулық.1997.



Дәрісті қорытындылау: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі 
Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері

Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі.



Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары қай жылы жарық көрді?

  2. Әдіскер ғалымның 1950 жылы қай еңбегі жарық көрді

  3. И.Ұйықбаев құрастырған « Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі жайлы не білесің?

Әдебиеттер:

  1. Ұйықбаев И. Зат есімді оқыту // Қазақ тілі методикасының мәселелері. – алматы, 1969. – 228 б.

  2. Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974

  3. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

  4. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

  5. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

  6. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

  7. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

  8. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965

9 Дәріс: Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.


Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты

Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор. Қ.Басымов еңбектерінің маңызы



Мақсаты: Хасен Арғыновтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Қажым Басымовтың ғылыми-педагогикалық шығармашылығы туралы түсінік беру.



Жоспар:

1. Хасен Қуандықұлы Арғынов - әдіскер ғалым.

2. Әдіскер ғалымның «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі жайлы мағлұмат

3.Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор

4.Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері жайлы мағлұмат
Әдістеме ғылымының теориялық тереңдікке бой ұрып, оның жеке сала бойынша өркендеп дамуына үлес қосқан ғалымдарының бірі - Хасен Қуандықұлы Арғынов.

Арғынов Х.Қ. – 1926 жылы Павлодар облысы, Бесқарағай ауданында туған.1951 жылы Семей Педагогикалық институтын бітіріп, біраз жыл мектептерде оқытушылық қызметте болды. 1961-1963 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» , « Қазақстан мектебі» басылымдарында қызметкер болады да, Абай атындағы КазПИ-ге аспирантураға қабылданады. Аспирантурада негізінен қазақ тілін оқыту әдістемесімен, оның негізгі теориялық мәселелерімен айналысады. Бірнеше ғылыми мақалалар жариялап, кейін «Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтасисін оқыту методикасы» атты кндидаттық диссертациясын қорғайды. 1971 жылы «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертациясын жазып бітіреді.

Ғалым еңбегі негізінен қазақ тілінің синтаксисін орта мектептерде оқыту жүйесіне аранлады. Оқушыларға қазақ тілі синтаксисінің және тыныс белгілерінің негізгі заңдылықтарын ашып, олардың дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу машығын дағдыландыруға басты назар аударады. Автордың ойынша, мұғалім синтаксистің негізгі заңдылықтарын сагалы түрде меңгеріп, біліп, соларға сүйенсе ғана, оқушыларына әрбір синтаксистік тұлға мен тыныс белгісінен сапалы да терең теориялық білім бере алады. Теориялық білім берудегі негізгі 15 түрлі ортақ заңдылықты ұсынады. Бұл ұсынылған заңдылықтар тек синтаксисті оқытуға ғана қатысты емес, ғылымның өзге де салаларын меңгертуде қолданыла алады.

Ғалым ең алдымен,оқушыларға берілетін теориялық білім мұғалімнің түсіндіруімен әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсілдері мен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлері негізінде іске асырылатынын атап көрсетеді. Яғни мұғалімнің білімділігіне ерекше мән беріледі. Сыныптағы оқушылардың білім өрісі мен алғырлығына, жұмыс істеу қабілетіне байланысты өтілетін тілдік материалды әртүрлі деңгейде түсіндіруге болатындығына көңіл аударады. Бір ғана теориялық мәселені әртүрлі дәрежеде ұғындыруға болар еді. Ұғымтал, алғыр оқушыға көбірек ақпарат беруге, теориялық сипатын баса айта беруге болса, қабылдауы орташа немесенашар балаға өз дәрежесіне лайықтап қана түсіндіру абзал. Қай сабақта қай оқыту әдісі тиімді екенін, әрі сабақ мазмұны қай дәрежеде болуықажеттігін мұғалім өзі таңдайды. Мұның өзінде де мұғалімге үлкен сауаттылық, жауаптылық керек деп тұжырымдайды ғалым. Өткізілетін материал жеңіл де тиімді меңгерілу үшін, бұрын өткен материалдар үнемі қайталанып, өзара байланыстырылып отырылуы қажет. Әсіресе тіл білімінің салалары, айталық, морфология мен синтаксистің байланыстылығы үнемі ескерілгені мақұл.

Х.Арғынов қазақ тілін оқыту барысында орындалатн жаттығуларға, олардың тәрбиелік мәніне ерекше назар аударады. Оқушыны дағдыландыруға берілетін жаттығу мәтіндерінің тәрбиелік маңызының болуы,оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін жетілдіруге , тілін байытуға қызмет ету мүмкіндігіне көңіл бөледі. Жаттығулар жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу ұстанымына негізделу қажеттігін айтады.

Ғалымның «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі қазақ тілінің әдістемесінде жеке сала бойынша жүйелі курс жасаудағы іргелі зерттеу болып саналады.Еңбек негізгі үш тараудан тұрады.Бірінші тарауы «Сөз тіркесінің синтаксисі» деп аталады да, мұғалімнің сөз тіркесінің әрбір бөлігін қалай өткізуге болатыны туралы егжей-тегжейлі талданады. Жаңа сабақты өту үшін балаларды дайындау, олардың бұрынғы өткен материалдарын естеріне түсіру үшін жұмыстар жүргізу, жаңа сабақтың маңызды жақтарын ұғындырудың жолдары, көрнекі құралдарды пайдалана білу сияқты мәселелердің ешқайсысы да қалтарыста қалмайды.

Екінші және үшінші тараулар жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисіне арналған. Мектептегі оқулық бойынша барлық тақырыптарға тиісті талдаулар жасалып, нақты әдістемелік нұсқаулар мен кеңестер беріледі.

Көрнекі құралдар жасаудың үлгілері, сызбалар мен кестелер келтіріледі.

Х.Арғынов зерттеулері қазақ тілін оқыту әдістемесін пән ретінде жаңа сатыға көтере алды. Оның зерттеу көкжиегін кеңейтті. Әдістеменің негізгі теориялық тұжырымдары ғана жасалып қойғаны жоқ, сонымен бірге, тек синтаксис пен тыныс белгілілер бойынша сабақты жүргізудің ғылыми негізін жасады. Қазіргі таңда қазақ тілінен мектепте дәріс беретін мұғалімдердің басты сүйенер оқу құралы болуға тиіс бұл еңбектің ғылыми деңгейі де, теориялық біліктілігі де жоғары.

Х.Арғыновтың негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері:

Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту методикасы. АКД.;Алматы, 1964.

Қазақ тілі.9 класс оқулығы Алматы, 1971-1978.

Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері ДДА., 1971.

Дидактикалық материалдар. Алматы, 1980.

Қазақ тілі грамматикасын оқытудың әдістемесі туралы терең ғылыми пікір айтқан, зерттеу ұмыстарын жүргізген ғалымдардың бірі – Қажым Басымов. Мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор Қажым Аманғалиұлы Басымов қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі болды. Қазан төңкерісінен кейін профессор Қажым Аманғалиұлы Басымовтың ғылыми-педагогикалық шығармашылығын дамуына орасан зор мүмкіндік туды

Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектері 1920жылдардың ішіне жариялана бастайды. Ол өзінің барлық өмірін жастарды тәрбиелеуге арнады. 1917 жылдан бастап оқытушы болды. Ғылыми-педагогикалық қызметімен қатар профессор Қажым Басымов әдебиет майданына да белсене қатынасты.

Автор 1938 жылы « Грамматика оқыту жөнінде » дген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталады.

Қажым ағарту жолында көп еңбек сіңірді, жүздеген педагогикалық кадрларды әзірлеуге барлық күш – жігерін, білімін жұмсады. Ол оқытқан оқушылар кейін өмірдің алуан түрлі саласында қызмет атқарды. Кейбіреуі докторлық диссертация қорғап академик те болды. Академик Н.сауранбаев Басымовтан оқып, 1928 жылы ағарту институтын бітірген, оның көп шәкірттерінің бірі.

Қ.Басымов 1938 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында басылған мақаласы «Сөйлем мүшелері туралы» еді.

Бұл мақалада қазақ тіліндегі сөйлем мүшелеріне, оның түрлеріне тоқталады. «Осы күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерег тимей келген мәселенің бірі осы сөйлем мүшелері болып келеді.Мұғалімдеріміздің көбі сөйлем мүшелерінің соңғы кездегі дұрыс топтастырылуын бір-бірінен айырмашылықтарын ұғына алмай жүр. Сондықтан осы мәселе жөнінен біраз тоқталып өтуіміз өте керекті болып отыр » - дей келе төмендегідей талдау береді.

Осы күнге шейін сөйлем мүшелері не? Дегенде, беріліп келген жауаптын түрлері мынандай болып келді:

а) Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз.

б) Сөйлемде қанша сөз болса, соларды бәрін сөйлем мүшесі дейміз.

в) Сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі дейміз.

д) сөйлемдегі әр түрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі жейміз.

Міне, сөйлем мүшесін сөзді анықтауда берілген бұл жауаптардың бірден-бір дұрыс деуге болмайды.

Бірінші жауапта: «Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі» дейді екенбіз, бұған ұарағанда ұандай сөздер болса да сөйлем мүшесі бола береді. өйткені сөйлемдегі сөздердің барлығы бірдей сөйлем мүшесі бола бермейді. Сөйлем ішінде келгенәмен сөйлем мүшесі болмайтын сөздер де болады.

Енді, сөйлемдегі әртүрлі сұрауға жауап болған сөзді сөйлем мүшесі жейтін төртінші жауаптың қаталдығына келейік.

Бұл жауаптың қаталдығы, біріншіден әр түрлі сұрауға жауап болатын сөздердің барлығы бірдей сөйлем м,шесі бола бермейді.

Екіншіден, әр түрлі сұрауға жауап бермей-ақ, бірыңғай сұрауға жауап беретін сөздер сөйлем мүшесі бола береді.

1936 жылғы орталау мектепте арналған қазақ тілі бағдарламасы осындай жекеленәп, көпшілік пікірінен қалың халық оқытушыларының тәжірибесінен алыстап, олармен есептесу жағдайында шыққандығы белгілі. Міне, осы себептен бағдарламаның бір талай кемшіліктері болғандыұтан, осы күнге шейін оқытуда талай қиындықтарын тигізіп келді.

Осы шығып отырған тіл бағдарламасы сол талқыланып, кемшілікпен шешілген сызба негізінде жазылып отыр, осы сызба бойынша жаңа бағдарлама жасалған соң да бірнеше рет қаладағы тіл мамандарының қатысқан мәселесінде сыналып, мінеліп, түзетіледі. Сонда да әлі де болса түк кемшілік жоқ деуден аулақпыз. Көш жүре түзеледі. Қалың оқытушы жұмыс үстінде қшырайтын кейбір міндерін тапса, - білімін хат арқылы білдірулері керек. келесі басылуында мінсіз болып шығуына көпшілік пікірі үлкен көмек болады деп есптейміз. Қажымның «Қос сөздердің классификациясы яғни топтастырылуы» берілген мақаласын алайық. Ғалым мұнда қос сөздерде мағыналық һәм тұлғалық жағынан бірнеше топқа бөледі:



  1. екі жағы бірдей мағыналы әрі тқлғалары бұзылмай қосарланып айтылатын қос сөздер деп атайды. Мысалы: ойлай, ойлай, жүре-жүре.

  2. мағына һәм тұлға жағынан әр түрлі алдыңғысы мағыналы болғанмен, соңғысы, бұзылып айтылатын қос сөздер. Басымов бұларды айнулы қайталама қос сөздер деп атаған. Мысалы: жылқы-мылқы, түйе-мүйе.

  3. екі жағыда толық мағыналы болып, тұлғалары бұзылмай, жалпы затты, атын білдіретін сөздер. Бұл топтағы қос сөздер «жалпылы заттың қос сөздер» болып аталған. Мысалы: құрт-ққұмырсқа, аяқ-табақ. Мәне, осындай тәсілмен қос сөздерді жеті топқа жүйеленген.

Қажым орфография мен терминология мәселелерін мұқият зерттеуін бағалау жөн.

Қажым әсіресе емле мәселесімен көбірек шұғылданады. Шын сауаттылыққа апаратын жолдың басы – орфографияның бар ертұрманына сай ету екндігін ғалым жақсы түсінген. Қажым сияқты «астана қарындастың қамын ойлап, бір таңда ұйқысынан үш шошынған» оқығандарымыз. «Қатесіз жазу үшін күрес, әдеби тілді өркендету үшін күрес екендігін естен шығармады. Оқуды жеңілдету, оңай сауаттандыру, сөйлеу – жазу тілін бір қалыпқа түсіру тіліміздің өркендеуіне, мәдениетіміздің гүлдене беруіне жол белгілейтін ірі мәселе болып саналады», - леп жазды Басымов.

Қ.Басымовтың негізгі ғылыми-әдістемелік еңбектері:

Емлемізді түзеу туралы. «Еңбекші қазақ», 1929, 28 февраль, №48.

Қазақ тілін өрендетудегі индоевропашылдыққа қарсы. әСоциалистік Қазақстан», 1933.

Емле сөздігіне негізді тиянақ керек. «Жаңа мектеп», 1930, №3, 22-27 беттер.

Қазақ әрпін өзгерту туралы. «Лениншіл жас» , 1938, 12 январь, №6.

Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік. «Халық мұғалімі», 1938,№3-4.

Грамматиканы оқыту жөнінде. «Ауыл мұғалімі», 1938, №14 июль.

Қазақ грамматикасының кейбір мәселелері. «Ауыл мұғалімі», 1938, №11-12.

Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары. «Жаңа мектеп», 1930, №6,26-52бб,

Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары. «Жаңа мектеп», 1930, №7,35-65бб.

Орталау және орта мектептерге арналған қазақ тілінің жаңа прогрммасындағы кейбір жаңалықтар туралы. 1938.№10.

Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білейік. «Халық мұғалімі». 1939 №1.

Сөйлемнің тқрлаусыз мүшелері. «Жалық мұғалімі», 1939. №7.

Педучилищеде сырттан оқушы мұғалімдер үшін оқу программасы мен методикалық түсіндірулер. Алматы, 1938



Дәрісті қорытындылау: Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.
Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты

Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор. Қ.Басымов еңбектерінің маңызы



Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Хасен Қуандықұлы Арғыновтың қандай еңбектерін білесің?

2. Әдіскер ғалымның «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі жайлы мағлұмат беру

3. Әдіскер ғалымның қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі қандай?

4. Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектерін ата

5. Қ.Басымов туралы ғылыми толық пікірлер қай мақалада жазылған?


Әдебиеттер:

    1. Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, «Ауыл мұғалімі» журналы, 1938 ., №14

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж

    3. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988. – 240 б.

    4. Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. – Алматы, 1995. – 25 б.

    5. Аханов К., Ысқақов А., Кәтенбаева Б. Қазақ тілі / 5-сыныпқа арналған оқулық. – Алматы, 1994. – 173 б.

    6. Прәлиева А., Әбуева К. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. – Алматы, 1992. – 88 б.

    7. Сыздықова Р. Тіл табиғатын таза сақтайық десек // Қазақстан мектебі. – 1993. - №5. – 21-24 б.

10 Дәріс: Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны



Мақсаты: : М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров , Ы.Маманов еңбектерімен танысу. Әмір Рақыштың педагогикалық көзқарастары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Жоспар:

  1. Әмір Рақыш – қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген ғалым, п рофессор.

  2. Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектері

  3. Маманов Ыбырайым - қазақ тіл білімі мен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалым.

4. «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулері
Қазіргі кезде қазақ тілін мектепте оқыту мәселесі төңірегінде таза тәжірибе баяндалатын еңбектермен қатар, қазақ тілі әдістемесә ғылыми-педагогикалық тұрғыда қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне көмекші нұсқау сипатта, монографиялық сипатта, әрі жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық сипатында жазылған еңбектер туды.

Осындай еңбектердің авторы қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген, профессор - Әмір Рақыш.

әміров Рақыш Сәтұлының балалық шағы халқымыздың басындағы қиын жылдармен, сергелең кезеңдермен тұспа-тұс келеді. Ол 1930 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Жетітөбе (қазір Аса деп аталады) аулында туған. әкесі Сәт – мұғалім, шешесі – Мінәсіп үй шаруасындағы кісі болған.

Рақыш Сәтұлы оқуды Жамбыл қаласында бастап, Отан соғысы жылдары туған ауылында жалғастырады.

Ұстаз: «Тәлшә мамандығын қалауыма Ыбырайым Маманрвтың ықпалы сбеп боды», - дейді. Ы:Маманов – студенттермен қоян-қолтық араласып жүоетін көпшіл кісі болатын. Ол кісі 1 курстан бастап курс жұмысы ретінде тақырып берңп, үйінен сирек ұшырайтын ғылыми кітаптарды әкеп беріп, таныстырып, тіл біліміне қызықтырады.

Тіл сабақтарын оқу арқылы оқушылар іскерлікке үйренуге тиіс. Олар жұмысын ұқыпты, таза, әрі ұтымды әдіспен ұйымдастырып істеуге төселеді – деп жазады ғалым өз еңбектерінде.

Р.Әмір мәтінді дұрыс оқуға көп көңі бөледі: «Оқушы қандай болмасын тексті дұрыс оқуға дағдыланбайынша, оның білімдік және тәрбиелілік мәнәі де жете меңгере алмайды. Сондықтан тексті оқығанда оқушының әрбір сөзді дұрыс айтуын қадағалап отыру керек. Оқушының шығармасы я тексті қатесіз оқуы деген сөз:

1) Оқып отырғанда сөз ішінен әріпті, жеке буынды, не сөзді қалдырып кетпей оқуы;

2) кейбір буынды не жеке сөзді қайталап оқымауы;

3) кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы;

4) орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы;

5) текстегі сөздердің мағынасына қарай, лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуы».

Оқушылардың оқу дағдыларын байқау жұмысын жүргізген кезде, жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалмайтын себептерінің әртүрлі екендігі анықтайды да, мынадай жолдарын көрсетеді:


  1. Оқу сабағындағы негізгі мақсат – тексті дұрыс оқып шығу емес, одан ұққанын айтып берумен шектелуі;

  2. Текст оқығанда мұғалімнің оқушыны қатты қадағаламауы;

  3. Әрбір оқушының оқу темпін мұғалім жете білмей, кейде оны асықтыруы деп нақты көрсветеді де, мұғалім тарапынан «қайталап оқыту» талап етіледі.

Енді қате болдырмаужың, болған күнде оны қандай жолдармен түзету керектігі жөнінде былай дейді:

1. Егер тексте бір сөзді қайта-қайта қайталап оқыса, ол жерде екі не үш рет жазылмағанын ескертіп айту;

2. оқушы жылдам оқу мақсатына беріліп, сөзді сөйлемді дұрыс оқымайды. Содай кезде қайтадан қайталап оқыту қатесін ескерту;

3. 1-2 сынып оқушылары үшін оқылуы қиындық келтіретін сөздерден қате жібергенде, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау тәсілін қолдану:

4. Кейбір оқушының қатесін түзетуүшін қатесіз оқитын оқушымен бірлесіп хор ретінде оқыту:

5. Шылауларды (да, де, та, те, мен, пен), сұраулы, лепті, сөйлемдерді, қос сөз, қаратпа сөздерді қосып оқып жібереді. 2-сынып оқушысы грамматикалық ұғым алмағандықтан, олардың дұрыс оқылуын талап ету;

6. Енді бір оқушылардың тарапынан жіберілетін қате қазақ тілінде кейбір біріккен сөздердің оқылуы мен жазылуындағы өзгешелікке байланысты. Мұндай кезде сол сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жүзеге асыруға болады.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық талаптың бірі – оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болатын.

«Мәнерлеп оқу» деген сөз – екінші түрде айтқанда, қандай тексті болмасын дұрыс сөздерді бұзбай, сөз қалдыриай, аяғын жеп қоймай, әрбіреуін анық, дыбыстарын дұрыс атап оқуы. Тексті саналы түрде түсініп оқу мәнерлеп оқи білудің талаптарын қамттыса, керісінше, оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету, - қандай тексті болса да санлы түрде түсініп оқуын қамтамасыз етеді, - деп жазады ғалым.

Қандай болмасын мәтіннің мазмұнын дұрыс ұғып, онда айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыға дұрыс ықпал ету үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы иен мәнерінің де өор маңызы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет