Тілдің қоғамдағы рөлі



Дата08.02.2022
өлшемі55,2 Kb.
#98553
Байланысты:
әлеуметтік лингвистика

Тілдің қоғамдағы рөлі

Сатбай Жанель КРО 4-курс

Әлеуметтік лингвистика

  • Тілдің қоғамда өмір сүруін әлеуметтік лингвистика зерттейді.
  • Әлеуметтік лингвистика – әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы.
  • Оның негізгі объектісі – тілдің функционалды жағын зерттеу. Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік қызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдану, мултьлингвизм процестері.
  • Онан кейін әлеуметтік лингвистиканы қалыптастырушылар мен дамытушылар И.А.Бодуэн де Куртенэ, Ф.де Соссюр, О.Есперсен, И.Буслаев, К.С.Аксаков, Н.П.Некрасова, А.А.Потебня, Ф.Фортунатов, А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, Л.В,Щерба және т.б. болды.

ТІЛ САЯСАТЫмемлекет, қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын қоғамдағы тілдік жағдаятты өзгертуге немесе тұрақтандыруға бағытталған саяси, әлеуметтік және лингвистикалық шаралар жүйесі.

  • ТІЛ САЯСАТЫ – мемлекет, қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын қоғамдағы тілдік жағдаятты өзгертуге немесе тұрақтандыруға бағытталған саяси, әлеуметтік және лингвистикалық шаралар жүйесі.
  • ТІЛДЕРДІҢ ТОҒЫСУЫ – екі тілдің қарым-қатынасқы түсу нәтижесінде бір-біріне әбден сіңісіп кетуі. Тілдердің тоғысуы этникалық топтардың, тайпалардың араласып-құраласып кетуіне, сондай-ақ бір халықтың екінші бір халықты жеңіп, бағындырып, өзіне қаратып алуына байланысты болады. Тілдердің тоғысуы туыстас халықтар тілдері арасында да, туыстық жоқ, тілдері о бастан-ақ бөлек-бөлек халықтар арасында да болуы мүмкін. Саны жағынан көп халық аз халықты өзіне қаратып, қосып алуы да мүмкін. 
  • ТІЛДІК ОДАҚ (орыс. языковой союз) – тілдердің ұзақ уақыт бойында өте тығыз қарым-қатынаста және конгвергентті даму- дың нәтижесінде тарихи-ареалдық құрылым мен материалдық жалпылыққа айналуы.

ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ – белгілі бір географиялық немесе саяси- әкімшілік құрылымдағы бір тілдің немесе бірнеше тілдердің жергілікті-әлеуметтік және қызметтік қатынасына байланысты өмір сүруі. Әлеуметтік лингвистикада тілдік жағдаят негізгі ұғымдардың бірі болып саналады.

  • ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ – белгілі бір географиялық немесе саяси- әкімшілік құрылымдағы бір тілдің немесе бірнеше тілдердің жергілікті-әлеуметтік және қызметтік қатынасына байланысты өмір сүруі. Әлеуметтік лингвистикада тілдік жағдаят негізгі ұғымдардың бірі болып саналады.
  • Тілдік жағдаяттың мынадай негізгі әр түрлі белгілері болады:  сандық, сапалық, баға беру. 
  • Сандық белгілер:
  • 1) тілдер саны
  •  2) тілдерде сөйлеушілер саны (сөйлеушілердің демографиялық қуаты);
  • 3) қоғамдық өмір салалары ішіндегі тілдердің қолданылу салаларының саны; 
  • 4) қолданылуы басым тілдер саны.

Әлеуметтік лингвистикадағы ұғымдар және олардың анықтамасы:

  • Субстрат (лат. Sub – астыңғы және stratum - қабат) – белгілі лингогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер. Субстрат кірме сөзден бөлек нәрсе, оның негізінде этникалық араласу және кірмелердің тілдік ассимиляциясы жатады. Субстракт тілдік ассимиляцияның қостілділік кезеңінен кейін пайда болды. Бұл теория XIX ғасыр басында пайда болған, Я.Бредсдроф зерттеп ашқан. 60-80 жж. оны Г.Асколи, Г.Шухград, А. Мейе, О. Есперсен дамытқан.
  • Диглоссия (грек. Di – екі және glossa - тіл) – қоғамда екі тілдің немесе бір тілдің екі түрлі көрінісінің әр түрлі қызметтік салада бір мезгілде өмір сүруі.
  • Пиджин (ағылш. Business – іс) – тілдердің араласуынан пайда болған құрылымдық-қызметтік тілдердің бір түрі. Пиджин – табиғи дамудың нәтижесі емес, ол екіншілік жасалудың нәтижесі.
  • Лингва франка (итал. Lingua franca – франка тілі) – шектеулі әлеуметтік салаларда әр түрлі тілде сөйлеушілер арасында қолданылатын тілдердің шартты атауы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет