Тілдік таңбалар мен шартты таңбалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары



бет2/3
Дата20.06.2023
өлшемі24,96 Kb.
#179010
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
1 задание тілдік

Таңба және оның түрлеріТаңба депбасқаларға білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына, қолданылатын сезіммүшелерініцбіріне білінетін заттық, құбылыстық, дыбыстық, сәулелік, әрекеттік, тағы солар сияқты белгілерді айтады. Белгілі нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық кәрсеткіш, яғни таңба, таңбалаушы деп аталады да, ол білдіріп тұрған мағына — таңбаланушы деп аталады. Мысалы: светофордың қызыл жарығы — таңбалаушы да, ол білдіріптұрған «жүруге болмайды» деген мағына таңбаланушы. Сондай-ақ шеберханалар маңдайшасындағытелевизор,радиоқабылдағыштардыңсуреттегі таңбалаушы да, олар білдіріп тұрған «осы заттар осы жерде жөнделеді» деген мағына таңбаланушы т. б.

Көмекші таңбаларды материалдық сипаттарына қарай төмендегідей түрлерге бөлушілік бар:


Графикалық таңбалар. Бұған математика, физика, химия, логика ғылымдарында қолданылатын таңбалар және әр түрлі жазулар, мөр таңбалары жатады. Бұлар керу мүшесі арқылы қабылданады. Оларға кейбір ғалымдар ымдау, нұскау белгілерін де, мылқаулардың мимикалық тілін де, әр түрлі іздер мен белгілерді де жатқызады.
Акустикалық таңбалар. Бұған сейлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар, белгілі мақсат үшін берілетін алуан түрлі дыбыстар жатады. Олардың барлығы да есту мүшесі арқылы қабылданады. Есту арқылы қабылданатын таңбаларды олардың жасалу тәсілдеріне қарай кейбір ғалымдар вокалды таңбалар, аспапты танбалар деп екіге бөледі де, алдыңғысына дыбыстау мүшелері арқылы жасалатын сигналдарды, соңғысына әр түрлі музыкалық аспаптар арқылы берілетін арнаулы сигналдарды, дабылдарды жатқызады.
Заттық таңбалар. Бұған жол бойына, кешелерге, кәсіпорындары мен мекемелердің маңдайшаларындағы таңбалар, белгілер, көрсеткіштер және әр әлеуметтік топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары, значоктар мен гербтер, әскери белгілер, түрлі жалаулар арқылы берілетін сигналдар, хабарлар ен-таңбалар жатады.
Ақша таңбалары. Бұған әр елдің, әр дәуірдің қағаз, күміс, бақыр ақшалары жатады.
Сәуле таңбалары. Бұған жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер, сигналдар — светофорлар, су жолында қолданылатын маяктар, бакендер (су бетіне қауіпті жерлерге қойылатын қалқыма шырақтар) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет