Тілдік, тыныс алу жаттығулар


Сабын көпіршігін ұшырайық



бет4/7
Дата19.12.2021
өлшемі39,36 Kb.
#103315
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тыныс алу жаттығулары

Сабын көпіршігін ұшырайық. Бұл жаттығу алдыңғы 3-жаттығуға ұқсас. Сабын көпіршігін елестетіп, болмаса, дайын сабын көпіршігін қолдануға болады. Жаттығу 3-4 рет орындалады.

Қолымызды жылытайық. Балалар, біз қыс мезгілінде далаға ойнағанды жақсы көреміз. Бірақ қолғап кимесек қолымыз тоңып қалады. Міне, міне, қолымыз тоңып қалды, ендеше қолымызды өз демімізбен жылытайық. Қане, қане, қолың тоңса, деміңмен жылыт! Бұл жаттығу 4-5 рет қайталанады.

Артикуляциялық жаттығулары: Тіл бұлшықетіне арналған жаттығулар

1)Тәтті тосап. Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты.

Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады. Тосаптың орнына балды алуға болады.



2) Көңілді тіл.

а) Біздің ауызымызда Көңілді Тіл өмір сүреді. Оның үйшігі - ауыз. Көңілді, тентек Тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды.

ә) Көңілді Тіл күнде ертемен далаға шығып, жан-жағына амандасады.

Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға –солға, солға-оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.

3) Қазы-қарта тураймыз. Ауызымызды ашып, бір-бірімізге не айнаға қарайық. Ауызды ашсақ әдемі тістер көрінеді. Тісіміз өткір, пышақ секілді. Осы тістердің көмегімен біз ауызға түскен тамақты тістеп, кесіп, бөлшектеп жейміз. Ал тіліміз қазы-қарта секілді ет екен. Ендеше қазы-қарта турайық.

Тілді біртіндеп баяу шығарып, тіспен тістейміз. Туралған қазы-қартаны ауызға саламыз. Осылайша тіл кері ауызға қайтарылады. 3-4 рет қайталайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет