Тілдік, тыныс алу жаттығулар



бет6/7
Дата19.12.2021
өлшемі39,36 Kb.
#103315
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тыныс алу жаттығулары

Балапанның тұмсығы:Ерінімізді жұмылдырып, алға сүйірлеп шығарамыз, бастапқы қалып.

Бірден тез күліңдер. Еріндеріңді сүйірлеп алыңдар да, соңынан тістеріңді көрсете отырып, бірден тез күліңдер.Қақпа Ерінімізді кеңінен ашып, жұмылған тісті (тісті тіске тигізу)көрсетеміз. Содан соң бастапқы қалыпқа келеміз.



Атты тоқтатыңдар. Атты тоқтатыңдар: «Дырр-р-р»

Балапанның тұмсығы Томпиған ұрт

Томпиған ұрт. Екі ұртты да томпитып алыңдар да, бұдан соң

алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басыңдар, бастапқы қалып

Баланың тілін дамытуда «саусақ» ойындарының алар маңызы зор.

Саусақ ойындарын тіл үйретудің қандай да бір әдісі ретінде атай алмасақ та, оның қызықты, әрі пайдалы іс екендігінде сөз жоқ. Танымал педагог В.А.Сухомлинский: «Балалардың ақылы саусақтың ұшында» деген екен. «Қол – бұл өз алдына сыртқы ми» деп жазады Кант.

Саусақ ойындары баланың миын дамытады, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, қиялын жетілдіреді.Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бала тілінің даму деңгейі олардың саусақ қимылдарының дамуымен тікелей байланысты. Саусақтың тіл дамытудағы маңызына мән берген халқымыз түрлі балалар өлеңдерін, тақпақтарын ауыз әдебиетіне үлгі етті.

Физиологтардың арнайы эксперименті бала саусақтарының сөйлеу мүшесінің қозғалтқышы ретіндегі ролін дәлелдеп, осы құбылыстың себебін түсіндіріп берді. Мәселе мынада, адамның бас миында жалпы қозғалтқыш аймақтың бөлігі болып табылатын қозғалтқыш сөйлеу аймағы орналасқан. Осы аймақтың үштен бір бөлігі қол қимылын «басқарады» және сөйлеу мүшесінің қимылын басқарушы аймақтың жанында орналасқан. Сондықтанда саусақ қимылын жаттықтыру сөйлеу қимылын да жаттықтырып жетілдіреді.Саусақ қимылын сөзбен, сөйлеммен, өлеңмен біріктіре орындайтын ойындар баршылық. Сөзбен қостамай-ақ орындалатын жаттығуларды да орындауға болады. Кейбір саусақ ойындары кішігірім ертегілерді еске түсіреді, мәселен, «Екі лақ», «қоян мен кірпі». Осы орайда саусақпен орындалатын көлеңке театры да септігін тигізеді.

Ерте кезден-ақ әр халықтың өзіндік саусақ ойындары кең тараған. Қытайда таспен және металл шармен жаттығулар жасауды меңгерген. Осы жаттығуларды үнемі қолдану адамның жадын, жүрек қан тамырлары мен ас қорыту мүшелерінің қызметін жақсартады. Ал Жапонияда грек жаңғағымен алақан және саусаққа арналған жаттығулар орындайды. Алты қырлы қарындашты алақан арасына салып домалату да керемет әсер береді. Бәрімізден бала кезден «Қуырмаш», «Санамақ» ойындарын үйреніп өстік. Саусақ ойындары әр бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Тіптен кішкене сәбилерде ересектердің қол қимылын бақылап, «қоянның құлағын қозғалтқанына», «өрмекшінің жүгіргеніне», «құстың ұшқанына» т.б. қызыға қарайды.

Баланың тілін дамыту үшін саусақ ойындарын қимылға еліктіретін өлеңдермен жүргізудің маңызы зор. Өлеңдер баланың зейінін аударады және жеңіл жатталады. Сөз қатарының ырғағы және оның өзгеруі бала үшін ғажайып әсер береді, жұбатады, тыныштандырады. Қандай ойын және қанша ойнағысы келетінін баланың өзі қалайды. Педагог ата-ананың, баланың қалауын тез табады. Балаға ойынның ұнау не ұнамауы ересектердің осы ойынды орындауына байланысты. Бүгінде мамандар ескінің көзі ретінде осы ойындарды қолға алып, жаңа ойындарды ойлап шығарды.Саусақ ойындарын дидактикалық және дамытушы материал ретінде ұсынуға болады.

Саусақ ойындарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.Ойынды бастар алдында баламен бірге оның мазмұнын талқылап, осы орайда қажетті ым-ишара, саусақ, қимыл үйлесімділігін игеруге болады.Жаттығуды бастамас бұрын алақанды жылуды сезінгенге дейін жеңіл сипай отырып қыздырады.Барлық жаттығулар 3-5 рет жай қарқынмен, алдымен оң қолымен, содан соң сол қолымен, кейін екі қолымен бірге орындайды.Жаттығуларды баламен бірге орындаңыз, осы жерде ойынға еліктегеніңізді, қызыққаныңызды көрсете біліңіз.

Жаттығуларды орындау барысында мүмкіндігіңізше қолыңыздың барлық саусақтарын қатыстырыңыз. Бір қимылдан екінші қимылға ауыстыру үшін қол білезігін дұрыс қоя білуіне көңіл бөліңіз.Балалардың барлық жаттығуларды жеңіл, қол бұлшықеттеріне шектен тыс күш түсірмей орындауына көңіл бөліңіз. Бұл жаттығулар оларды шаттық сезіміне бөлеуі тиіс.

Барлық нұқсаулар жәй, мейірімді дауыспен, артық сөз қолданылмай, нақты беріледі. Қажет болса балаға көмек көрсетіледі.Дұрысында әр жаттығудың өз атауы болады және бірнеше минутқа созылады.Ойынды қайталап өткізу барысында балалар кейде мәтінді үзік-үзік (әсіресе сөйлемнің басы мен соңын) айта бастайды. Біртіндеп мәтінді жатқа айтады және сөзді қимылмен сәйкестендіріп тұтас айтатын болады.Екі немесе үш жаттығуды орындаған соң, біртіндеп оларды жаңа жаттығулармен алмастырыңыз.

Ең ұнамды, ұтымды ойынды өз қоржыныңызға қалдырып, балалар қалауына қарай қайта ойнауға болады.Баладан бірнеше күрделі міндетті бірден шешуді (мәселен, қимыл мен көрсету және мәтінді айту) талап етпеңіз. Баланың зейін көлемі шектеулі, әрі орындалмаған міндеттер баланың ойынға деген қызығушылығын жояды.

Балаға жаттығуды ешқашанда мәжбүрлеп орындатпаңыз. Жаттығуды орындаудан бас тарту себептерін анықтауға тырысыңыз, оларды жөнге келтіріңіз, қажет болса тапсырманы өзгертіңіз.

Саусақ ойынын қолдану технологиясы:Жасы,Мазмұны,Технологиясы,3-4 жас.Балалар жануарлар бейнесін алдымен оң қолымен, содан соң сол қолымен, кейін екі қолымен бейнелеп орындайды.Содан соң осы ұстаныммен екінші бейнені жасап үйренеді.

Әрі қарай бір қолымен бірінші бейнені, келесі қолымен екіншісін орындайды және екі бейнені екі қолға ауыстырып бейнелейді.Балалар оң және сол қолын кезектестіріп саусақтарын бүгіп және жазып үйренеді.Балаларға өлең, тақпақ не санамақ үйретіледі. Балаларға жануарларды қолмен, саусақпен қалай бейнелегендерін еске түсіру ұсынылады. Содан кейін кейіпкердің басты іс-әрекетіне көңіл бөлінеді. Балалар қимылды орындау барысында саусақтарын қажетті қалыпта сақтай білуі тиіс.

4-5 жас Балалар оң және сол қолымен алуан түрлі жануарлардың т.б. бейнелерін және қимылдарын орындайды.Балалар екі қолының саусақтарын бүгіп қысады, яғни жұдырықтайды және кері жазады.Балалар екі қолының саусақтарын біріктіріп қандай да бір бейне құрайды.Бейнені құрып орындау барысында қол білегінің, саусақтардың дұрыс қалыпта тұруына көңіл бөлінеді.

5-7жас:Балалар қолдарын көрсетіп, бейнелерді ауыстыра отырып, өлең, тақпақтарын айтады.Бір қолының саусақтарын кезектестіріп біріктіреді (1-2, 1-3, 1-4, 1-5). Содан соң екінші қолымен және екі қолымен қатар орындайды.Қосымша материалдарды (шар, орамал, қарындаш) қолдана отырып жануарлардың бейнесін саусақпен құрады.Қолмен, саусақпен құрылған бейнелердің сапасына, жеке саусақтардың қимыл үйлесімділігіне және затты ұстау ептілігіне көңіл аударылады.

Саусақ гимнастикасы:Саусақ ойындарын ойнату үшін алдымен балаларға қарапайым саусақ жаттығуларын жасату қажет. Саусақтары жаттыққан бала сөзді немесе өлеңді ойын қимылдарын тез орындап үйренеді.

1. Барабанда ойнаймыз. Балалар саусақтарын бүгіп, яғни жұдырықтарын түйіп, кеуде тұсынан сәл төмен ұстайды. Содан соң сұқ саусағын жазып, тік ұстап көрсетеді де, «барабанда ойнаймыз» деген тәрбиешінің белгісі бойынша сұқ саусағын жоғары төмен қозғалтады

2. «Біздер – ұстамыз». Балалар екі қолын түйіп, сол қолымен «шеге», ал оң қолымен «балға» ұстап, балғамен шегені ұрады.

3. «Дүрбілер». Балалар бас бармағы мен сұқ саусағын біріктіріп шеңбер жасайды да, тәрбиешінің «дүрбімен қарайық» деген белгісі бойынша саусақ шеңберімен жан-жағына қарайды.

4. «Кір жуамыз». Балалар жұдырығын қысып, «кір жуамыз» дегенде екі жұдырығын бір-біріне тигізбей қарама-қарсы қозғалтады.

5. Тары мен күрішті жинау. Балаға кішкене кесеге араластырылып салынған тары мен күріш беріледі. Тарыны бір кесеге, күрішті екінші кесеге салу тапсырылады.

6. Қуыршақтың белбеуін байла. Балаға қуыршақ және үш өрімді белбеу беріліп, «қуыршақтың белбеуін байла» деп тапсырма беріледі. Алғашында қиынсынса көмектесу керек. Біртіндеп жаттығу күрделенеді. Әрі қарай баланың өзі де қуыршақтың, кейін өзінің белбеуін, аяқ киімінің бауын еркін байлайтын болады.

7. Тасбақа.

Тасбақа, тасбақа,

астында тұрады.

Басын баяу шығарып,

Тиіссең кері тығады.

Жұдырықты түйіп, бас бармақты шығарады да, тасбақаны бейнелейді.. Өлең мазмұнына қарай саусақты кері жасырады. Осы тектес келесі өлеңдерге де қимыл жасауға болады.

«Қоян»

Айнаға қоян қарады,



Құлақтарын санады.

Ешкі.


Мүйізді ешкі қарады.

Қаш, қаш сүзіп алады.

Шөп жұлу.

Оң қолыммен шөп жұлдым,

Сол қолымен шөп жұлдым

Шөпті жинап қораға,

Бабын таптым жылқымның.

Саусақ ойынына арналған өлеңдер

Қазақтың халық тәрбиесінде ойын-өлеңдер саусақ ойындарының эстетикалық әсерін арттырады. Балалар әдебиетіне үлес қосқан танымал ақын-жазушылардың саусақ ойынына арналған өлеңдері баршылық. Осы өлеңдерді саусақ ойыны арқылы орындаған жөн.

Бірқатар саусақ ойынына арналған өлеңдерге назар аударайық.Бас бармақтай балақай

Ойынның мақсаты: балаларды қойылған сұрақ пен оған қайтарылған жауапты айтушының дауыс ырғағын ажыратуға және оларды жеңіл-желпі ойындық қимылдар жасай білуге үйрету.

Тәрбиеші баланың жұдырығын түйіп тұрған қолын ұстайды да, тақпақтың сөзін айта отырып, саусақтарын бір-бірлеп (тақпақтың сөзіне сәйкес) аша береді:

Бас бармақтай балақай, (Басбармақты ұстап)

Қайда болдың?

Мынау үлкен ініммен (Сұқ саусағын ашады)

Орманда болдым бүгін мен.

мына бір ініммен (Ортаңғы саусағын ашады)

Ас пісірдім бүгін мен.

Одан кейінгі ініммен (Аты жоқ саусағын ашады)

Ботқа жедім мен енді.

Ал мына ініммен (Шынашағын ашады)

Айттым ән мен өлеңді.

Тәрбиеші бұл тақпақты екі-үш балаға қатарынан айтқызуына болады, бірақ алдымен олардың әрқайсысына жеке-жеке айтып көрсету керек, сонда ғана балалар тәрбиешінің алғашқы көрсеткеніндей жұдырықтарын өздері түйіп, саусақтарын бір-бірлеп өздері ашып отыратын болады.

«Қуырмаш»,«Қуырмаш» ойыны әрі баланың көңілін көтереді, әрі тілін дамытып, дүниетанымын арттыру үшін қолданылады.

Қуыр-қуыр қуырмаш,Бидай қуыр, қуырмаш.

Тауықтарға тары шаш:Бас бармақ,

Балан үйрек,Ортан терек,

Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек,

- деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап, жұдырыққа түйеді де, одан соң әрбір саусаққа «қызмет» беріп, іске жұмсап, балдырған-дардың жұдырығын жазады:

Сен тұр – қойыңа бар!

Сен тұр – жылқыңа бар!

Сен тұр – түйеңе бар!

Сен тұр – сиырыңа бар!

– деп төрт саусақты төрт түлік малға «жұмсайды да, ең кішкене саусақ шынашақты жұмсамай еркелетіп:

Ал сен алаңдамай ,Қазанның түбін жалап,Үйде жат!

- дейді де, оны «жатқызып қойып, ойыншы қол бойынан» қызық іздейді:күлдіреді.

Мына жерде қант бар,Мына жерде жент бар,

Мына жерде қатық бар,Мына жерде қытық бар!- деп қытықтап, балдырғанды еріксіз

Он саусақүЖалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алма жіпті де.Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды ...Өнерлі екен он саусақ!

Қала салсақ, жол салсақ....

М.Әлімбаев

Қуыр, қуыр, қуырмаш,Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Мен айтайын қолыңды аш.Мынау тұрған – бас бармақ,

Жұмыс содан басталмақ.Алақанның тұңғышы,

Болсын осы жылқышы.Балаң үйрек жанында,

Бейім сиыр бағуға.Мына жерде күн болар,

Мына жерде түн болар,Мына жерден ай шығар,

Мына жерден май шығар.Бәрін айтып болдық па?

Келіп қалдық қолтыққа.Қытық, қытық, қызық-ай,

Міне, өрік, міне, май.Е. Ашықбаев



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет