Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескінін тілік деп айтады. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы тілікке қатысты, бұл заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан нәрселер кескінделіп көрсетіледі. Егер де заттың құрылымын түсінуге, қиюшы жазықтықтық ар жағында жатқан кескіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды көрсетпеуге болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі. Тіліктерде материалдардың графикалық белгіленуін әр түрлі
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік екі топқа бөлінеді:
Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.
1. Горизонталь тілік деп горизонталь проекциялар жазықтығына параллель қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.
2. Вертикаль тіліктер - қиюшы жазықтық горизонталдь проекция жазықтығына перпендикуляр орналасады. Вертикаль тілік фронталь тілік және профиль тілік болып екіге бөлінеді.
3. Көлбеу тілік - егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына қандай да болмасын бұрыш жасай орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады.