5-оқушы: Ана тілің-арың бол,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
1-жүргізуші: Ән: «Анашым»
6-оқушы: Ана тілі-асыл нәрі бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр,
Туған тілді жаттап өскен баламның.
2-жүргізуші:Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Ән: «Атамекен».
7-оқушы: Ақиқатты мойындайық қазір біз
Мәңгүрт бала жаздағанбыз бәріміз.
Тіл-тәрбие,ұлт мейірі емес пе,
Мәңғі бақи шырқалатын әніміз.
8-оқушы: Өз тілімдей тіл қайда еркін басар?
Тілім барда еркіме кім таласар.
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып сиқым қашар.
9-оқушы:Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
1-жүргізуші: Би: «Қара жорға»
2-жүргізуші: II бөлім:«Ана тілі-білімнің кілті». (Топтар арасындағы сайыс)
1-жүргізуші: Асыл тастан,өнер жастан
Шығады деп дарынды.
«Халық айтса қалып айтпайды»,
Әрқашан да нанымды,-дей келе сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Сайысымыз бірнеше бөлімнен тұрады.
1.Таныстыру.
2.Бәйге.
3.Полиглот.
4.Топбасшылар сайысы.
2-жүргізуші: Кім білімді,өнерпаз,білейікші,
Оқушылар алғыр деп жүрейікші.
Әділқазылар алқасына тек әділдікті,
Сайыскерлерге сәттілік тілейікші,- деп сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1-ші сайысымыз:Таныстыру.
1-жүргізуші: Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.Келесі сайысымыз-«Бәйге».
«Бәйге» (Әр топқа сұрақтар қойылады. )
1-топқа
1.Фонетика нені зерттейді?
2.Қазақ тілінде неше буын бар?
3.Қазақ тілінде неше әріп бар?
4.Сын есім дегеніміз не?
5.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
2-топқа
1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2.Әріп дегеніміз не?
3.Жұрнақ нешеге бөлінеді?
4.Бір аптада неше күн бар?
5.Қазақстан Республикасының астанасы?
1-жүргізуші: Келесі сайысымыз Полиглот.(мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін анықтап,екі тілдегі баламасын табу керек.)
1-топқа
1.Құлақтан кірген......
Жүрекке барып мұз болар. (сөз-слово)
2.Таза мінсіз асыл......
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады. (тас-камень)
3.Бас кеспек болса да,
...... кеспек жоқ. (тіл-язык)
2-топқа
1.Сөз анасы-құлақ,
..... анасы-бұлақ. (су-вода)
2.Ілім-бұлақ,
......-шырақ. (білім-знание)
3.Жігіт бір сырлы,
...... қырлы болсын. (сегіз-восемь)
2-жүргізуші: Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген,
Халқын сүйіп жарытпас-деп қырғыз ақыны Б.Сарноғаев айтса Расул Гамзатовтың "Ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін дайынмын!"деген ойлары тілдің қай елде,қай ұлтта болса да қастерлі қасиетті екенін дәлелдейді.
Келесі кезекте Топбасылар сайысы.
Сұрақтар:
1.Ұлттық ойын түрлерін ата?
2.Абай Құнанбаевтың өлеңдерін ата?
3.Қазақстан Республикасының президенті кім?
4.Жыл мезгілдерін ата?
5.Төрт түлікті ата?
6.Адамның сенімді серігі.
1-жүргізуші:Қорытынды.
Әділқазылар топтардың балдарын есептеп болғанша келесі кезекті биге берейік.
Би: «Вальс»
2-жүргізуші: Асан қайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қызыл тіл.
Әз Жәнібек Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл.
1-жүргізуші: Осы тілді жек көрген,
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен
Баба тілі асыл дүр – деп «Тілім тірегім-соғып тұрған жүрегім»
Атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет . Сау болыңыздар!