Ұтымды сұрақ – табысты сабақтың кепілі



бет2/3
Дата13.11.2022
өлшемі27,06 Kb.
#157992
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Мақала 1

Р/с

Сұрақтың түрі

Сұрақтың сипаты

Мысалы

11

Жетелеуші сұрақтар

Күтілетін жауапқа не жауап беру керектігін білдіру үшін құрастырылған сұрақ 

Осылай деп есептейсіз ғой?

22

Негізгі сұрақтар

Алдын-ала жоспарланған жабық немесе ашық сұрақтар



Жабық сұрақтар – біржақты жауап беретін сұрақ. Олар нақты құрастырылып, қысқа жауапты ұйғаруы керек.

Осы шығармада кездеседі ме?
Осы кейіпкерге ғана тән бе?

Ашық сұрақтар – қысқа жауап берілсе де қиын сұрақ, ол қандай да бір түсіндіруді, ойлау жұмысын қажет етеді. Жауап барысында себептеріне нақты өзіндік пікір береді.Қосымша мәліметтер алу мақсатында немесе жауап берушінің шынайы уәжін немесе ұстанымын анықтау үшін қойылады, олар оған еркін ойлауға және өз ойын кеңінен айтуға мүмкіндік береді.

Сіздің ұсынысыңыз қандай?
Осы бойынша сіздің шешіміңіз қандай болады?

33

Екінші кезектегі немесе кейінгі сұрақтар

Негізгі сұрақтарға алынған жауаптарды нақтылау үшін қойылатын жоспарланған немесе кездейсоқ сұрақтар.



Сонда осы жауап орынды деп таныдыңыз ба?

44

Баламалы сұрақтар

Ашық сұрақ түрінде қойылады, бірақ алдын ала дайындалған бірнеше жауаптың нұсқалары болады.



Сіз оған осындай мінездемені неліктен бердіңіз: автордың сипаттауына қарап па, кейіпкердің әрекетіне қарап па?

55

Шешендік сұрақтар

Тура жауапты қажет етпейді және жауап берушінің қандай да бір реакциясын туғызу: оның көңілін аудару, басқалардың қолдауына ие болу, мәселенің шешілмегеніне көңіл аударту үшін қойылатын сұрақтар.

Берліген қорытындыны дұрыс деп қабылдай аламыз ба?
Осылайша автор оқырманның көңіліне жол таба алады ма?

66

Шұғыл сұрақтар

Әңгімені қатаң қалыптасқан шеңберде ұстап тұрады немесе бірнеше жаңа мәселе көтереді. Осыған қоса олар, әдетте, жауап берушінің ұстанымындағы жанды жерін табуға көмектеседі.
Мұндай сұрақтар басқа мәселеге көшкіңіз келсе немесе жауап берушінің қарсылығын сезген кезде қойылады. Сұраққа жауап бере алмауы мүмкін, керісінше, оның жауабы кездейсоқ және мықты болуы мүмкін, бұл сіздің ұстанымызды әлсіретіп және алдағы жоспарыңызды өзгертуі мүмкін.

Сіз шындық тұрғысынан келгенде, кейіпкер әрекетіне әділ баға бердім деп ойлайсыз ба?

77

Ойлануға арналған сұрақтар

Жауап берушіні айтылған нәрсені мұқият талдауға және түсіндіруге мәжбүрлейді.
Мұнда жауап берушіге ойлануға және өз ұстанымына түзетулер енгізуге мүмкіндік беріледі.

Өз пікіріңіздің дұрыстығына қалай көзімізді жеткізе аласыз?

98

Бақылау сұрақтары

Жауап берушілердің назарын басқаруға көмектеседі, үдерістің алдыңғы кезеңдеріне қайта оралуға, соған қоса қол жеткізген сенімді тексеруге мүмкіндік береді.

Сонымен, қойылған сұрақтардың барлығы да кейіпкердің мінезін толық аша алды ма?

19

Қақпан сұрақтар

Жауап беруші сұрақ қоюшыға қоя алады. Сұрақты дұрыс қоя білумен қатар, оған қарсы пікір білдірушінің мақсатын есепке ала отырып, жауап бере де білуі керек. Сұхбат үдерісінде келесі қақпан сұрақтарға дайын болу керек.

Автордың сіз айтқан идеяны көздегендігіне дәлеліңіз бар ма? Олай болғанда, автор кейіпкерге мұндай әрекеттер жасатпас еді ғой?

110

Құзыретті-лікті тексеруге бағытталған сұрақтар

Мұндай сұрақтардың мақсаты сұрақ берушінің білімін және тәжірибесін бағалау болып табылады. Дұрысында, жауап беруші осындай сұрақтың жауабын біледі, бірақ сұрақ қоюшының оған қалай жауап беретінін тексергісі келеді.

Автордың идеясы айқын болып тұрса, оны сұраудың қажеттілігі қанша?

111

Өз білімін көрсетуге бағытталған сұрақтар

Бұл сұрақтардың мақсаты – басқа сұхбатқа қатысушылардың алдында өз құзыреттілігімен, зиятымен көзге түсу. Бұл өз-өзіне сенімділік қалыптастырудың бір түрі, «ақылды» сұрақпен басқалардың құрметіне бөленуге ұмтылу.

Кейіпкердің іс-әрекетінің астарында қандай ой жатқанын кім байқады?

112

Жаңылыс-тырушы сұрақтар

Қарсы жақтың жауабынан жаңылыстыру немесе өз көзқарастарының жалған емес екендігіне көз жеткізу үішін қойылады.

Автор бұл арқылы бастапқы идеясынан кейін бас тартқан дегіңіз келіп тұр ма?

113

Арандатушы сұрақтар

Көбінесе жауап берушінің қазіргі айтқаны мен бұрынғы айтқанының арасындағы қарама-қайшылықты ұстап алу үшін қойылады.
Жауап беруші өз сөзін дәлелдер арқылы түсіндіруге ұмтылады.

Сонда сіз осы сөзіңіз арқылы кейіпкердің өзіңіз берген жағымды мінезін жоққа шығарғыңыз келіп тұр ма?

«Іс-әрекетті зерттеу үшін сұрақ қою» деген еңбегінде Ф.Киркман зерттеу сұрағына: «... нақты, шоғырланған, жинақы, кешенді және дәлелдеуді қажет ететін сұрақ, оның айналасына сіздің зерттеуіңіз құрылады» деген түсінік бере отырып, мұғалімнің назарын зерттеу үшін қойылатын сұрақ түрлері, зерттеу сұрағының зерттеу үдерісінің өту барысындағы қозғалысқа бағыт берер күші жайлы айта келіп, «Зерттеу сұрағы қалай құрастырылады?» деген сұраққа толық жауап беріп өткен [7].


В.Бэконның: «Ақылды сұрақ – білімнің басым бөлігін құрайды» деген сөзімен айтсақ, сұраққа байланысты қай еңбекті алсақ та, сұрақ қоюдағы негізгі мақсат ой қорыту, сол арқылы білім негізін қалау екен [4]. Олай болса, оқушы дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстап отырған оқу мен оқыту үдерісін сұрақсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бұл еңбектің де мақсаты сұрақтың осы үдерістегі маңызын таныту болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет