Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa сборник задач



Pdf көрінісі
бет5/78
Дата02.11.2022
өлшемі2,87 Mb.
#156208
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
Timss ж не pisa халы аралы зерттеулерге о ушыларды дайындау а а

7-тапсырма. Аласа таулы өлкелер 
Гүлжан еліміздегі аласа таулар туралы деректер жинап, аласа таулардың 
биіктіктерін кестеге енгізді (4-кесте).
4-кесте – Таулардың биіктіктері
Таудың атауы 
Биіктігі 
Қызылтас 
1283 м 
Қызыларай 
1565 м 
Кент 
1415 м 
Қарқаралы 
1403 м 
Баянауыл 
1026 м 
Гүлжан жинақтаған деректерін диаграмма түрінде көрсетпекші болды. 
Диаграмма салуды аяқтаңыздар (2-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет – Диаграмма
 
8-тапсырма. Жануарлар
Жануарлардың көпшілігі аяқтары болғандықтан еркін қозғала алады. 
Қозғалып жүретін мүшелері жоқ жәндіктер де, жануарлар да бар. Мысалы, 
жыландар, құрттар. Теңіз түбін мекен ететін маржан бекінген орнынан 
қозғалып жүрмей-ақ өмір сүре алады. Медузалар мен теңіз құрты реактивті 
қозғалыс жасап, аяқсыз-ақ шапшаң жүзе алады.
Сұрақ: Жануарлардың қозғалысын күнделікті өмірде кездесетін қандай 
көліктердің қозғалысымен салыстыруға болады? Мысалдар келтіріңіздер. 
 



9-тапсырма. Топырақ
Топырақ дегеніміз – ерекше табиғи дене. 3-суретте бейнеленгендей 
топырақ түрлі организмдердің, жылудың және атмосфералық жауын-
шашынның әсерінен пайда болған.
Сұрақ: Топырақтың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?
2-кестеге ия/жоқ жауабын жазыңыздар. 
3-сурет – Топырақтың пайда болуы
5-кесте – Топырақ түзуші факторлар
Ия 
Жоқ 
Адамның іс-әрекеті 
Климат және ішкі сулар 
Өсімдіктер 
Жануарлар дүниесі 
Бунақ денелілер 
Микробтар 
Саңырауқұлақтар 
 
10-тапсырма.
Жер бетінде ғажайып материк бар. Оның ғажайып болу себебі келесіде: 
егер саяхатшы кемемен осы материктің жағалауымен батыстан шығысқа қарай 
жүзсе, үш мұхитты кесіп өтеді. Бұл материкте солтүстік пен оңтүстік 
орындарын «ауыстырады». Сонымен бірге бұл жерде адам теңіз бен құрылықты 
айыра алмайтын күйге түседі.
Сұрақ: бұл қай материк?
Қандай үш мұхитты жүзіп өту керек?
Неліктен оңтүстік пен солтүстік бір уақытта орындарын ауыстырады? 
Неліктен бұл жерде теңіз бен құрылықты айырып алу қиындық туғызады? 
жәндіктер
өсімдіктер
құрттар
саңырауқұлақтар
микробтар
кішкентай
аңдар



11-тапсырма.
Бұл бұғаз бір уақытта бірнеше қызмет атқарады: екі мұхитты және екі 
теңізді жалғастырады, екі материкті, дүниенің екі бөлігін, екі түбекті, екі 
мемлекетті бөледі.
Сұрақ: бұл қай бұғаз? 
Бұл бұғаз жалғастыратын (қосатын) және бөлетін нысандарды жұп-
жұбымен жазыңыздар. 
Екі мұхит –
Екі теңіз –
Екі материк –
Дүниенің екі бөлігі –
Екі түбек –
Екі мемлекет –
12-тапсырма.
Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін құрлықтың 
«ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 12000 мм жауын-шашын 
түседі.
Сұрақ: бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады? 
Астана қаласына осынша жауын-шашын мөлшері қанша уақытта түсетінін 
есептеңіздер.
Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай жерлерді 
білесіздер, атап шығыңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет