4
Математика
Математика пәні бойынша тапсырмалар
TIMSS тапсырмаларының
жасалуы құрылымына сәйкес әзірленген.
3-кесте – Математика пәнінен тапсырмалар
Мазмұны
Сандар
: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар;
қатынас, пайыз және пропорция
Алгебра
:
тәуелділік; алгебралық өрнектер; өрнектер/теңдеулер және функциялар
Геометрия
: геометриялық өлшеулер; геометриялық фигуралар;
фигуралардың
орналасуы мен қозғалысы
Мәліметтер және ықтималдық
:
Мәліметтермен жұмыс; мәліметтерді беру; ықтималдық
Сандар
бөлімі
натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар;
нақты сандар; қатынас, пайыз және пропорция ұғымдарын түсінумен қатар
оларды түрлі есептерді шығаруда қолдану біліктігін қамтиды.
Алгебра
бөлімінің сұрақтары математикалық ситуациялық есептерді
шығару кезінде заңдылықтарды анықтау
мен алгебралық символдарды
қолдануға бағытталған.
Геометрия
бөлімінің тапсырмаларын орындау барысында оқушылар
жазықтықтағы
және
кеңістіктегі
фигуралардың,
қабырғалардың
ұзындықтарының, бұрыш өлшемдерінің қасиеттеріне талдау жүргізе білуі
керек.
Дереккөз:
http://text.ru/rd/aHR0cDovL3d3dy4xMDAtZWR1LnJ1L21
hdGVtYX Rpa2Ev MjU0ODQvaW5kZXguaHRtbD9wYWdlPTk%3D
Мәліметтер және ықтималдық
бөлімі график және кесте түрінде берілген
мәліметтері бар тапсырмалардан тұрады.
Тапсырманы орындағанда төмендегі
нұсқаулықты басшылыққа алу
ұсынылады:
1.
Тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз
және негізгі ақпаратты
тауып алыңыз.
2.
Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық
үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.
3.
Есептің шығарылуын жеңілдететін ықшамдалған сөйлемдерді
құрастыру қажет.
4.
Қажеттілігіне қарай схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз.
5.
Көпшілік жағдайда есептің барлық
шамаларын тиісті әріптермен
белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған
пайдалы.
6.
Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын
шығарылған
ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге
тырысыңыз.