Оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Мұғалімнің кәсіби-жеке тұлғалық құзыреттілігін диагностикалау жүйесі әзірленетін болады. Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылым-дарды пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту нысанынан әрбір білім алушы-ның жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу қамтамасыз етілетін болады.
Мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту
Сырттай бағалауәрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің мәлімделген нәтижелерге (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.) сәйкестігіне, сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (TIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Іштей бағалау нақты тұлғалық жетістіктерді белгілеу үшін оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау арқылы және МЖБС өлшемдеріне сәйкестігі (аралық және қорытынды бағалау) арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін (білім алушының өзін-өзі бағалауы және жетістіктерін есепке алуы үшін портфолио) бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады: білім алушының оқу жетістіктерінің МЖБС-да белгіленген мәлімделген нәтижелерге (өлшемдерге) сәйкестігін бағалау. Бағалауға МЖБС-да және оқу бағдарламаларында мәлімделген барлық білім беру нәтижелері, сондай-ақ негізгі және пәндік құзыреттіліктер жатады. Мониторинг нәтижелері білім алушының функционалдық сауаттылығының даму динамикасын, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен мектептердің жетістіктерін бағалауды, сондай-ақ стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жаңарту іс-шараларының тиімділігін қамтамасыз етеді.
Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын танытып, саналы және өнімді өмір сүруге бағдар беруге міндетті. PISA-2009 зерттеуі функционалдық сауаттылық деңгейіне ата-аналардың балаларды оқыту мен дамыту процесіне қатысуы оң әсер ететіндігін көрсетті. Ата-аналарды мектеп өміріне белсенді тартуға бағытталған іс-шаралар жүйесі әзірленеді: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университетін құру.