Тұқымқуалайтын өзгергіштік және репарация



бет5/6
Дата10.11.2022
өлшемі1,53 Mb.
#157544
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тұқымқуалайтын өзгергіштік және репарация
Практикалық сабақ-2 Әлімғожа Д, Мадд77

бұзылған учаскесі арнайы

ферменттер тобының қатынасуымен кесіліп алып тасталады да, оның орнына қалыпты нуклеотидтер жалғанады. Эксцизиялық репарацияға қатынасатын гликозилаза ферменттерінің әрқайсысы нуклеотидтердің

түрлі бұзылуларын тауып байланысады.

Қараңғылық репарациясы

 Ағзада немесе жасушада жарықтық және эксцизиялық репарация механизмдері жұмыс істемей қалған кезде келесі бір репарация типі – пострепликативтік репарация іске қосылады.

Егер ДНК – дағы барлық кемістіктер репликацияға дейін жойылмаса, онда ДНК – дағы бастапқы екі тізбектің біреуінде сол бұзылған учаске (тиминдік димер) сақталып, оған комплементарлы екінші тізбек қалыпты күйінде қалады. Репликация кезінде бұзылған учаскесі бар тізбекке комплементарлы түзілген жаңа тізбекте сол тиминдік димерге қарсы тесік ашық жер қалады, ал екінші тізбекке сай түзілген жаңа тізбек қалыпты жағдайда синтезделеді.


Ультракүлгін жарығымен сәулелендіру.

Репарация түрлеры:

Репликациядан кейінгі репарация

  •  Жасушалар тіршілігінде жиі кездесетін жағдай – ДНК репликациясы кезінде нуклеотидтердің жұптасуында қателіктер байқалып, ДНК – ның жаңадан синтезделген тізбегіне комплементарлы емес нуклеотидтер жалғануы мүмкін. Бұл құбылыс “мисмэтч” деп аталады, жаңа түзілген тізбек мутантты болып есептеледі.
  • Мутацияның мұндай типтері ДНК – полимеразаның қатынасуымен жөнделеді. Қате жалғанған нуклеотид кесіп алынып, дұрыс, комплементарлы нуклеотидпен алмастырылады

SOS – репарация.

  • SOS – репарация “сына сынамен шығарылады” деген принципке сәйкес келетін репарацияның таңқаларлық, ерекше типі болып саналады. SOS – репарация кезінде өте көптеген жаңа мутациялардың (трансзицилар мен трансверсиялар) пайда болуын қамтамасыз ететін механизмдер іске қосылады.
  • Жасушада синтезделген арнайы белоктар ДНК – полимеразалармен бірігіп мутантты ДНК тізбегіне сәйкес комплементарлы жаңа тізбек синтездейді. Нәтижесінде, ДНК – ның жаңа синтезделген тізбегінде бастапқы тізбектегі пайда болған барлық мутациялар толығымен көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет