Досым Сәтбаев
, саясаттанушы
* * *
Баспа кітапты ғасырлар бойы келе жатқан биік
парасаттылық пен білімділіктің киелі көзі деп білеміз.
Жазба деректер бойынша, біздің дәуірімізге дейінгі
бірінші мыңжылдықта оқу және жазу машықтарын
сақ тайпалары меңгерген. Біздің дәуіріміздің бірінші
мыңжылдығының екінші жартысында қазақ дала-
сына орхон-енисей жазулары келген. Сөйтіп, оқу
мәдениетінің тамырлары тарих қойнауынан тереңдеп
келеді.
Ең қызығы, екінші мыңжылдықтың басында
жағдай өзгерді ме, адамдар өзгерді ме, әлде мәдениет
кетті ме – кітап оқымайтын қоғам пайда болды... Осын-
дай қоғам бізде де қалыптасып отыр. Қалыптастырып
отырған – өзіміз.
Бір кездері үйге кітап жинау, тіпті саябақта, авто-
буста, ұшақта, ат үстінде шұқшиып кітап оқу «сән»
болған мәдениет қатты әлсіресе де, әлі толығымен
ұмытыла қойған жоқ.
Өзім ерекше қадірлейтін бауырым Бақытжан
Бұқарбайдың «Күміс кітап» атты еңбегінің қолжаз-
Кітап жайында пікірлер
[ 161 ]
басын оқып шықтым. Дәл осы ойларды аша түсіп,
қағазға төккен екен! Кітап оқу мәдениеті, кітап оқу
идеологиясы, бір сөзбен айтқанда, кітап культі қоғам
үшін қалайда қажет екенін тамаша көрсете білген.
«Ұлттың ұлағаты – мәдениетте, мәдениеттің
ұлағаты – оқу мен әдебиетте» деген екен Ахмет Бай-
тұрсынұлы.
Алайда талғам өзгергенімен, талап жалғыз. Ол –
қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қа-
лыптастыру. Себебі, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоға-
мымыздың келешегі. Сонымен қатар бүгінгі күннің
өзегі – жас ұрпақтың рухани кемелі. Ұрпағымызды, ең
бастысы, ұлттық құндылықтарға бай, тіліне, діліне,
тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне, салт-дәстүрге
берік, рухы мықты, танымы мен тағылымы кең тұлға
ретінде қалыптастыру барысында ең негізгі сын да,
салмақ та өзімізге артылады. Бақытжанның өмір
жолының осы ігі миссияны жүзеге асырумен өтуін
жүрекжарды тілегімді білдіремін!
Саясат Нұрбек,
саяаттанушы
[ 162 ]
СҰХБАТТАР
«КҮМІС КІТАП» ЖАСТАРДА ЖАҢА «ПОНТ»
ҚАЛЫПТАССЫН ДЕП ЖАЗЫЛДЫ
20
Жуырда саясаттанушы Бақытжан Бұқарбайдың
жалпы оқырманға арналған «Күміс кітап» атты еңбегі
шықты. Тұсаукесері әлі өтпесе де, кітап жастар ара-
сында қызу талқыға түсіп жатыр. Осы орайда автор-
мен сұхбаттасып, кітап жазудағы мақсаты, оқырман
мәдениеті туралы сұхбаттасқан едік.
Достарыңызбен бөлісу: |