Сұхбаттар
[ 167 ]
нәрселер аз да болса айтылды, бірақ жастардың
кейбіріне қарап, араларында аға буынымыздың
ішіндегі жағымпаздардың орнын басатын жаңа
буын өсіп келе жатыр ма деп қалдым. Мұның бәрі
жақсылыққа апармайды. Оны түсіну үшін, ел аралап
салыстыру керек. Мен көптеген елдерде болдым.
Барлық жерде жастар кітап оқиды. Біздің елде кітап
бетін ашып жүрген жастарды аз байқаймын. Алты
жыл оқыса, диплом үшін оқиды. Диплом үшін оқу –
білім қуалау емес. Оның мақсаты – диплом алу. Бол-
ды. Ертең қандай ел боламыз деп ой жүгіртіп жүргені
екіталай. Мен соған таңғаламын. Бұл жауапкерші-
лікті мойнына алмаудан шығады. Жауапкершілікті
сезінген жастар «Аға-көкем болмаса ешкім емеспін»
немесе «мемлекет не қоғам кінәлі» деп сылтау қылмай-
ды. Тырысады. Сондықтан да мен жастар кітап оқы-
сын, кітап оқу трендке айналсын деп «Күміс кітапты»
жазып отырмын. Кітапты көп оқыған адамда білім
бар, білім көп болған сайын адам мүмкіндікті сырттан
іздемей, өзі қалыптастыра алады. Ал әрбір мүмкін-
дік – ол табыс көзі. Мүмкіндікті өзі үшін өзі жасай ала-
тын адам – мықты қоғам құруға қабілетті адам.
Достарыңызбен бөлісу: