– Жастарға қалай кітап оқытамыз?
– Қазақ, сірә, мақтаншақтықтан арыла алмай-
тын шығар. Олай болса, мақтаншақтықтың басқа
конструктивті формаларын іздеп қалыптастыру
керекпіз. «Мен жүз кітап оқыдым, мықты болсаң,
тырысып көр» деген «понттың» жаңа түрін шығару
керек. Біз «понтсыз» өмір сүре алмаймыз ғой. Жаңа
айфон шықса, келесі күні қазақтың қолында жүреді.
Одан гөрі кітап оқып жарыс немесе өзіңнің арманың-
нан бас тартпай, көкейіңде жүргенді жүзеге асырып
көр. Жастар арасында осындай «понт» қалып-
тастырайық. Кітаптың жазылуындағы мақсат – осы.
Достарыңызбен бөлісу: |