Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan


– «Күміс кітапты» жазуға не түрткі болды?



Pdf көрінісі
бет70/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)

– «Күміс кітапты» жазуға не түрткі болды?
– Айналып келгенде, бұл кітапты жазуыма менің 
осы елде тұрғым келетіні ең негізгі себеп болды. 
Егерде менде бүгін, ертең немесе алдағы жылдары 
елден көшіп кететіндей ой болғанда, бұған басымды 
қатырмаушы едім. Осы елде өмір сүргім келгендіктен, 
оның тәуір болғанын қалаймын. Ал қазіргі көріп 
жүргендеріме қарап алдағы уақытта ойдағыдай ке-
ремет қоғам қалыптастырады дегенге сенбеймін. Қай 
саланы алып қарасақ та, атқарар жұмыс жетіп жатыр. 
Өзім күнделікті өмірімде, жүзеге асырып жатқан жо-
баларымда жастармен жұмыс істегендіктен, олардың 
арасындағы мәселелерді де байқаймын. Ертеңгі күн-
нің келбетін анықтайтындар – жастар. Олардың қазір-
гі құндылықтары мен тұлғалық қасиеттері көңілім-
нен шықпайды. Ынжық, мойнына жауапкершілік 
алудан қашады, жаңа нәрсе үйреніп, өзін жетілдіруге 
жоқ. Уақытын бағаламайды, талапты болып талпы-
нудан гөрі біреуге сеніп отырады. Бұл күйімен олар 
мықты қоғам құра алмайды.
Мен, керек десеңіз, жиырма бірінші ғасырда біз 
мемлекет ретінде әлем картасынан жойылып кетпей-
міз бе деп уайымдаймын. Бұл туралы ойлап жатқан 
ешкім жоқ. Біздің басымыз тоймен, жағымпаздықпен, 
атаққұмарлықпен қатып жүр. Кәсібилік деген нәрсе 
сирек кездесетін құбылысқа айналып бара жатыр. 
Неге? Себебі, жастардың ойлау қабілеті тарылып бара-
ды. Кітап оқымайды, талаптанбайды, еңбектенбейді, 
тырыспайды. Содан барып ісі өнбеген соң, кінәні 
басқадан іздеп, бұл елде «тамыр-танысың, ағаң-көкең 
болмаса ештеңе шешілмейді» деп өзін жұбатады. 
Бұлар өмір жолын бастамай жатын жеңілгендер. 


[ 164 ]
Күміс кітап
Осындай психологиямен болашағымыздың қандай 
болатынын елестете алған шығарсыз? «Бес саусақ 
бірдей емес қой» дейтіндер шығады. Әрине, талапты-
лар бар. Бірақ аз.
Осы үрдіс өзгермесе, елден кеткісі келетіндердің 
саны азая қоймас. Қазір мүмкіндік туындаса елден 
кетуге дайын тұрған адамдар көп екені жасыратын 
нәрсе емес. Адам төрт құбыласы түгел болып жатса 
елінен кете ме? Шетелде алдынан не күтіп тұрғанын 
білмейді. Соның өзінде елде өмір сүрудің орны-
на алыстағы белгісіздікті таңдайды. Демек, мына 
жақтағы болашағынан үміт үзді деген сөз.
Осының бәрін көре отырып, осы елде өмір сүргім 
келе отырып, олқылықтарды түзету үшін мен не істей 
алатынымды ойлап жүремін. Бұл жолы ұсынғаным 
«Күміс кітап» болды. Еңбегім жастарды кітап оқуға 
итермелесін деген ниетпен жаздым.
Халықтық медицинада күмісті тазартушы құрал 
ретінде қолданылады. Кітаптың «Күміс кітап» деп 
аталуы да сондықтан.
Кітабымды оқып отырсаңыз, «жастардың сексен 
пайызы кітап оқымайды» деген дерекпен таныса-
сыз. Кітап жазудың арқасында осы көрсеткішті 
жетпіс бес пайызға түсірсем де, соның өзі жеткілікті. 
Жұрттың жүз пайызы кітап оқып кетеді деу – 
мүмкін емес нәрсе. Мен ондай идеалистік ұстаным-
да емеспін.
Кітап оқымай, жастардың көзі ашылмайды. 
Олардың көзқарастарын әдетте не қалыптастырады? 
Бірінші, үй іші. Көп үйде жастарға ақыл айтып, 
тәрбие беретіндей жағдай жоқ, себебі көбісі әрең 
күнін көріп жүр. Сосын оқу ордалары да дүниетаным 


Сұхбаттар
[ 165 ]
қалыптастыра алмай келеді, себебі оларда білім де, 
сапа да болмай тұр. Бірлі-жарым ғана ардақты педагог 
бар. Бірақ қайтадан, бірлі-жарым педагог бүкіл елді 
аман алып қала алмайды.
Жағдай әбден ушыққан. Енді жастар қайда бара-
ды? Кімнің аузына үңіледі? Шоу бизнес өкілдерінің 
бе? Олардың не сандырақ айтып жүргенін көріп 
жүрсіздер. Бірі тоқал алу туралы айтса, мына жақта 
біреуі екіншісімен әлеуметтік желідегі пікір үшін 
соттасып жатыр. Міне, жастар осындай үлгі, осын-
дай модельдерге сүйеніп өзінің құндылықтарын 
қалыптастырып жүр.
Бұл мен өмір сүргім келетін Қазақстанның бола-
шағына алып келмейді. Ақылдылардың кетіп жатқа-
ны содан. Олар шарасыздықтан кетіп жатыр. Бұның 
бәрін айту керек, себебі ауруын жасырған өледі. 
Жиырма бес жыл ішінде біз ұрандатуды әбден жетік 
меңгердік, әдемі даму бағдарламаларын жазуды 
үйрендік. Қолдан іс келмейді, бұл күймен қазақ адам-
затқа бір нәрсе беру түгіл, бәсекеге қабілетті ұлт бо-
лып қалыптаспайды. Елулікке «кірдік», бірақ дам-
балымыз жыртық. Өткен жолы тасжолда көлігімнің 
дөңгелегі жарылды, себебі жолда шұңқыр көп. Жол 
тайғақ, сол шұңқырдың кесірінен көлігімді лақтырып 
жіберіп, өліп қалуым да ғажап емес. Талай адам жолда 
солай кетіп те жатыр. Дамыған елулікке «кіргеніміз» 
осы. Маған және мыңдаған азаматымызға мұндай 
елулік керек емес. Жолдардың жақсы болғаны керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет