КЕУДЕ ҚУЫСЫНЫҢ ОБЗОРЛЫ РЕНТГЕНОГРАММАСЫНЫҢ ОҚУ ЖОСПАРЫ (СИПАТТАМА СХЕМАСЫ) 1. Снимоктің проекциясы (алдыңғы немесе артқы тік, оң немесе сол жақ бүйірлік, алдыңғы немесе артықы қиғаш). 2. Рентгенографияның ерекше шарттары (ауырлық жағдайына байланысты науқас отырған немесе жатқан күйінде). 3. Снимок сапасын бағалу (физико-техникалық сипаттамалары: оптикалық тығыздығы, контрасттылығы, суреттің нақтылығы; артефактардың болмауы). 4. Кеуде қуысы жұмсақ тіндерінің жағдайы (көлемі, құрлымы, бөгде заттардың немесе жарақаттан кейінгі бос газдың болуы). 5. Кеуде қуысы қаңқа сүйектерінің және иық белдеуінің жағдайы (сүйектердің қалпы, формасы, мөлшері және құрлымы: қабырғалары, төс, көрінетін мойын және кеуде омыртқалары, бұғаналар, жауырындар, иық сүйектерінің басы, жасөспірімдердегі және балалардағы өсу зонасы және сүйектену ядросының жағдайы). 6. Өкпе алаңдарың салыстырмалы бағалау (аумақ, формасы, тұнықтығы). Патология симптомдары табылған жағдайда (жайылған немесе шектелген ағару немесе қараюлар, ошақтар, домалақ және сақина тәрізді көлеңкелер) олардың орналасуына, формасына, пішініне, көлеңке тығыздығына, құрлымына, контурына толық сипаттама беріледі. 7. Өкпе суреті жағдайы (элементтердің бөлінуіне, архитектоникасына, калибріне, контурларына сипаттама). 8. Өкпе түбірі жағдайы (орналасуы, формасы, мөлшері, элементтердің контуры, қосымша түзілістердің болуы). 9. Көкірекорта жағдайы (орналасуы, формасы, және жалпы еніне, жеке ағзалардың сипаты). 10. Рентгенологиялық (клинико-рентгенологиялық) ұйғарым. 11. Ұсыныстар.
Достарыңызбен бөлісу: |