Тыныстың рефлекстік өзін-өзі реттеуі. Тыныс фазаларының алмасу механизмі.
1866 ж. Геринг пен Брейер иттің жұлыны мен n. Vagus-сақтай отырып мойынының барлық ұлпаларын кесті, сосын екі жақты пневмоторакс жасағанда көкірегі дем алса, өкпені үрлеп кергенде – дем шығарған. Кезбе жүйкені кескен соң рефлекс жоғалған, тыныс баяулаған және тереңдеген.
Өкпе көлемінің артуы мынадай үш рефлекстік эффект туғызады:
Инспираторлық-тежелу.
Экспираторлық-жеңілдеу.
Хэдтің парадоксы.
Өкпенің керу рецепторларынан кезбе жүйкенің афференттік талшықтары бойымен импульстер дорсалдық ядроларға барады. Кезбе жүйкенің афференттік талшықтарындағы ӘП жиілігі дем алғанда артады және дем шығарғанда төмендейді.