Иықтың бойымен қолыңызды көтеріңіз. Шынтағыңызды бүгіңіз. Алақанды өзіңізге тартып кеудеге қойыңыз, мойыннан төмен тұру керек. Екі қол бір – біріне қарама – қарсы болу керек. Қолдарды жақындату керек. Қатты тыныс алып « иық ауаға көмектеседі» деп ойлаңыз.
«Мысық биі» жаттығуы
Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, аяқ түзу, иық деңгейінде, басты жоғары көтеру, иықты түзу ұстау, қолды дене бойымен төмен түсіру. Шынтағымызды шамалы бүгіп, саусақтарды жұдырыққа түйіп, шамалы отырып, денені сол жаққа қарай бұра отырып, белсенді ішке дем алу қажет. Дыбыс шығара дем алуға да болады және одан еш қысылудың қажеті жоқ. Осыдан кейін бастапқы қалыпқа оралып, түзу тұру, қолды төмен түсіру, аяқтарды тіктеп, демді сыртқа шығару керек.
Жаттығуды толықтай меңгеру үшін қиялдау да қажет. Берілген элементтерді орындау барысында өзіңізді оң (сол) бағыттағы кішкентай құсты ұстап алуға ұмтылған мерген мысықтай сезінген дұрыс.