Рентгенологиялық зерттеу әдістері
Рентгеноскопия - өкпе алаңының мөлдірлігін, тығыздалу ошақтарын( инфильтраттарын, пневмосклероз, жаңа түзілістерді) және өкпе тіндерінің қуысын, кеңірдек пен бронхтардағы бөгде денелерді, плевра қуысындағы сұйықтықтар мен ауаны, дөрекі плевральді жабысуларды анықтайды.
Рентгенография – рентгеноскопия арқылы анықталған өзгерістерді рентгендік пленкаға щығару әдісі. Кейбір өзгерістер – ошақтық тығыздалулар, бронхотамырлық өзгерістер рентгенографияда жақсы суреттеледі.
Томография – өкпені қабат-қабат бойынша зерттеу әдісі. Бұл әдіс ісіктерді нақты диагностикалауда таптырмас әдістердің бірі.
Бронхография – бронхтарды зерттеу әдісі. Науқасқа жансыздандырудан кейін бронх тармақтарына контрасты затты енгізеді. Контрасты заттар рентген сәулелерін ұстауға көмектеседі. Бұл әдіс бронхоэктаз анықтауда, өкпе абсцесін, кавернасын анықтауға мүмкіндік береді.
Флюорография - өкпені ренгенографиялық зерттеулердің бірі түрі, фотосурет кіші форматтағы пленкаға шығарылады. Бұл әдіс көптеген профилактикалық зерттеу әдісінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |