Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады.
Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейді. Вазопрессин гиалуронидаза ферментінің белсенділігін жоғарылатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді.
Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді.
Жыныс гормондары бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыс тарына әсер ету арқылы судың және натрий тұзын ың мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды.
Бүйректің қызметін реттеуге соматотропин, тироксин, инсулин, серотонин, гистамин сияқты гормондардың
қатысы бар деген болжамдар да баршылық, бірақ олардың әсер ету тетіктері әлі толық зерттелмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |