Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар



бет55/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Асқорыту ферменттері

Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі-катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.


Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.

Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.

Сілекей - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99-99,5% су, 0,5-1% ағзалық және бейағзалық заттар болады. Бейағзалық заттардың мөлшері ағзалык заттарға Қарағанда 2-3 есе аз. Сілекейдің реакңиясы өлсіз сілтілі. Сілекей құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент - амилаза, бактерияларды жоятын лизоцим ферменті болады.

Сілекейдің бөлінуі орталығы сопақша мида орналасқан, рефлек-торлық жолмен реттеледі. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді.

Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлекс.

Шыкшыт сілекей бездері кабынған кезде ісініп, жаксүйекке тұтасып, айқын байқалады. Ондай ауру паротит (мысқыл) деп аталады.


Сіңіру деп әр турлі заттардың Жасушалар қабаты мен Жасушааралық саңлаулар аркылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесті айтады, Сіңіру процесі дененің барлық ұлпаларында орын алады, дегенмен оны атқаруға құрылысы мен қызметіне байланысты ас қорыту жолының эпителийі жақсы бейімделген.

Сіңіру процесін қамтамасыз етуде Жасуша мембранасы мен Жасушааралық заттар маңызды рөл атқарады. Қазіргі кездегі деректерге сәйкес қоректік заттарды сіңіру процесі үш түрлі жолмен атқарылады. Су, аммиак, түрлі дәрілер, бөгде заттар физика заңдылықтары (осмос, сүзілу (филыпрация), диффузия) негізінде сіңіріледі. Бұл құбылысқа Жасуша мембранасыңда мөлшері 4 ангстрем шамасында майда жасушалардың болуы мумкіндік береді. Қоректік заттардың біраз бөлігі пиноцитоз құбылысы нәтижесінде сіңіріледі. Бұл жағдайда оларды жеке Жасушалар қарбып алып, одан әрі ішкі ортаға өткізеді. Пиноцитоз құбылысы әсіресе жаңа туған жас организмде кең орын алады. Осының нәтижесінде уыз құрамындағы жоғары молекулалы глобулиндер ішектің кілегейлі қабығынан еш өзгеріссіз табиғи күйінде өтеді. Ішектің кілегейлі қабығынан жұмыртқа мен сут кұрамындағы белоктар да өзгеріссіз өтеді.



Қоректік заттар негізінен иондық, концентрациялық градиентке карсы бағытта сіңіріледі. Демек, бұл Жасуша мембранасының белсенді қызметінің арқасында, арнаулы тасымалдағыш заттардың қатысуымен атқарылатын ырықсыз сіңіру жолы. Сіңіру кезіқце қоректік заттар молекуласы бірнеше мембраналық тосқауылдан өтеді. Олар – энтероциттің  ішек қуысына қараған апикальдық мембранасы, Жасушаның цитоплазмалық торының микротүтіктері, осы Жасушаның капиллярға қараған негіздік (базальдық) мембранасы және капиллярдың базальдық мембранасы. Бұл механизмге сәйкес алдымен қоректік заттар молекуласы энтероцит беткейінде арнаулы тасымалдаушы белокпен байланысады. Майлардың ыдырау өнімдері мембрана липидтерімен қосылады. Осыдан пайда болған қосылыстар кешені АТФ-пен жаңданып (активтеніп), мембрананың ішкі беткейіне ығысады да, онда арнаулы ферменттер әрекетіне ұшырап субстрат молекуласы тасымалдаушыдан ажырайды. Субстрат молекуласы цитоплазманың микротүтіктері арқылы Жасушаның базальдық мембранасына қарай жынжып, одан өтеді де, қан немесе лимфаға сіңіріледі. Ал, босанған тасымалдаушы Жасушаның апикальдық мембранасының беткейіне кері оралады да, баяндалған құбылыс қайталанады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет