Сыртқы және ішкі секреция бездері. Организмдегі бездер, негізінен, екі топқа: сыртқы және ішкі секреция бездеріне бөлінеді. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Ал ішкі секреция бездерінің сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлді тікелей қанға бөледі. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, қарын, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне сөл өзектері арқылы бөледі.
Ішкі секреция бездеріне гипофиз (мидың төменгі қосалқы безі) және эпифиз (жоғары қосалқы без), қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті безі жатады. Бұларда түтікше болмағандықтан, олар сөлін тікелей қанға бөледі. Бұл екі топта сыртқы және ішкі секрециялық қызмет атқаратын бездер болады. Оларды аралас секрециялық бездер деп атайды. Аралас секрециялық бездерге- ұйқы безі мен жыныс бездері жатады. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық бөлімінің сөлі арнаулы түтікшелер арқылы ас қорыту мүшесіне құйылады. Жыныс бездерінен шығатын бөлінді бір жағынан тікелей қанға түседі (бұл ішкі секреция қызметі), екінші жағынан түтікше арқылы жыныс мүшесіне шығады (бұл сыртқы секреция қызметі).
Достарыңызбен бөлісу: |