Зәр шығару мүшелері. Зәр шығару мүшелеріне несепағар, бүйрек, қуық және несеп каналы жатады.
Бүйректің құрылысы және қызметі. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасы мен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.
Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен қүралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың өзі екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер а алғашқы иірім каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне лйналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, е к і н ш і д е ң г е й лі и і р і м каналға айналып несеп ж и н а ғ ы ш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.
Нефронның алғашқы иірім каналының ұзын дығы 12-24 мм, ал екінші деңгейлі иірім каналдардың ұзындығы 5-8 мм.
Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады.
Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Сондықтан олардың концентрациясын бір қалыпта ұстап тұру үшін де бүйректің маңызы зор.
Демек бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Оның Бұл қызметі нефрон мембранасының заттарды сұрыптап өткізу қасиетімен байланысты орындалады.
Бүйрек ұлпасында р е н и н және эритропоэ т и н ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |