Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ). ДНҚ молекуласы бір- бірімен кезектесіп тізілген дезоксирибоза қанты мен фосфор қышқылы қалдықтары бар шиыршыңталған (кос оралымды) екі полимерлі жіпше түрінде болады, бұлар оның молекуласына қышқылдық қасиет береді. Полимерлік жіпшенің әрбір қант қалдықтарына тұзу бұрыш бойында азоттық негіздердің біреуі байланысады: аденин (А) немесе тимин (Т), цитозин (Ц) немесе гуанин (Г). Екі полимерлік жіпше өзара бір-бірімен бір жіпшедегі аденин мен екінші қарама-қарсы жіпшедегі тимин арасында екі сутектік байланыстың түзілуі арқылы байланысады. Азоттық негіздермен бірге сутектік байланыстар оралымдар және оралымды сатылар түзеді.
ДНҚ молекуласы нәруыздар туралы ақпаратты сақтау және жүзеге асыру қызметін аткарады. Сондықтан да молекуласының бір полипептидтік тізбегі жайлы акпараттар жазылған ДНҢ беліктеріген немесе цистрон деп аталады.
Ерекше ескертетін жайт: аденин азоттық негізі қарама-қарсы жақтан тек қана тиминнің (A = Т) және кері- сінше (Т = А), ал гуанин азоттык негізі тек қана цитозиннің (Г = Ц) және керісінше (Ц = Г) қосылуын талап етеді. Америкалық биохимик Чаргаффтың айтуынша: ДНҚ-дағы A саны Т санына тең, ал Г саны Ц санына тең. Бұл құбылысты Чаргафф ережесі деп атаған. Сонымен жоғарыда айтылған азоттық негіздердің әр жұбы бір-біріне комплементарлы (бірін-бірі толықтырады) болады. Сондыктан да әрбір ДНҚ жіпшесі азоттық негіздердің құрамы жағынан комплементарлы басқа ДНҚ жіпшесін қажет етеді. Бұл қасиет ДНҚ репликациясы құбылысын жақсартады. Репликация (лат. репликациул — калып) дегеніміз — ДНҚ-ның екі еселенуі, ол ерекше ферменттер қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде, бөлінген әрбір ДНҚ жіпшесі толық құрылып бітуі үтітін комплементарлы жіпше іздейді. ДНҚ-ның негізгі қызметі — нәруыз құрамы жайлы ақпаратты сақтау және жүзеге асыру.
ДНҚ синтезі. Жасуша бөлінуінід ерекше белгісі сол, бұл кезде ДНҚ молекуласы өзінің екі жіпшесінің комплементарлы көшірілуі (репликация) жолымен екі өселенеді Алдымен ДНҚ орамасы гераза немесе геликаза ферментінің әсерінен таркатылады. Содан кейін әрбір жіпшеден ДНҚ ферменті полимераза көмегімен комплементарлы түрде (ұрпақ) жіпше синтезделеді.
Осылайша бірнеше қайталанып жасалған тәжірибенің нөтижесінде ДНҚ-ның бір «ауыр» және бір «жеңіл» жіпшелерден тұратынын дәлелдеген. Яғни, бұрынғы жіпше негізінде комплементарлырепликация жолымен жаңа жіпше түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |