Орталық жүйке жүйесі құрылысының және қызметінің жалпы сипаттамасы. Нейронның құрылысы мен қызметі.
Ағзадағы мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттеп, үйлестіріп, басқарып, сыртқы ортамен байланыстырып отыратын арнаулы жүйе жүйке жүйесі деп аталады
Ағзаны сыртқы ортамен байланыстырып, оған бейімдеп отыратын жүйке жүйесінің әрекеті жүйке жүйесінің жоғарғы дәрежелі қызметі болып табылады. Ал тек қана денедегі мүшелердің қызметін ғана реттеп, келістіретін және басқаратын жүйке жүйесінің әрекеті жүйке жүйесінің төменгі дәрежелі қызметі болып табылады.
Жүйке жүйесі морфологиялық құрылымдары мен қызметтеріне қарай 3 бөлімге бөлінеді.
1.Орталық жүйке жүйесі: ОЖЖ, бұл бөлімге жұлын мен ми жатады
Қиян(перифериялық) немесе шеткі жүйке жүйесі: бұл бөлімге мидан шыққан 12 жұп және жұлыннан шыққан 31 жұп жүйкелер жатады.
Ерекшеленген (вегетативті) жүйке жүйесі: ВЖЖ.
Жұлыннан немесе мидан шыққан бірнеше бірнеше жүйке талшықтары бірігеді де, сыртын талшық қаптайды. Оны жүйке тамыры деп атайды.
Орталық жүйке жүйесіне филогенетикалық жағынан өте әріден басталған жұлын және ең жас, біртіндеп дамып келе жатқан ми жатады.
Бұл екі бөлімнің генетикалық, морфологиялық құрылысы мен қызметі бір-бірімен тығыз байланыстыжәне біртұтас құрылым. Жұлын мен миды 3 қабатты қабықша қаптайды:
1.жұмсақ немесе қан тамырлы қабық, ең ішкі қан тамырларына бай жұлын мен мидың үстіңгі бетімен бірігіп жататын қабық
2.торлы қабық өте жұқа қантамырсыз қабық
қатты қабық ең сыртқы дәнекер ұлпалы қабық
Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда орналасады. Ересек адамдарда оның ұзындығы 45 см,ені 15 мм,салмағы 36 гр.Жұлын жжоғарғы жағынан ауыз омыртқаның тұсында сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы 2-ші бел омыртқадан төмен қарай ат құйрықтанып,,негізгі жіпшесі 2-ші құйымшақ омыртқаға дейін жетеді де сол жерге бекиді
Жұлынның ұзына бойында оның жуандығы біркелкі болмайды; бас жағы 8жуан, құйрық жағы жіңішке болады. Жұлынның 2 жері жуандау; мойын буылтығы және бел-сегізкөз буылтығы болады. Жұлынның алдыңғы және артыңғы жағында екі жүлге: алдыңғы орталық сай және артыңғы орталық 8жүлгесі болады, және бүйірлерінде оң бүйір және сол бүйір жүлгелері болады
Жұлынның ортасында өте тар тесігі болады. Олортақ өзек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісінен оның ақ зат пен сұр заттан тұратыны байқалады. Сұр заты қанатын жазған көбелекке ұқсас, алға шығып тұрған бөлігі алдыңғы аша, артқы бөлігі артқы аша деп аталады. Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады, ол жүйке талшықтарынан және аксондардан түзілген. Жұлынның әртүрлі деңгейлеріндегі ақ заты мен сұр затының пішіндері және қатынасы әр түрлі болады
Орталық жүйке жүйесінің екінші үлкен бөлімі бас миы. Адамдарда орта есеппен мидың салмағы еркектерде 1375 г, әйелдерде 1245 г, тік қимасы 16-17 см, көлденеңі-14 см, көлемі-1220 куб см болады.
Ми бас сүйегінің ішінде орналасады. Дамуына, құрылыс ерекшеліктеріне және қызметтеріне байланысты ми бес бөлімге бөлінеді
1.үлкен ми
2.аралық ми
3.ортаңғы ми
4.артқы ми
5.сопақша ми
Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы ,сайлары, нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.
Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды.
Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал.Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен шектеледі .Ми көпірі шекараларынан 6-7-8-ші ми жүйкелерінің түбірлері басталады.Ми көпірі өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады.
Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады.Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады.Мишық бастың бүкіл артқы бөлігін тұрады ,оны үлкен ми сыыыыыыыыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады.Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.Мишық екі сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады ,және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі.Сұр зат мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді .Ақ зат8 сұр заттың ішінде орналасқан ,олардың іішіінде 4 жұп ядролар болады.Мишықтың негізгі қызметі- денені қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді, яғни үйлесімділікті рефлекс жолымен басқару.
Ортаңғы ми мидың сабақшасынан төрт төмпешіктен, мидың қуысы ми суағарынан және ми бүркенішінен құралады.Төрт төмпешіктер мишықтың алдыңғы жағында жатады,оның алдыңғы екеуінде бағдарлап көру орталығы, артыңғы екеуінде бағдарлап есту орталығы жатады. Ортаңғы мидың ақ затының арасында күңгірт заттар жатады. Оларды орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция деп бөледі. Ортаңғы мидың ішкі қабырғасында 3,4-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Қуысы- ми суағары- ұзындығы 1,5 см келетін жіңішке өзек. Ол мидың 4-ші қарыншасын 3-ші қарыншасымен байланыстырып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |