Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар


Ағзаның жүйке жүйесі арқылы реттелуінің жалпы принципі. Рефлекстердің жіктелуі



бет31/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Ағзаның жүйке жүйесі арқылы реттелуінің жалпы принципі. Рефлекстердің жіктелуі.

Жүйке жүйесі тірі ағзаның тіршілігін негізгі қасиеті – тітіркенгіштікті қамтамасыз етіп, адам мен жануарларды сыртқы ортамен байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан жүйке жүйесі орталық және шеткі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне бас миы мен жұлын, ал шеткіге – шеткі жүйкелердің түйіндері олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терминальды ұштары жатады.

Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты болып табылатын рефлекторлық доға. Рефлекторлық доғаның құрамында көптеген функциональды маңызды әртүрлі нейрондар тізбегі бар. Бұл нейрондардың денесі жүйке жүйесінің шеткі түйіндері мен орталық бөлігіндегі сұр затында орналасады.

Орталық жүйке жүйесі– адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі мүшелер жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Рефлекстер мынадай түрлерге жіктеледі:

І. Биологиялық бағыттағы рефлекстер:

а) қорғану;

б) қоректік;

в) жыныстық (көбею және ұрықтану жөніндегі қамқорлық);

ІІ. Рецепторлардың түріне қарап рефлекстер:


  • Экстрорецептивтік немесе сыртқы ортадан жарықты, дыбысты, дәмді, оның ыстығы мен суықтық өзгерістерін қабылдайтын рецепторлар;

  • Интрорецептивтік ішкі жүйелердегі тітіркеністерді қабылдайды (олар мүшелердің қызметі мен өзгеруі, ішкі ортаның күйімен байланысты). Интрорецепторлардың кейбіреулері бұлшық етте, сіңірде, буын қалталарында орналасады. Оларды «буын-сезмі рецепторлары» немесе «проприорецепторлар» деп атайды.

ІІІ. «Жұмысшы мүшенің» қызметіне байланысты пайда болған рефлекстер:

  • Қимылдық (жүрек, қаңқа, тамырдың және ішкі мүшелердегі бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуы);

  • Секреторлық, денедегі бездердің сөлі (түкірік, гормондар) бөлінуімен байланысты;

  • Трофикалық – денедегі зат алмасуын қамтамасыз етеді.

ІV. Орналасуына байланысты рефлекстер:

  • Жұлын рефлекстері;

  • Бульбар (сопақша ми) рефлекстері: жөтелу, түшкіру, құсу;

  • Ми қыртысы рефлекстері, немесе шартты рефлекстер:

  • Мезенцефаль (орта ми рефлекстері) денені тік ұстау, жүру, жүгіру, т.б.

  1. Күрделілігіне қарап рефлекстер қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Мысал ретінде қарапайым рефлекстерге тізе рефлексі жатады. Ол екі – афферент және эфферент нейрондардан пайда болған.

VІ. Тума рефлекстер: шартты, жүре пайда болған, шартсыз тума рефлекстер болып бөлінеді.

Бұл жерде ескеретін бір жай, орталық нерв жүйесі зақымданбай тұтас тұрғанда оның жоғарғы бөлімдерінің рефлекстеріне төменгі бөлімдер де қатысады; сондай-ақ төменгі бөлімдер (жұлын, сопақша, ортаңғы ми) іске асыратын рефлекстер кезінде қозу импульстері жоғарғы бөлімдерге (аралық ми, қыртысасты ядролары, ми қыртысы) де жатады. Сондықтан бұлар да тиісті дәрежеде белгілі бір рефлекстің іске асуына қатысады және осы тұрғыдан қарағанда әрбір рефлексті бүкіл организмнің реакциясы деп қарауға болады. Оның бер жағында қандай да болмасын рефлекс оңаша, басқалармен еш байланыссыз және байқалмайды. Бір орган рефлекстері басқа органдар қызметтерін өзгертеді және керісінше. Мысалы қаңқа еттерінің жиырылуына байланысты болатын қозғалу актыларының барысында барлық дерлік ішкі органдардың қызметтері жанданады.

Дегенмен, аталған рефлекстер өздеріне тиісті бөлімдер сау болған жағдайда, басқа бөлімдер қатыспаса да орындала береді.

Мәселен, егер кесу арқылы бақаның миын жұлынынан ажыратса біраз уақыт (15-30 минуттай) өтіп, кесу зардабы (шок) аяқталған соң, оның аяғының терісіне әлсіз қышқылмен әсер етіп, немесе шымшу арқылы жұлынның өзіне ғана тән болатын рефлекстерді алуға болады (бүгілу, жазылу, сүрту, аймалау рефлекстері және ахиллес сіңірінен алынатын балтыр етінің жиырылуы – ахиллес рефлексі). Адамда табан терісін тітіркендіруден аяқтың басы, саусақтар рефлекторлық түрде иіледі (табан рефлексі). Тізеден ұрып санның төрт ұшты етінің сіңірін созса рефлекторлық түрде аяқ жазылады (тізе рефлексі). Бұларды да жұлын рефлекстеріне жатқызады. Сондай-ақ зәр шығару және дефекация (қи тастау) рефлекстері де жұлынның қатысуында іске асады. Ал ему рефлекстері, корнеальдық (көздің қасаң қабығына тигенде қабақтың жабылуы) рефлекс, сопақша сидың, қарашық рефлекстері (жарықтан қарашықтың кішіреюі) ортаңғы мидың қатысуында орындалады т.с.с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет