Анафазада хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен толық ажырасады да әр түрлі полюстерге қарай тартыла бастайды.
Телофазада бөлінуші жасушаның полюстеріне топтасқан хромосомалар жіңішкеріп, ұзарып хроматин жіпшелеріне айналады, ядрошық, ядро қабықшасы пайда болып, 2 жаңа ядро түзіледі. Ядро 2-ге бөлінгеннен кейін (кариокинез), цитоплазмада 2-ге бөлінеді (цитокинез). Сөйтіп, митоз және цитокинез негізінде бір жасушадан жаңа 2 жасуша пайда болады.
Жасушалар митоздан басқа жолдармен де бөлінуі мүмкін, мысалы: амитоз — жасушаның тікелей (бұрыс) бөлінуі және жыныс жасушаларының бөлінуі және мейоз –жыныс жасушаларының бөлінуі.
Амитоз арқылы негізінен прокариоттар және регенерацияланушы эукариотты жасушалар бөлінеді. Бұл кезде көзге көрінетін хромосомалар және бөліну ұршығы түзілмейді. Амитоз ядроның және цитоплазманың созылып екіге бөлінуі арқылы жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |