Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар


Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы



бет93/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы, қаңқа еті немесе сомалық (дене) еті деп те аталады. Бұлшық еттің бұл түрінің құрылымдық элементі клетка емес, симпласт болып саналатын көп ядролық талшық, талшықтың пішіні цилиндр тәрізді, ұзындығы 1-ден 40 мм – дей, ал жуандығы 0,1 мм – ге жетеді. Көлденең салалы бұлшық ет талшығын сарколемма (гректің саркос – ет, лема – қабықша деген сөздерінен құралған) деп аталатын плазмалық мембрана қаптап тұрады. Бұлшық ет талшығының цитоплазмасын саркоплазма дейді. Ядросыны пішіні таяқша тәрізді.

Құстардың, сүтқоректілердің және адамның бұлшықет талшығының ядролары сарколемманың астында цитоплазманың шет жағында орналасқан, ал төменгі сатыдағыомыртқалылар мен барлық омыртқасыздар да ядро талшығының ішінде немесе ортасында жатады.

Электронды микроскоппен зерттеген кезде саркоплазмада мембраналармен шектелген цистерналар мен түтікшелер жүйесінің болатыны анықталды. Құрылысы басқа клеткалардың эндоплазмалық ретикулумға ұқсас болғандықтан, оны саркоплазмалық ретикулум деп атайды. Саркоплазмалық ретикулумда гликоген синтезделеді және кальцийдің ионы болады. Гликоген бұлшықет жиырылуына қажет энергияның көзі, ал кейде бұл мақсатта май қышқылдары да пайдаланады. Бұлшық ет талшықтарының цитоплазмасында немесе саркоплазмасында миофибриллалар көп болады.

Саркоплазма ядроны ғана қоршап қана қоймайды, сонымен бірге миофибриллалардың арасында толтырып тұрады. Саркоплазманың мөлшері өзгермелі. Кейбір бұлшық ет талшығында саркоплазма аз болып келеді, ал оның есесіне миофибриллаларкөп болады. Мұндай талшықтардың жиырылуы күші жоғары, бірақ жұмсалған энергияны тез қалпына келтіре алмағандықтан, олар тез шаршайды. Ұзақ мерзім жұмыс істейтін бұлшық ет талшықтарында, керісінше, саркоплазма көп болады да, жиырылғыш зат аз болады.

Жарық микроскопы мен қарағанда миофибриллардың көлденең жолақтығы байқалады. Электрондық микроскопиялық зерттеулер көлденең жолақтылық және актин және миозин жіптерінің орналасуының салдары екенін көрсетеді.

Бұлшықет талшығының метаболизміне қажет құрамында тыныс алу ферменттері болатын саркосома деп аталатын митохондриялар саркоплазмада көп болады. Саркоплазмада ерігіш пигменттік белоку миозин болады. Бұл белок химиялық құрамы жағынан эритроциттердің гемоглобиндаріне жақын, оның оттегін байланыстыратын және қажетіне қарай бөліп беретін қабілеті бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет