Подагра дамуына әкеледі:
Пуриндік негіздерге бай тағамдармен артық тамақтану, етті тағамдар, ішімдік(сыра, шарап), , сүтті, балықты, уылдырықты, кофе, какао, шоколадты көп қолдану бүйрек қызметінің бұзылысы, липидті алмасу бұзылысы, лейкоз;
Гиподинамия;
Ішімдік;
Аяққа түскен жарақаттар;
Хирургиялық араласулар;
Кейбір дәрілік заттарды қолдану – цитостатиктер, салуретиктер, туберкулезге қарсы заттарды ұзақ уақыт қолдану.
Патогенезі:
Жедел подагралық қабыну басталғанда буын қуысында урат микрокристаллдары, комплемент жүйесінің белсенді компоненттері, кининдер жинала бастайды. Соның салдарынан қантамыр өткізгіштігі артып, эндотелийге нейтрофильдердің жабысуы және буын қуысына нейтрофильдер түседі. Буын қуысына нейтрофильдер түскен сәтте фагоцитоз процесі басталып, нейтрофильдер түскен жерге лизосомальды ферменттер мен цитокиндердің (ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8, ФНО-альфа) жиналады. Урат кристаллдарының бүйрек каналшаларында жиналып қалуы подагралық нефропатияға әкеледі.
Подаграның дамуының 4 сатысы бар:
Подагралық артрит;
Тофустар ( жұмсақ тіндерде және шеміршектерде, сүйекте натрий кристалл ураттарының жинақталуы);
Подагралық нефропатия;
Уратты тастардың түзілуімен жүретін нефролитиаз.
Достарыңызбен бөлісу: |