Бехтерев ауруы деп буындардың ,соның ішінде омыртқа бағанасы буындарының созылмалы жүйелі қабынуын айтады. Осыған байланысты омыртқа бағанасы өз әрекетін жоғалтып белгілі бір қалыпта, қимылсыз бекіп қалады. Бұл науқас жастарда, көбінесе ер адамдарда болады.
Этиологиясы:
Осы аурудың шығуында ішек және зәр жолдарының инфекцияларына зор көңіл бөлінеді. Бұл аурудың дамуында тұқым қуалау белгілерінің орны бөлек, аурулардың 90 пайызынан көбінде HLA В27 антигендері табылған, аурудың жақын тумаларының 3 пайызы осы ауруға шалдығатыны анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |