Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Әдістемелік құрал
Астана
2013
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).
Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру
әдістемесі.
Әдістемелік
құрал.
–
Астана: Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 68 б.
Әдістемелік құралда тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайындатәрбие
жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі ұсынылып, тәрбие жұмысының басым
бағыттары, мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары көрсетіліп, сыныптан тыс
өткізілетін тәрбиелік іс-шаралардың әдістемелік жоспарлары берілген.
Бұл еңбек шағын жинақты мектеп мен тірек мектебіндегі (ресурстық
орталықтағы) тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларына, сынып
жетекшілеріне, мұғалімдер мен әдіскерлерге және осы саланы зерттеушілерге
арналған.
© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2013
3
Алғысөз
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ұрпақ
тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты
жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу –
біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші,
ұлт болашағы оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына
сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған
көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете
алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік,
мейірімділік,
қайырымдылық,
кішіпейілділік, яғни адамгершілік
құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар
шешуші роль атқарады.
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан
басым бола алатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға
адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеу керек» - деген Шәкәрім
атамыздың терең ойын негізге ала отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік
рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін жалпы адамзаттық
құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр
бойы мұрат тұтуды тәрбиелеу ұстаздар міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамның
саяси және рухани
өмірі саласындағы міндеттерді
қайта жаңғыртуға
бағытталған
идеялық-тәрбие
жұмыстары
мемлекеттің
стратегиялық
бағдарымен анықталады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Жаңа
қазақстандық патриотизм. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды
мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық
бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты
міндеті де осы. Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке
және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады.
Мемлекет және халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс. Өз бойымызда
және
балаларымыздың
бойында
жаңа
қазақстандық
патриотизмді
тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген
мақтаныш сезімін ұялатады», - деп атап көрсетті [1].
Қазақстан Республикасы
үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасында білім беру мен тәрбиелеудің негізгі міндеті - өз елінің
азаматы,
патриотын
тәрбиелеу
болса,
осыған
сәйкес
«қазақстандық
патриотизм» оқушы жастарға тәрбие берудегі маңызды мәселе болып
қарастырылады [2].
Ендеше болашақ ұрпақ тәрбиесінде «Қазақстандық патриотизм мен ұлттық
патриотизм» оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып
табылады.
Ұлттық патриотизм, ұлттық рух ауылдан бастау алады, ұлттық болмыс
ауылда қалыптасады десек, бұл тұжырымға ешкім дауласа қоймас. Басқа
4
халықтарды білмейміз, ал қазақ үшін ауыл өзінің маңызды орнын ешқашан
жоймақ емес, қайта оның қадір-қасиеті арта түспек. Ауыл – ата бабамыздың
кіндік қаны тамған жері, ұлтымыздың алтын бесігі, оның әлеуметтік және
мәдени дамуының басты күретамыры.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер ауыл - республика экономикасы
дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы - еліміздің қоғамдық-саяси
тұрақтылығының факторы болып есептеледі» [3] деген сөзі де осыны меңзесе
керек. Ауылды сақтауды және дамытуды қазақ ұлтының тағдырымен, оның
бүгіні және болашағымен үндестікте қарайтын болсақ, ауыл және ұлт тағдыры
бөліп-жарып қарауға келмейтін біртұтас ұғым.
Сондықтан ауылды сақтап қаламыз десек, оның мектебіне үлкен қолдау
көрсетіліп, материалдық-техникалық базасын нығайтуға және кадрлармен, оқу-
әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге үлкен мән берілуі қажет.
Қазіргі ауыл мектептеріне тән ерекшелік – ондағы мектептердің шағын
жинақты болуы. Ауылдағы шағын жинақты мектептердің қызметін жетілдіру,
ондағы оқу-тәрбие жұмысын ииновациялық бағытта ұйымдастыру мәселесі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011
2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында басым бағыттардың бірі болып
белгіленіп, осы мектептердің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық
базасын жаңарту, білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді
жақсарту, мұғалімдердің
біліктілігі мен әлеуметтік мәртебесін арттыру
бағытында кешенді іс-шараларды жүзеге асыру көзделген [4].
Ауылдарда мәдени-демалыс орталықтарының,
спорт алаңдарының,
клубтардың
болмауы балалардың
көркем-эстетикалық,
музыкалық өнер
түрлерімен,
спортпен
айналысуына,
қорытындысында
шығармашылық
қабілеттерінің дамуына залалын тигізеді. Сондықтан ауыл арасы жақын
маңдағы шағын жинақты мектептерді біріктіретін тірек мектептер (ресурстық
орталықтар) ашу –оқушыларының жан-жақты дамуына жағдай жасау, білім
сапасының арттыруына мүмкіндік туғызу сияқты мәселелердің шешімі болып
отыр.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2011-2015 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының № 78 тармағына сәйкес
өңірлерде тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) жұмыс істеуін
қамтамасыз ету, 2011 жылы - 26, 2012 жылы - 28, 2013 жылы - 31,
2014 жылы - 35, 2015 жылы – 40, республика бойынша барлығы 160 ТМ (РО)
ашу жоспарланған [4].
Қазіргі күні республика бойынша 203 шағын жинақты мектепті біріктіретін
59 тірек мектебі (ресурстық
орталық)
шағын жинақты мектептің
проблемаларын шешуде және оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие
алуын
қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасауда. Ағымдағы жылы
31 ресурстық орталықты ашуға дайындық жүргізілуде.
Білім беру саласында мемлекеттік саясаттың міндеттерін орындай
отырып, 2015 жылы тірек мектептер (ресурстық орталықтар) 12-жылдық
білім беруге көшудің ойдағыдай механизмі болып табылады. Білім беру
5
үдерісінің
мазмұны
жүйелік-әрекеттік,
тұлғалық-бағыттық
тәсілдер
әдіснамасына негізделіп, жеке оқытуды, өздігінен білім алуды, сол сияқты білім
алушылардың өзіндік дамуын, өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз етеді және
тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасайтын тәрбие ошағына айналады.
Тірек мектептерге (ресурстық орталықтарға) тұтастай ақпараттық,
кадрлық, оқу-әдістемелік қорлары бар шағын жинақты мектептер біріктіріліп,
бірыңғай білім кеңістігін құрайды. Ресурстық орталыққа мектепке дейінгі
ұйымдар, кәсіптік білім беретін оқу орындары, мәдени-демалыс орталықтары
енеді.
Тірек мектебінің (ресурстық
орталықтың)
кадрлық,
материалдық-
техникалық құралдарын ортақтастыра пайдалана отырып дамыту мен демалыс
жұмыстары арқылы оқу сессиясы уақытында магниттік мектеп оқушылары
үшін
ғылыми-шығармашылық
зертханалар,
бейнелеу
өнері
студиясы,
техникалық модельдеу станциясы, пресс-орталығы және әртүрлі бағыттағы
тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, әртүрлі білім және өнер сайыстарын,
жобаларды қорғау іс-шаралары өткізіледі. Алайда тұлғаның шығармашылық
дамуы аталған іс-шараларды жүйелі және үздіксіз өткізгенде ғана нәтижеге
жетуі мүмкін.
Олай болса, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған –
ауылдағы шағын жинақты мектеп оқушыларының танымдық, шығармашылық
қабілеттерінің жан-жақты дамуына жағдай жасау үшін тірек мектебі (ресурстық
орталық) жағдайында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың бірыңғай жұмыс
жоспарын құру керек. Құрылған бірыңғай жұмыс жоспары аясында шағын
жинақты мектеп оқушыларының тірек мектепте (ресурстық орталықта)
ұйымдастырылатын түрлі үйірмелер мен сыныптан тыс спорттық, мәдени іс-
шараларға қатысуын қамтамасыз ету қарастырылуы қажет. Осыған орай тірек
мектебі (ресурстық орталық) жағдайында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
әдістемесі, тәрбие жұмысының басым бағыттары, мақсаты мен міндеттері,
ұстанымдары көрсетілген, сыныптан тыс өткізілетін тәрбиелік іс-шаралардың
әдістемелік жоспарлары берілген бұл еңбек мұғалімдерге әдістемелік көмек
ретінде ұсынылады.
6
1 Шағын жинақты мектептердегі тәрбие жұмысының мақсаты мен
міндеттері
Өткен XX ғасырдың басында алаш ардақтыларының бірі Мағжан
Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болу да мектебінің қандай негізге
құрылуына барып тіреледі...» - деген болатын.Олай болса, мектеп - қай
халықтың болмасын ұлт ретінде жойылып кетпеуінің қорғаны, төл мәдениеті.
Оның ішінде қазақ мектебі - халқымыздың ұлттык асылдары мен қазыналарын
сақтау, дамыту мен болашаққа аманаттаудың кепілі. Ал ұлтымыздың сол асыл
қазыналарын, рухани байлығын, мәдениетін жас ұрпақтың бойына тәрбие арқылы
сіңіре білу ұстаздың міндеті. Осы орайда әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы
ғұлама Әл-Фарабидің:«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне
апат әкеледі» - деген көрегенділікпен айтқан пікірі қазіргі кезде де өскелең ұрпақ
тәрбиесінде маңызын жойған емес.
Тәрбиедегі басты мақсат – Егеменді елдің азаматын тәрбиелеу, яғни
халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан озық әдет-ғұрып, дәстүрлері мен ізгі
қасиеттерін бойына сіңіре отырып,
дені сау, рухани өрісі биік,
парасатты,
қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай білімді тұлғаны тәрбиелеу қажет.
Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы
керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға
тиіс.
Осы қағиданы ұстана отырып шағын жинақты мектептің алдына қойған
мақсаты: «Білім, ғылым, әлемдік-ұлттық мәдениет жүйесі арқылы және
қоғамдағы өзгерістер жағдайында өмір сүруге бейім тұлғаны дамыту».
Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік
әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып төмендегі міндеттерді
жүзеге асыру көзделеді: оқушылардың білімге, ғылымға деген ықыласын
арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын қалыптастыру, жеке
басының қасиеттерін дамытып, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға көмектесу.
Олар:
- оқушыларды жалпыадамзаттық кұндылықтарға тарту, сол құндылықтарға
сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;
- ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру;
- қоғамдық заң ережелерін білу, оған сый құрметпен карау, адамгершілікке
жат кеселдерге қарсы күресуді әрбір оқушының күнделікті мінез-құлқына
айналдыру;
- тәрбие барысында оқушыларға мамандықты еркін таңдауына негізделген
кәсіби бағдар жүйесін құру;
- оқушылардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін,
мүмкіндіктерін арттыру, салауатты өмір сүруге баулу;
- жер тағдыры мен ел тағдырын аялап, оны қорғай алатын азаматты
тәрбиелеу;
- халқымыздың ерлік, жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін
қалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін
7
қорғай алатын елжанды ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды
тәрбиелеу, яғни оқушыларға ұлттық тәрбие беру.
Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: « ... өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін
тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы
келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа
берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы,
мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді»,- десе, Я.А. Коменский: «Тәрбие мақсаты
және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын
орнымен анықталу керек», «Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр
үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналардың көптігімен
бақытты» - деген ойлар айтқан болатын. Сондықтан мұғалім ең алдымен
«тәрбие» ұғымының мән-мағынасын терең түсініп, тәрбие берудің негізгі
мақсаты мен міндеттерін анықтап алуы қажет. Олай болса, тәрбие ұғымына
тоқталайық. Тәрбие дегенді қалай түсінеміз?
Тәрбие – бұл өте кең ауқымды ұғым, бұл өмірлік шығармашылық.
Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни адам бейнесі маңызды. Бала бейнесі, адам
бейнесі деген ұғымдар педагогикада соңғы жылдарға дейін өз мәнінде әр
қырынан айтылмай келеді. Сондықтан біз көбіне оқушының шынайы бейнесін
емес, өзіміз қалаған бейнені, оқушы идеалын білеміз. Біз баланы тәрбие
субъектісі ретінде емес, объекті ретінде көріп келдік. Жарты ғасыр бойы
үстемдік еткен технократиялық ойлау тәрбие мақсаты мәдениетпен, мектеппен,
оқушының өзімен анықталатынын түсінуге жол бермеді. Тек соңғы жылдары
ғана оған субъект ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатын
басты қасиеттер мен сапаларды айқындауға ұмтылыстар жасалып келеді.
Түрлі авторлар тұлға өзегі ретінде әртүрлі қасиеттерді айтады. Кейбір
педагогтар мен психологтар бала дамуының әр кезеңінде тұлғаның әртүрлі
өзегін көрсетеді. Ал біз В.С.Кукушиннің қасиеттерді емес, тұлғада жүретін
үрдісті көрсету керек деген пікіріне толық қосыламыз. Тұлғада жүретін:
Өзін-өзі тану;
Өзін-өзі көрсету;
Өз-өзіне сену;
Өз-өзін анықтау;
Өзін-өзі іске асыру;
Өзін-өзі реттеу және т.с.с. үрдістердің мәні мен маңызы өте зор.
Осыдан келіп қазіргі педагогикалық ойлаудың мәні – яғни балаға деген
субъектілік қатынас екені түсінікті болды. Ендеше, бұл біріншіден, оқушының
өз тәрбиелеушісімен бірге тәрбиеге қатысуы; екіншіден, ересектердің баланың
барлық құқын мойындауы, үшіншіден балаға субъекті ретінде қараудан келіп,
оның шығармашылық қабілетін дамыту, төртіншіден, бала тұлғасының
субъектілік қасиеттерін: өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі реттеуін, өзіндік сынын
және т.б. дамыту қағидаларын айқындау қажеттілігі туындайды. Осыны ескере
келе, тәрбиені – бұл педагогикалық әрекетті әр қырынан қарастыратын күрделі
модель деуге болады. Мәселен:
мәдени құбылыс ретінде;
8
педагогикалық ықпал ретінде;
балалар әрекетін ұйымдастыру ретінде;
қарым-қатынас ретінде;
ынтымақтастық ретінде;
оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен бірлескен -
шығармашылығы ретінде;
жалпы өмірлік шығармашылық ретінде қарастырылуы тиіс.
Демек тәрбие – бұл тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдіс.
Бұл тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің
тәрбие мақсатына жетуге
бағдарланған арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын
өзара әрекеті.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен
қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік
дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда
барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының
қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Тәуелсіздікке қол
жеткізген еліміздің білім, тәрбие ісіндегі басты мақсаты – рухани жан дүниесі
адами құндылықтарға бай жеке тұлға қалыптастыру. Ендеше елдің ұлтжанды
азаматын тәрбиелеймін деген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени
мәліметтер және құнды ата-бабалар мұраларымен қарулануы керек. Өзінен
бұрын өмір сүрген даналарына кейінгі толқын ұрпақтарының қайта айналып
соғып, жоғын іздеп, барын түгендейтіні белгілі. Іздену нәтижесінде біздің ұлы
тұлғаларымыздың мұралары, идеялары бүгінгі күнге жетіп отыр. Орта
ғасырларда өмір сүрген Жүсіп Баласағұни былай деген екен: «... қалар мұра –
сөз кісіден кісіге,
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе.
(Кісіден мирас ата сөзі ғой
Ата сөзі – ұқсаң құттың көзі ғой)».
Ы.Алтынсарин «өмірдің негізгі мәні -еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін
мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады.
Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз
еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі» – деген
[5]. Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке
тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік,
маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға
шақырады. М. Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл
табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ляззат алып, жаны
толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы"-деп
жазды [6].
Қазақ тағылымының негізгі бағыттары: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-
ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан,
көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп
тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден
жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ
9
нерселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір
салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.Сонымен дәстүрлі
педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты «жан-жақты үйлесімді
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп жазды [7].
2006-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының білім беру
ұйымдарында тәрбие берудің Кешенді бағдарламасы тәрбие беру қызметіне
бағдар болды [8].
Қазақстан Республикасында білім мен тәрбие берудің негізгі мақсаты -
Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне
мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, нарықтың іргетасын қалап,
экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, Қазақстандық патриотизмді,жан-
жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Тәрбиенің мақсатынан төмендегідей міндеттер туындайды:
Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным -
адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты
туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас
ғылым негізінде дүниенің даму
заңдылықтарын танып білу.
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми
көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам
жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру
арқылы (абстракттілі, ой операцияларын талдау, синтез, салыстыру, жинақтау,
саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі
бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің
міндеттері:
гуманизм, адалдық, әділдік,
батылдық,
төзімділікті
қалыптастыру;
адамға
сүйіспеншілік,
құрмет,
қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне
байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге
тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек
түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
- бейнелеу
өнері
(кескіндеме,
графика,
мүсін)
көркемөнер
шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың
сезімдері
мен
талғамдарын
дамытып,
сұлулық
туралы
ұғымдарын
қалыптастыру;
- эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру;
- әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке,
Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке,
тәрбиелеу.
10
Достарыңызбен бөлісу: |