Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата04.03.2020
өлшемі3,58 Mb.
#59598
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ресурстық мектеп


Бірінші  саты. Істің дайындығы  және ұйымдастырылуы.  Бұл  сатыны

жүзеге  асыру  келесі әрекеттердің, педагогикалық процесс қатысушыларының

өзар әрекеттестігінің келесі бірізділігін жөн көреді.

1.

Бастапқы сұқбаттың өткізілуі.

Педагог балалармен «Не істеген дұрыс?»;  «Қашан?»; «Кім үшін?»; «Қайда

өткізу қажет?»; «Кім қатысады?» және т.б. сұрақтарды талқылайды.

Педагог оқушыларға қандайда болмасын бір іс тапсырады және оны өткізу,

ұйымдастыруға  деген  балалардың көз қарасын  анықтайды,  педагогикалық

әректтестік

қатысушылары  істің  өзі

үшін  сындарлылығын  және  оны

ұйымдастыру әдістері туралы ойланады.

2.

Шағын топтардың (шығармашылық топтардың) құрылуы

Сынып  (қала  сыртындағы  дайындық лагеріндегі  отряд)  саны  5-7  адамнан

тұратын шағын топтарға бөлінеді.

Шағын топтарға бөлу нұсқалары:

-

шеберліктері бойынша;



-

қалаулары бойынша (кім кіммен болуды қаласа);

-

қызығушылықтары бойынша;



-

жеребе бойынша (түрлі-түсті қағаз парақтарын кесу; геометриялық

кескіндерді кесу; бірнеше ашықхаттарды кесу және т.б.).

Шағын  топтың жетекшісі  анықталады.  Шағын  топтар  төмендегілерге

байланысты әртүрлі негіздемелер бойынша құрылады:

-

ҰШҚ мақсаты;



-

жас  ерекшеліктері;

-

ҰШҚ өзгешілігі.



3. Істі шағын топтарда талқылау.

31

Байланыс шеңбер бойымен (тізбек бойымен) ұйымдастырылады. Өз пікірін

айту  шағын  топтың  әр  мүшесіне  беріледі.  Байланысты ұйымдастыруға  шағын

топтың жетекшісі  басшылық етеді.  Алдағы  істің шағын  топ  мүшелерінің

мақсатына лайықтығы, ондағы шағын топтың рөлі талқыланады (талқылау өте

жылдам түрде, іс масштабына байланысты 10-15 мин., кейде 5-7 мин. өткізілуі

қажет).  Егер  топтар өз ұсыныстарын  алға қоймаса  (қаламаса,  білмесе),  онда

педагог топ ісін жандандырудың әр түрлі тәсілдерін қолданады, мысалы:

-

ойға салулар (біреуден сұраңыз, қандай да болмасын бір кітапты



қараңыз, бір нәрсені есіңізге түсіріңіз және т.б.);

-

топтың кейбір мүшелерімен «келісу»;



-

қызметті жариялау (балалармен істі орындаудың болжаулы жоспары

туралы сөйлесу);

-

эмоциялық көтермелеу (мадақтаулар, құптау, мақтау);



-

әртүрлі нұсқалардан таңдауды ұсыну;

-

педагогтың шағын топ ісіне тікелей қатысуы;



-

тосын сыйлар (шағын топтың ортақ ісиің бір бөлігін басқалардан

жасырын түрде орындауы);

-

кеңеспен көмектесу;



-

жауапты тапсырыс арқылы сенім білдіру (Тек қана сендер мұны өте

жақсы орындай аласыңдар);

-

көмек сұрау өтініші;



-

ұжым талабы;

-

сындарлы сын және т.б.



4.Бастапқы жиынның өткізілуі.

Бастапқы  жиынға  барлық шағын  топтар  жиналады.  Істің түрі,  мазмұны,

оны дайндау және өткізу әдістері талқыланады. Әр шағын топ істі өткізу және

ұйымдастыру  бойынша өз ұсынстарын ұсынады.  Жиынның табысы  көбінесе

жүргізушіге байланысты (ол педагог та, оқшылардың бірі де бола алады).

5. Іс кеңесінің құрылуы.

Іс  кеңесінің  құрамына шағын  топ  бір  адамнан  сайлайды  (бұл  шағын  топ

жетекшісі бола алады). Іс кеңесі іс сценарийін қалыптастырады, бұл сценарийді

жүзеге  асыру  бойынша  шағын  топтарға  тапсырмаларды  анықтайды.  Шағын

топтарға тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін, мысалы:

-

істі дайындау;



-

қонақтарды шақыру;

-

интерактивтік ойынның өткізілуі;



-

қандайда болмасын мазмұнның дайындалуы және ұсынылуы;

-

концерттік нөмірлердің дайындалуы және көрсетілу және т.б.



Іс  кеңесін  педагог  басқара  алады,  ол  байланыстырды,  шағын  топтар

өкілдері  арасындағы әрекеттестікті ұйымдастырады,  істі  талқылауды  түзетеді,

бірлестіруші  идеяларды  ортаға қояды,  іс  кеңесі қатысушылары үшін қызметте

табыс  жағдайын құрады.



6. Шағын топтардың тапсырманы орындауы.

Істің


сипатын 

және


ұйымдастырлу 

ерекшеліктеріне 

байланысты

тапсырманың орындалуы үшін  шағын  топтарға  15-20  минуттен  (мысалы, әр



32

түрлі ұрыс,  баспасөз ұрыстары  ойындарын,  найзағай-концертті,  түймедағы

бәйгесін  және  т.б. үшін)  бірнеше  күнге  дейін  (мысалы  сынып  кеші,  турнир,

саяхат  ойыны  және  т.б.)  уақыт  беріледі.  Шағын  топтар  іс  кеңесінен  алынған

тапсырманың орындалуын  талқылайды  және  оның орындалуы  бойынша  істі

ұйымдастырады.

Шағын  топта  тапсырмаларды  бөлу  бойынша  шешімді  оның барлық

мүшелері қабылдайды,  мұнымен  бірге  барлық    қатысушылардың мүдделері,

қажеттіліктері, жеке ерекшеліктері есепке алынады.

Екінші  саты. Істің жүргізілуі. ҰШҚ технологиясын  жүзеге  асыруда  іс

жүргізу сатысында кейбір аспектілерді есепке алу қажет.

Істі жүргізудің негізгі қағидалары болып мыналар табылады:

-

ой қызметінің ұйымдастырылуы;



-

мағыналы шығармашылықтың ұйымдастырылуы;

-

таңдау еркіндігі;



-

суырып салып айту;

-

табыс жағдайын құру;



-

интеракция және т.б.

Істің

жүргізілуі  шағын  топтардың,



іс-кеңесінің

барлық


дайындық

жұмысының қорытындысы болып табылады.

ҰШҚ мазмұны  оның мақсаттарына,  педагогикалық  өзара әрекеттестіктің

қатысушыларының

ерекшеліктеріне,

әлеуметтік-мәдениеттік  жағдайларға

сәйкес келеді.

Істің жүргізілуі кезінде оның көркем және музыкалық жарықтық безендіру

арқылы, кейбір салт жоралардың (іске қатысушылар бір-бірінің жүздерін көру

үшін  шеңбер  бойымен  тұрады, қолдарын  бір-бірінің иығына  салып,  ақырын

өздері үшін ән  салады. Ән  заңы:  білсең – қосыл,  білмесең – кедергі  жасама,

тыңда) жүзеге асырылуы арқылы қатысушыларының эмоциялық күйіне, тосын

сыйларға ерекше көңіл бөлінеді.

ҰШҚ өткізу кезінде ұйымдастырушылар мақсатты түрде қызметте суырып

салушылыққа, істі  аяқтауға, ойлап шығаруға, бір нәрсені табан астында тауып

алуға мүмкіндік болуы қарастырылады.

Іс жүргізу кезіндегі педагог қызметі әр түрлі бола алады:

-

істі басқарудың тікелей басшылығы;



-

әділқазылар жұмысына қатысу;

-

істің бір бөлігін жүргізу;



-

егер бір нәрсе болмай жатса, «құтқару командасының» рөлін орындау.

Педагог  және  оқушылардың  өзара

әрекеттестігінің

жалпы  бағыты

мынадай:  балардың шығармашылық  қызмет  тәжірибесі  неғұрлым  көп  болса,

соғұрлым  педагогтар  істі ұйымдастырушы  тұрғысынан  көңіл-күй, өзара

түсінушілік, интеракция, табыс жағдайын құруды реттеуге жақын болады.

Үшінші  кезең. Істің сараптамасы,  рефлексиясы.  Болып өткен өзара

әрекеттестіктің

сараптамасы, 

рефлексия 

істің 

әр

қатысушыға 



жеке

маңыздылығын анықтауға көмектеседі.



33

Істің  қорытындысын  шығару,  оның сараптамасы  және  рефлексиясы

алдымен  шағын  топтарда,  содан  соң  ұжымның жалпы  жиынында  жүзеге

асырылады.

Әр баланың іс сараптамасына және рефлексиясына кіргізу тәсілдері болып

мыналар табылады:

-

рефлексиялық шеңбер;



-

рефлексиялық нысана;

-

«шуға уақыт» (3-5 мин);



-

сұрақ-жауап қабырға газеті;

-

топтық пікірталас;



-

жаттығу;


-

аралдар;


-

тезисті аяқта;

-

тілектер тізбегі (бұл айлалардың сипаттамасын 8 тараудан қараңыз).



Талқылауға, ұжымдық сараптамаға арналған негізгі сұрақтар төмендегідей

болып табылады:

1. Сабақта не жақсы болды? Неліктен?

2. Не жүзеге асырыла алмады? Неліктен?

3. Болашақта нені ескеру қажет?

4. Істен саған, басқаларға пайда болды ма?

5. Топ шығармашылық, іскер болды ма?

6. Сен үшін басты жаңалық не болды?

7. Істе ең қатты ұнаған не болды?

8. Істі қалай бағалай аласың?

9. Өзіңе және басқаларға не тілегің келеді?

Болған әрекеттестіктің ұжымдық сараптамасы және рефлексиясы – бұл тек

қана ҰШҚ аяқталуы ғана  емес,  сонымен қатар  оның педагогикалық процеске

қатысушыларға ықпалының жалғасы, тереңдеуі болып табылады.

Сонымен  шағын  жинақты  мектептер  мен  тірек  мектебі  (ресурстық

орталық) жағдайында  тәрбие  жұмысын ұйымдастыру  барысында  жоғарыда

әдістемесі 

көрсетілген



Ұжымдық

шығармашылық 

қызмет 

(ҰШҚ)

технологиясын қолдану – оқушылардың  өз  ойын  еркін  айтып, әр  іске

жауапкершілікпен,  белсенді  араласуына,

өзін-өзі  дамытуына  мүмкіндік

туғызады.

Қазіргі  таңда Қазақстан  Республикасының мектептері  және балалар  мен

жасөспірімдер ұйымдары өздерінің іс-әрекеттерін «Атамекен», «Жұлдыз»

бағдарламаларын басшылыққа алып жүргізеді.

Жас ұрпаққа ұлттық

тәлім-тәрбие  беру  мәселесі  бойынша ғылыми-

теориялық тұрғыда  зерттеулер жүргізген ғалымдардың бірі Құрсабаев  М.Қ.

мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысын ұйымдастыруды  жүзеге  асыруда  «Атамекен»

ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасының моделін ұсынды [24].

Жалпыадамзаттық құндылықтар және ұлттық мәдениет негізінде (1-сызба).


34

1-сызба – «Атамекен»  бағдарламасы  арқылы  жүргізілетін  оқушылар

ұйымындағы тәрбие жұмысының моделі

«Атамекен»

бағдарламасын 

жүзеге

асыру 


жүйесi 

төмендегі

педагогикалық шарттарға негізделеді:

- мектепте  педагогикалық  қауым  мен  оқушылар ұйым  ордасы кеңесінің

бірлескен    бағдарламаны    жүзеге  асыратын

ғылыми-әдістемелік  орталығы

құрылады;

- бағдарлама 

бастауыш 

және 


жоғарғы 

сыныптағы 

оқушылар

ұйымдарында, белгiлеген педагогикалық талаптар негiзiнде жүргiзiледi;

- жұмыс барысында оқушылардың жас ерекшелiктерiескерiлуiтиiс;

- бағдарламаның  әр  бағыты  бойынша  тәрбие  сағаттарының жоспарлары

мен жинақтары жасалады;

- оқу жылының аяғында атқарылған жұмыстардың қорытындысы ретiнде

«Қазақстаным-атамекенім» 

атты 


танымдық-этнографиялық

ойын-сайыс

өткiзiледi;

- ұлттық


тәлiм-тәрбие 

жұмыстарын

ұйымдастыру 

барысында

әр

оқушының  ұлттық тәлімді  меңгеру  дәрежесін  айқындайтын  педагогикалық-



психологиялық диагностикасы жасалады;

- әр 


ай 

сайын 


сынып 

жетекшiлерi

сынып


ұжымындағы

микротоптаркөшбасшылары 

және 

оқушылардың



бiлік 

дағдылары

жөнiндесоциограммалық бақылау жүргiзiп отырады;


35

- тәрбие  жұмыстарын

ұйымдастыру  барысында

әр  баланың

оқу

үлгерiмiнiңдинамикасы  бақылауға  алынып,



оны  жақсартудың

шаралары


қарастырылады;

«Атамекен»

бағдарламасында 

балаларға 

арналған 

тәлім-тәрбие

жұмысының бірнеше бағыттары көрсетілген. Олар:

«Салт-дәстүр,



әдет-ғұрып»

қазақ


және

Қазақстандағы 

басқа

халықтардың ұлттық салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен танысу.



Этнографиялық жұмыс, фольклорлық материалды жөндеу.

«Шежіре»


-

қазақ


халқының

және


Қазақстанда 

мекендеген

халықтардың тарихын,  мәдениетін,  дәстүрін  зерттеу,тарихи  мәліметтерді

жинау, архитектуралықескерткіштерді есепке алу.

«Сөнбес  жұлдыздар»



-

қазақтың


және  басқа

ұлттардың  ұлы

ағартушыларының,

батырлардың,

ақындардық, 

ғалымдардың,

саяси

қайраткерлердің өмірін, қызметін және туған өлкенің тарихын зерттеу.



«Толғау»


-

балалар


қазақ

халқының  ұлттық

төл  мұралары,

фольклорлық-этнографиялық

музыка  аспаптары,  т.б.  мұралары  туралы

мағлұматтар іздестіреді.

«Наурыз» - халық мейрамдары, әдет-ғұрыптары,  халық ойындарымен



танысу.

«Орта» - балалар  табиғатты қорғаудағы  мәселелерге  байланысты



экологиялық жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады.

«Ардагер»



-

Ұлы  Отан  соғысы,  Ауған  соғысы,

ұлт-азаттық

қозғалыстарға қатысқан  жауынгерлер  туралы  деректер  жинап,  мұражай,

ескерткіш тақталар ашу.

«Достық»



-

әрбір  мектепте

ұлттық

мәдени  орталықтар  ашу,



шетелдердегібалалармен  достық байланысты  дамыту. Қазақстан

тарихына,

мәдениетіне  із қалдырған әртүрлі ұлт  адамдарының  өмірімен,  іс-әрекетімен

танысып, зерттеу.

«Алыстағы  бауырлар» - шет  елдерде  тұратын қазақтармен  және  басқа



ұлт  балаларымен  байланыс  жасау:  хат  жазысу,  кездесу,  тәжірибе  алмасу,

бірлесіпшаралар өткізу, т.б.

1991 жылы Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдер ұйымдары

үшін  Ақмола  облыстық балалар ұйымының авторлық  ұжымы  профессор

Е.Дмитриенконың басшылығымен «Жұлдыз» бағдарламасын жасады.

Бұл  бағдарлама  балалар  мен  жасөспірімдердің республикалық слетінде

қаралып, 1991 жылы мамыр айында қабылданды. Бұл құжатта былай делінген:

«Жұлдыз» бағдарламасы  сенің жарқын өмір  сүруіңе, қиындықтарды  жеңіп,

нағыз  достар  тауып,  бақытты  болуыңа  көмектеседі».  Ең бастысы - өз

жұлдызыңның биік  шыңына  шығу  тек өз қолыңда  екенін ұмытпа.  Ол үшін

өзіңе-өзің көмектес!

Бағдарламада  балалардың

жас  ерекшелігіне  байланысты  4  кезең

көрсетілген:

1. «Балапан» кезеңі – 5-8 жас.

2. «Балдырған» кезеңі – 9-11 жас.



36

3. «Жас ұлан» кезеңі – 12-14 жас.

4. «Мұрагер» кезеңі – 15-18 жас.

Осы  төрт  кезеңнің

негізінде

іс-әрекеттердің

нәтижелі  аяқталуына

«Жұлдыз» бағдарламасындағы 7 сәуле көмектеседі. Олар:

1. «Үйелмен сәулесі»– өзің шыққан ата-тегіңді тануға көмектеседі.

2. «Достар»  сәулесі – сенімді  дос  табуыңа, өзіңнің де  нағыз  дос  болуыңа

көмектеседі.

3. «Жер»  сәулесі – туған жеріңді,  Отаныңды  сүюге,  халқыңның адал

азаматы болуына көмектеседі.

4. «Білім  мен  іскерлік»  сәулесі – көп  біліп,  көп  нәрсені  танып, үйренуге

көмектеседі.

5. «Құштарлық» сәулесі – бос  уақытыңды қызықты,  пайдалы өткізуге

көмектеседі.

6. «Мамандық» сәулесі – өмірде өз  орныңды  табуға, өзіңді қызықтыратын

ісіңді табуға көмектеседі.

7. «Үндестік» сәулесі – әдемі, лайықты өмір сүруге көмектеседі.

Әрбір сәуледе төрт кезең қайталанып отырады.

Сонымен  «Атамекен»,  «Жұлдыз»  бағдарламаларының жасөспірімдердің

ойын,  дүниетаным қабілеттерін қалыптастыруда,  инабаттылық, имандылық

қасиеттерін тәрбиелеуде әсері мол.



37

Қорытынды

Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамның

саяси  және  рухани

өмірі  саласындағы  міндеттерді

қайта  жаңғыртуға

бағытталған 

идеялық-тәрбие 

мемлекеттің

стратегиялық

бағдарымен

анықталады.

Тәрбиенің негізгі  мақсаты - дені  сау, ұлттық сана-сезімі  оянған,  рухани

ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  парасатты,  ар-ождан  мол,  еңбекқор,  іскер,

бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу

Тәрбие  беруді  теориялық және әдіснамалық тұрғыда  зерттеген  отандық

және  шетелдік ғалымдардың  (Г.Н.  Волков,  Э.  Измайлов, Қ. Жарықбаев,  С.

Қалиев,  С. Ұзақбаева,  Ж.  Наурызбай,  К. Қожахметова,  Д.  Дүйсембінова,  Ш.

Құлманова,  Р.  Төлеубекова,  И.  Халитова,  Б.

Өтемұратова  және  т.б.)

оқушыларды  адамгершілікке,  халықтың мәдени  мұрасын,  дәстүрлерін,  жалпы

халық

педагогикасын,  этнопедагогиканы  пайдалану  арқылы  тәрбиелеу



мәселесіне арналған еңбектерінің маңызы зор.

Ұлттық тәрбие  берудің  қайнар  көзі – бұл  ауылдағы  шағын  жинақты

мектептер.  Мұндай  мектептердегі  тәрбие  жұмысын ұйымдастыру  барысында

нақты  мәселелер  мен әдістер қарастырылып,  мұғалім  ең алдымен қандай

адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек.

Тәрбие  процесінде  мұғалім,  мектеп,  отбасы  және қоғамдық  ұйымдардық

күш-қуатын үйлесімді  педагогикалық бірізділікке  бағыттау.Тұлға өзін өмірде

сирек  кездесетін  ерекше  феномен  деп

қарайды.  Бұл  принцип  мектеп

мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің

бірлігі  мен қызмет  етуін қажет  етеді.Бала  тәрбиесінде  отбасының рөлі  көп

жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты.

Ауылдағы  шағын  жинақты  мектеп  оқушысын  тірек  мектебі  (ресурстық

орталық) жағдайында  тәрбиелеу  педагогикалық процестің маңызды  бөлігі.

Шағын  жинақты  мектептердің ерекшеліктері  ескеріліп,  ондағы  оқушылардың

танымдық,

шығармашылық  қабілеттерін  жан-жақты  дамыту  бағытында

сабақтан тыс уақыттағы қызметін бақылау және ұйымдастыруды  тірек мектебі

(ресурстық орталық) базасында қарастыру талап етіледі.

Ауылдағы шағын жинақты мектептерді біріктіретін тірек мектебі (ресурстық

орталықта) оқу-тәрбиені  ізгілендіру  мақсатында әлемдік өркениеттің озық

үлгілерін ұлттық тәрбие  беру үрдісінде  пайдалану,  ата-ананың рөлін  күшейту

оқу-тәрбие  ісіне  жаңа  технологияларды  енгізу  негізгі өзекті  мәселелер  болып

отыр.Болашақ  ұрпақ тәрбиелеуде құнды  рухани  келбеті бар  ауылдағы  шағын

жинақты мектептерімен жұмыс істеу аса нәтижелі болары сөзсіз.


38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан  Республикасының Президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан  халқына  Жолдауы: «Қазақстан-2050»  Стратегиясы қалыптасқан

мемлекеттің жаңа саяси бағыты». - Астана, Ақорда, 2012.

2. Қазақстан  Республикасы үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие

тұжырымдамасы. Алматы, 2009ж.16 қараша № 521.

3. Қазақстан  Республикасының  2020 жылға  дейінгі  Стратегиялық даму

жоспары // Ақиқат - 2010. - №3.

4. Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.– Астана, 2010.

5. Жарықбаев Қ.,  Қалиев  С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы,  «Санат»,

1995. - 352 б.

6. Жұмабаев  М.  Көп  томдық шығармалар  жинағы. – Алматы,  «Жазушы»,

2005. - 232  б.

7.  Мәтжан  Мақсымұлы  Тілеужанов    "Қазақ тағылымы"    Алматы,  1994. -

250 б.


8.2006-2011  жылдар  аралығында Қазақстан  Республикасының білім  беру

ұйымдарында тәрбие берудің Кешенді бағдарламасы. - Алматы, 2006.

9. Қалиев С.Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі.-Алматы:

-Мектеп, 1987. - 53-80 б.

10.  Төлеубекова  Р.К.Қоғам  дамуының жаңа  кезеңіндегі  адамгершілік

тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізі.Алматы: - 2001. - 295 б.

11. Жұмабаев  М.  Көп  томдық шығармалар  жинағы.  Алматы:- Жазушы,

2005. - 232 б.

12. Нысанбаев Ә.Н.,  Жарықбаев Қ.Б., Әбеуова  И.Ә., Бапаева  М.Қ.

Қазақтың психологиялық ой –пікірлері.  Алматы:  «Баспалар үйі»,  2006. -

11,13 б.

13. Әбу  Насыр Әл-Фараби.  10  томдық шығармалар  жинағы.  4-том.

Әлеуметтік  философия.  Этика.  Эстетика. -Астана.  «Лотос-Астана»,  2007. -

296 б.


14. Құнанбаев  А.  Шығармаларының толық жинағы  (екі  томдық). -

Алматы, 2007.

15.  Сухомлинский  В.А.

Балаға  жүрек  жылуы.

Алматы,  1976,



32-33 беттер.

16.  Кульбаева  Б.С.  Бастауыш  сынып  оқушыларын    еңбексүйгіштікке

тәрбиелеудің этнопедагогикалық негіздері. – Алматы, 2010. - 240 б .

17.  Новикова  Л.И.  Воспитательная  система  малокомплектной  школы:

общее  и  особенное//  Развитие  воспитательной  системы  малокомплектной

сельской  школы:  Материалы  семинара,  провед.  26-27  августа,  1987г.  в  г.

Ярославль, - М: Б.и., 1988 – С. 1-5.

18.  Куралова  Н.И.  Малокомплектнаяшколаначала  80-х  годов  (социально-

педагогическое  описание  на  примере  школ  Ярославской  области)  //Развитие

воспитательной  системы  малокомплектной  сельской  школы:  Материалы

семинара, провед. 26-27 августа, 1987 г. в г. Ярославль, - М: Б.и., 1988 - С. 69.


39

19. 


Суворова 

Г.Ф. 


Совершенствование 

учебного 

процесса 

в

малокомплектной  начальной  школе - обучения  в  малокомплектной  школе:



Дис… канд. н., Алматы, 1994. – 201 с.

20. Адильгазинов  Г.З.  Подготовка  будущего  учителя  к  управлению

процессом обучения  в  малокомплектной  школе:  Дисс.  канд.  Алматы,  1994. –

201 с.


21. Тойбазарова  Н.Ә. Шағын  жинақты  мектепте  инновациялық  үрдістерді

ұйымдастыру // Шағын мектеп - Малокомплектная школа. - № 4-5, 2011.

22. Губашева С. Г., Отарбай А. Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі - Астана,

«Фолиант», 2007. - 244 с.

23. «Бірыңғай  білім  кеңістігінде  шағын  жинақты  мектептер  мен  тірек

мектептерді  (ресурстық орталықтарды)  дамыту»  республикалық тәжірибелік

оқу-семинар материалдары. / Оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік жолдары.

«Альянс» ресурстық орталығы іс-тәжірибесінен. – Қарағанды, 2013. – 116 б.

24. Құрсабаев М.Қ. «Атамекен» Ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-тәлімдік,

рухани-танымдық бағдарламасын  оқу-тәрбие  жұмыстарында  жүзеге  асыру

мәселелері. – Алматы, 1993, 120 б.


40

41

Қосымша

Сыныптан тыс өткізілетін тәрбиелік іс-шаралардың әдістемелік

сценарийлері

Мектептегі  тәрбие  жүйесінің  құрамды  бөлігі-сыныптан  тыс  жүргізілетін

жұмыстар  болып  есептеледі.  Оқушылардың пән  сабақтарында  меңгерген

білімдерін, үлгі өнегелерін  сыныптан  тыс  уақытта  жүргізіген  жұмыстарда

пайдалану қоғамдық еңбекпен    айналысуға  ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен

ықпалын  тигізеді.  Мектеп  тәжірибесінде  сыныптан  тыс  жұмыстар  екі  бағытта:

сыныптан тыс тәрбие жұмысы және сыныптан тыс жұмыстар деп жеке пәндер

бойынша жүргізіледі.

Сыныптан  тыс  жүргізілетін  тәрбие  жұмыстарының мақсаты – сабақ

үстінде  жүзеге  асырлатын  тәрбие міндеттерін  толықтыру  және  тереңдету,

олардың  қабілеттерін  неғұрлым  толық ашу, қоршаған  ортаға қызығушылығын

ояту, қоғамдық белсенділігін  шыңдау,  бос  уақытын ұйымдастыруды  көздейді.

Мұғалім  оқушыларды  сабақтан  тыс  уақытта қарым-қатынас  жасауға, әр  түрлі

жағдайда баланы зерттеп, ол туралы мәлімет жинауға мүмкіндік алады.

Педагогикалық энциклопедияда  «мектептегі  тәрбие  жұмысының барлығы

сабақтан  тыс  уақытта ұйымдастырылып,  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмысы»  деп

аталады.

Тәрбие  жұмыстары  оқушы  тұлғасын  тәрбие  субьектісіне  айналдырып,

педагогикалық

талаптарды  орынды  белсенді

қабылдап,

өзінің


сапалық

қасиеттерін  жетілдіру  мақсатын  көздейді.  Сынаптан  тыс ұйымдастырылатын

үйірмелер және тәрбие жұмыстарына балалардың өз бетімен жұмыс істеуге кең

мүмкіндіктер жасалады. Сыныптан тыс тәрбие  жұмыстарын ұйымдастырудың

бұқаралық сипатта  немесе  жаппай  оқушыларды қамту  тұрғысында  жүргізілуі

басты  ерекшелік  болуға  тиіс. Шағын  жинақты  мектепте сыныптан  тыс

өткізілетін  тәрбие  жұмысының жылдық жоспарын,  сабақты өткізу әдістемесін

(сценарийлерін) үлгі ретінде ұсынып отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет