Жаңа сөздер:
Бағытталған – направлено
Нығайту – укрепить
Жасөспірім – подросток
Ұғым – понятие
Салауатты өмір салты – здоровый образ жизни
Ауру – болезнь
Шылым – сигарета
Жұмыс түрлері:
Жаңа сөздерден сөйлем құраңдар.
Мәтінді оқып шығыңдар.
Мәтін бойынша «Қазымыр оқушы» ойынын ойнаңдар
Суретке қарап, «Салауатты өмір сүру үшін немен айналасу керек ?» деген тақырыпқа диалог құраңдар.
«Темекінің адам денсаулығына тигізетін зияны» деген тақырып бойынша өз ойларыңызды жеткізіңдер.
Мына сөздердің синонимдерін табыңдар.
Нығайту –
Ауру –
Шылым –
Өмір -
Ермахан Ыбрайымов
Ермахан – 2000 жылы Сидней қаласында өткен Олимпиядада алтын медальға ие болған атақты боксшы. Ол 1972 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рұсқұлов ауданында туған. Бокспен 13 жасында Тараз қаласында шұғылдана бастады. Алғашқы бапкері- Б. Қарсыбаев. Алматыдағы спорт интернатта Х. Дүсіповтің, Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінде ә. Нұрмахановтың жетекшілігімен жаттықты. 1996 жылы Атлантада (АҚШ) өткен ХХVI жазғы олимпиядалық ойындардың қола жүлдегері болды. 1999 ж жылы Азия құрлығының ең үздік боксшысы атанды. 2002 жылдан бері бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері. Сидней олимпиядасындағы жеңіс үшін бірінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
Жаңа сөздер:
Жетекшілігімен – под руководством
Қола – бронза
Құрлық – континет
Құрама – сборная
Еңбек сіңірген – заслуженный
Шұғылдану - заниматься.
Жұмыс түрлер:
Мәтінді оқып шығыңдар.
Ермахан Ыбрайымов туралы білгендеріңізді дәптерге жазыңдар.
Мәтін бойынша «Жарысты жалғастыр» ойынын ойнаңдар.
Мәтінге қарап, сөйлемдердің дұрыс- бұрысын тексеріңдер.
|
Дұрыс
|
Бұрыс
|
Ермахан Ыбрайымов Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
|
|
|
Ермахан Ыбрайымов бокспен 12 жасында Тараз қаласында шұғылдана бастады.
|
|
|
1996 жылы бірінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
|
|
|
Мына сөздердің синонимдерін табыңдар.
Шұғылдану –
Бапкер –
Атақты-
Достарыңызбен бөлісу: |