«Тірек сызба» оқыта үйрету ойыны



бет3/3
Дата08.07.2018
өлшемі0,85 Mb.
#48660
1   2   3
Қазақтың ұлттық ойындары.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты , шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты , байсалдылықты күш – құат молдығын, дененің құрыштай шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принципке негізделген. Қазақтың ұлттық ойындары тек ойын сауықтық жағынан ғана маңызды емес,- ол – спорт, ол - өнер, ол – шаруашылық, тәрбиелік маңызы бар тәрбие құралы.

Олардың спорттық сипатымен бірге үлкен тәрбиелік маңызы бар. Қазақтың ұлттық ойындарының кейбіреулері: «Ойлануды қажет ететін ойындарға» жатады. Мысалы, «Тоғыз құмалақ». Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең – жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді.

Ұлттық ойындар ата – бабамыздан бізген жеткен. Олар өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.

Жаңа сөздер

Өжеттілік – упорство

Табандылық – настойчивость

Байсалдылық – уровновешанность

Байланыстыратын – связывающее

Баға жетпес – неоценимый.



Жұмыс түрлері:


    1. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырыңдар

    2. Қазақтың бір ұлттық ойының сипаттап беріңдер.

    3. Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастырыңдар.

    4. «Мәтін бөлімдері » атты оқыта үйрету ойынын ойнаңдар.

    5. Суретте қандай қазақтың ұлттық ойыны бейнеленген?

    6. Ұлттық ойын тақырыбы бойынша төрт жол өлең жазыңдар.

    7. Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні мол деген тақырып бойынша өз пікір, дәлелдеріңізді жазыңдар.

Қазақтың ұлттық киімдері.
Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған.

Олар адамның дене мүшелеріне сәйкес баскиім, иықтық киім, белдік киім, аяқкиім деп жіктеледі. Пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне байланысты күнделікті, сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусым, аралық және жаздық киімдер болып бөлінеді.

Жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай: сәби киімі, бала киімі, боижеткен киімі, қалыңдық киімі , келіншек киімі, бәйбеше киімі деп түрлерге жіктелінеді.


Жаңа сөздер:

Бойжеткен – девушка

Сәби - младенец

Бәйбіше – старшая жена

Келіншек – невестка

Жіктеледі – делятся


Жұмыс түрлері:

  1. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңдар.

  2. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңдар.

  3. Мәтін бойынша «Мені түсін» ойынын ойнаңдар.

  4. Мәтін бойынша сұрақтар қойып, оларға жауап алыңдар.

  5. «Қазақтың ұлттық киімдері» деген тақырып бойынша жоба жұмысын дайындаңдар.

  6. Мына сөздердің омонимдерін тауып жазыңдар.

Аяқ –


Жас-

Қыстық -


Ара -



Қымыз
Қымыз - қазақ халқының сүйікті сусындарының бірі. Ол бие сүтінен жасалады. Қымыздың пайдасы өте зор.

Жылқы қазақтың кең даласында жайылады. Әр түрлі шөп жейді, сондықтан қымыздың емдік қасиеті де мол. Ол - әсіресе өкпе ауруына шалдыққан адамдарға пайдалы.

Қымыздың түрлері өте көп. Халқымыз жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз (мамыр), жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған.

Қымыз ыдысты да талғайды. Оны темір ыдысқа құюға болмайды. Қымыздың тек қана арнайы ыдыста ашытқан. Ол ыдыстар - торсық, саба, мес деп аталады. Қымызды ашыту – үлкен өнер.




Жаңа сөздер:

Талғайды – выбирает

Қасиеті - своиства

Өкпе – легкие

Сусын – напиток

Жайылады – пасется.



Жұмыс түрлері:

  1. Мына сызба бойынша сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Зат есім + етістік

Зат есім + сын есім

Сын есім + зат есім.


  1. Мәтінді оқып шығыңдар.

  2. Қымыздың пайдасы туралы әңгімелеңдер.

  3. Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңдар:

Қымыз қандай сусын?

Қымыздың қандай қасиеттері бар?

Қымыз ашытатын ыдыстарды атаңдар.

5. «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойынын ойнаңдар.

Мына сөздердің онтонимдерін табыңдар.

Пайдалы -



Зор –

Талғайды –




Тағамдар

Қазақ «ас – адамның арқауы», «Жаман ауруға – жақсы ас» деген сөздердің мағынасында астың маңызын дәл көрсеткен. Мал шаруашылығымен айналасқан көшпелі қазақтардың негізгі асы - сүт пен ет. Сиыр мен қойдың сүтінен кілегей, қаймақ, айран, сүзбе, құрт, ақ ірімшік, сары май басқа тағамдар жасайды. Биенің сүтінен қымыз, түйенің сүтінен шұбат ашытады. Қысқа соғым сойылады. Соғымның кесек еттері сүйегімен сүрленеді де, ұсақ еттерінен шұжық жасайдық.


Жаңа сөздер

Бие- кобыла

Негізгі – основной

Ірімшік – творг

Шаруашылық – хозяйство

Айналасқан – занимались


Жұмыс түрлері:

  1. Нан туралы білген мақал – мәтелдерді еске түсіріп жаз.

  2. Мына сызба бойынша сөз тіркестерін құрасытырыңдар.

Зат есім + етістік

Сын есім + зат есім

Зат есім + сын есім


  1. Мәтінге қарап, сөйлемдердің дұрыс – бұрыстығын тексеріңдер.






дұрыс

бұрыс

1

Қымыз түйе сүтінен жасалады.







2

Ешкі сүтінен кілегей, қаймақ, айран дайындайды.







3

Шұжықты ірі еттен жасайды.







4

Түйенің сүтінен шұбат ашытылады.










  1. Мәтін бойынша «Мені түсін» оқыта үйрету ойынның ойнаңдар.

  2. «Ас – адамның арқауы» дегенді қалай түсінесіңдер? өз ойларыңызды жеткізіңдер.


Пайдаланылған әдибиеттер:
1. Қазақ тілі оқулығы 7 сынып Алматы «Рауан» 1998 ж авторы Н. С. Ботантаевна

2.Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу - әдістемелік құрал

Қостанай «Центрально – Азиатское книжное издательство» 2007 ж авторы Қалиева Ж. С.

3. Қазақ тілі 8 сынып Алматы «Мектеп» 2009 ж авторы З. Агзамова, К. Шаймерденова.

4. Қазақ тілі 9 сынып Алматы «Мектеп» 2008 ж С. Жуманова, Д. Айталакова.

5. Қазақ тілі мен әдебиет журналдары

6. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 7 сынып Алматы «Атамұра» 2007 ж авторы Т. М. Артыкова.

7.Қазақ тілі әдістемелік нұсқау. Алматы «Жазушы» 2007 ж авторлары Ф. Ш. Оразбаева, Т. Т. Аяпова, Р. С. Рахметов, Ж. Нұрсұлтанқызы


8. Қазақ тілін оқыту әдістемесі Алматы «Мұрагер» 2005 жҚ. Қадашева.

9. Танымдық қазақ тілі Алматы «Мұрагер» 2005 ж Э. Оразалиева.

10. Интернет қорлар. Қазақтың ұлттық киімдері.

Мазмұны
1. Кірісе

2 .«Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны.

3 . Астана

4 . Интернеттің тілі

5. Электронды пошта



6. Компьютер мен ұялы телефон

7. Салауатты өмір салты

8. Ермахан Ыбрайымов

9. Қазақтың ұлттық ойындары.

10. Қазақтың ұлттық киімдері.

11. Қымыз



12. Тағамдар





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет