«Тірек сызба» оқыта үйрету ойыны



бет1/3
Дата08.07.2018
өлшемі0,85 Mb.
#48660
  1   2   3




Кіріспе
Қазақ тілі бойынша ұсынылып отырған тіл ұстарту мәтіндері оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамытуға ,дұрыс оқуға дағдыландыру мақсатын көздейді. Тіл ұстарту мәтіндеріне оқулықтағы жоқ мәтіндер алынып, сол мәтіндерге түрлі тапсырмалар құрастырылды..

Мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушылардың білік, дағдыларын қалыптастыру мақсатына орай жұмыс түрлері де түрленіп отырады. Тапсырмалар оқушылардың сабақта,сабақтан тыс кезде жұмыс істеуіне, тіл дамыту, жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жұмыс түрлері: сызба бойынша сөз тіркестерін құрастыру, сөздердің омоним, синоним, антонимдерін табу, сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастыру, сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығын тексеру, мәтін бойынша өз ойларын жеткізу,мәтін бойынша оқыта – үйрету ойындарын ойнату.

Бұл – мәтін мазмұнын терең меңгеріп қана қоймай, кейбір сөздер мен сөз тіркестерін еркін қайта қолдануға көмектеседі.Тапсырмаларды орындай отырып, оқушы мәтінге бірнеше рет қайта оралады. Тапсырма түрлерін оқушы мұғалімнің басшылығымен және өз бетінше де орындай алады.

Әрбір мәтін оқушының өз пікірін, ойын айтуды көздейтін жазба жұмыстарын жүргізумен аяқталады.



«Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны

Оқушылар мәтінді түсініп оқиды.

4 топқа бөлінеді:

1- топ – «Кіріспе»

2- топ «Негізгі ой»

3- топ «Қорытынды»

4- топ «Толықтыру»

Дайындыққа 10 минут беріледі.

Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен басталады. «Толықтыру»тобы әрбір топтан кейін сөз ала алады. Ойыннан соң мәтінді бір қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстырады. Мұғалім қай топтың дәлірек айтқанын анықтайды.

«Тірек сызба» оқыта үйрету ойыны.
Ойын екі кезеңнен тұрады.

1 кезең. Оқушылар топтарға бөлініп, мәтінді түсініп оқып, мәтінге сызба дайындайды.(Дайындыққа 15 минут уақыт беріледі.)

2 кезең. Әр топ өзі дайындаған тірек сызбасын қорғайды. Тірек сызбаға қойылатын критерийлер ( тақтаға сызып қойылады)


топ

мазмұндылығы

(10 ұпай)

шығармашылығы

(10 ұпай)

эстетикалық

жағы (5 ұпай)

қорғау

(7 ұпай)

қорытынды (барлық ұпай саны қорытындыланады)

А
















Ә
















Б

















«Қазымыр оқушы» оқыта үйрету ойыны.

Ойын үш бөлімнен тұрады.

1 бөлім. Оқушылар мәтінді оқып шығады. Сонан соң сұрақтар қояды. Кім көп сұрақ құраса, сол жеңіске жетеді.

2 бөлім. Оқушылар кезегімен басқаларына сұрақтар қояды, ал олар қысқа жауап қайтарады. Жауап берушіні мұғалім көрсетеді.

3 бөлім. Оқушылар мәтін бойынша сызба құрастырады. Ойынның аяғында мұғалім «Қазымыр оқушыны» анықтайды.


«Шеңбер бойымен әңгімелеу» оқыта үйрету ойыны.
Мұғалім мәтінді оқытып алып, оқушыларды шеңбер бойымен отырғызады.


  1. Ортада тұрған жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.

  2. Тағы да мәтін оқылады. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстайды, әңгімені толықтырады. Сағат тілінің бағытымен қайта басталады.


«Жарысты жалғастыр» оқыта үйрету ойыны.

  1. Мұғалім сыныпты үш командаға бөледі.

  2. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға уақыт береді. (7 минут)

  3. Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр командаға береді. Оқушылар мәтіннің мазмұның параққа жазады. (5 минут)

  4. Ойынның қорытындысын шығару. Қай команда неғұрлым толық мазмұнын бергенін мұғалім анықтайды.

«Мені түсін» оқыта үйрету ойыны.
Оқушылар мәтінді оқып, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады.

Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарандаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 15 шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарын жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады. Жеңген оқушы мәтіннің мазмұнын айтып береді.

«Көңілділер мен тапқырлар» оқыта үйрету ойыны.
Сынып төрт оқушыдан топтарға бөлінеді.
1 кезең. Жаңа сөздерге сүйене отырып, оқушылар мәтінді түсініп оқиды.
2 кезең. Мәтінді әр түрлі әдіспен конспектілейді. Дәптер үш бағанаға бөлінеді.
1 – бағана түйінді сөздер

2- бағана негізгі ойлар

3- бағана түсініктемесі (немесе тірек белгілермен, бағыттаушылармен, қарапайым суреттермен берілген түсінігі ) беріледі.
2 кезең. Жасалған конспектілерге сүйене отырып,мазмұның айту.





Астана

Астана Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан. Астана - өсіп келе жатқан қала. Қазір Астана - Қазақстан Республикасының солтүстік Астанасы. Қалалада қырық шақты орта мектептер, училищелер, дәрігерлік институт және аграрлық университет, Гумелев атындағы Еуразиялық университет, Горький және Сейфуллин атындағы үлкен кітапханалар, қазақ және орыс драма театрлары, мәдиниет сарайлары, Сейфуллин атындағы өлкетанц және өнер мұражайлары бар. Астананы Қазақстанның басқа қалаларымен және шет елдермен қатыстыратын темір, әуе жолдары бар.


Жаңа сөздер:

Шақты – около

Атындағы – имени

Мұражай – музей

Басқа – другие

Шет – заграница


Жұмыс түрлері:


  1. Мәтінді оқып, шығыңдар.

  2. Мәтін бойынша «Даналық ағашы» ойнын ойнаңдар.

  3. Астана тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңдар.

  4. « Астана Қазақстан Республикасының -бас қаласы» деген тақырып бойынша әңгіме жазыңдар.

5. «Астана - бас қала» деген тақырып бойынша жоба жұмысын дайындаңдар.




Интернеттің тілі
Интернеттегі ең қауіпті нәрсе – тілдік кедергі. Бізде интернетті пайдаланғысы келген адам ағылшынша немесе орысша білу керек. Ағылшын тілін қолданылатын елдер интернетті жақсы пайдалана алады, ал неміс, француз, орыс тілдеріндегі беттердің саны одан аздау. Қазақстанда ашылатын WEB – беттердің саны аз. Дегенмен, мемелекеттік тілді дамыту үшін соңғы жылдары интернетте қазақша беттер ашылып жатыр. Парламенттің осындай беттері үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша.

Мемлекеттік тілге арналған қазақша сайт ашылды. Компьютерінде қазақша әріптері барлар ғана осындай бетттерді аша алады. Қазіргі оқушылар, болашақ әр түрлі мамандық иесі осы интернет тілін білуге тиіспіз. 21 –ші ғасыр адамы көп тіл білуге тиісті, соның бірі осы интернет тілі.



Жаңа сөздер:

Дамыту – развивать

Тиіспіз – должны

Аздау – мало

Қолдану – использовать

Болашақ – будущее



Жұмыс түрлері:

  1. Жаңа сөздерден мына сызба бойынша сөз тіркестерін құрастырыңдар

Зат есім + етістік

Зат есім + Зат есім

Етістік + етістік

Зат есім + сын есім



  1. Мәтінді оқып шығыңдар

  2. Интернеттің мүмкіндігі туралы досыңмен сөйлес.

  3. Мәтін бойынша «Мәтін бөлімдері» деген ойынын ойнаңдар.





Электронды пошта

Бұл жер шарының кез – келген бұрышына хабар жіберудің ең сенімді жолы. Хабар дегеніміз тек жай мәтін ғана емес, сондай – ақ , сурет немесе жазылған файл болуы мүмкін. Хатты немесе хабарды алу үшін алдымен өзің сондай поштаға қосылған болуың керек. Ал хабар жіберу үшін оны алушының электронды мекен – жайын білу керек. Менің жеке электронды мекен – жайым бар, сондықтан көптеген достарыммен осы электронды пошта арқылы хабарласа аламын, бұл заман талабына сай деп есептеймін.



Жаңа сөздер:

Хабар – новость, весть

Жіберу – отправить

Алушы – получатель

Арқылы – с помощью

Талап – требование



Есептеймін - считаю

Жұмыс түрлері:

  1. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңда.

  2. Мәтінді оқып шығып, өз түсініктеріңізді айтыңдар.

  3. Мәтін бойынша «Тірек – сызба» ойынын ойнаңдар.

  4. Электронды поштаны қалай жіберу керектігі туралы досыңмен сөйлес.




Компьютер мен ұялы телефон
Компьютер мен ұялы телефон күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған қазіргі уақытта олардың пайдасымен қоса зияны да шаш етектен екенін естен шығармаған жөн. Десек те, күнделікті қажеттілікті өтеу үшін техниканың бұл түрлерінен біржолата қол үзіп қалуға болмайды.

Ғалымдар уақытының көп мөлшерін компьютер алдында өткізетін адамдардың басқа адамдарға қарағанда онкологиялық ауруларға ұшырау қаупінің басымдау екенін айтып отыр. Сонымен қатар, қазіргі қала көшелеріндегі қаптаған компьютерлік клубтардағы ойындар адамды лейкоз дертіне шалдықтыратынын дәлелдеген.

Ұялы телефондарға жүргізген зерттеулері бойынша мынандай тоқтамға келген: әр аптада күніне 10 минуттай уақыт ұялы телефонды пайдалану – адам ағзасын функционалдық өзгерістерге ұшыратады екен. Яғни небәрі 10 минуттық тілдесуден кейін ағзаңыздың өз қалпына қайта келуі үшін 8 сағат керек. Тәжірибе кезінде 8 жыл бойы күнделікті ұялы телефонды пайдаланған адамды медициналық тексеруден өткізгенде, оның ағзасының паталогиялық жағынан едәір өзгерістерге ұшырағаны анықталған.
Жаңа сөздер

Ұялы телефон – сотовый телефон

Ағза – организм

Зерттеулер – исследование

Дерт – болезнь

Қажеттілік – необходимость

Дәлелденген – доказано
Жұмыс түрлері:


    1. Жаңа сөздерді пайдалана отырып, мәтіннің мазмұның орыс тіліне аударыңдар.

    2. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

3. « Компьютер мен ұялы телефонның пайдасы мен зияны» деген тақырып бойынша өз ойларыңызды жеткізіңдер.

«Компьютердің зияны, телефонның қажеттігі» деген тақырып бойынша шағын шығарма жазыңдар.




Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты - бұл, ең бірінші, адамның денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған адамның әрекеті.

Салауатты өмір салты аурудың алдын алу және денсаулықты нығайтудың негізі болып табылады. Салауатты өмір сүру үшін әрбір жасөспірім дене шынықтырумен айналасуы қажет. Шылым шекпеу, уақытында тамақ ішу, әдепті болу, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасау – осының бәрі салауатты өмір деген ұғымға жатады. Әрбір адамның міндеті - өзінің денсаулығына кәңіл бөліп, оны нығайту.

1997 жылы Елбасының республика халқына арналған «Қазақстан - 2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету және тыныштығын сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет